309
5. БАТЫС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӨРКЕНИЕТТЕРІ КЕҢ
МӘТІНІНДЕГІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
5.1. Қазақ мәдениеті Шығыс пен Батыстың тоғысында
Батыс пен Шығыс әлемі – түйткіл ғаламның екі жартысынан
тұратын тұтас бір әлем. Ғаламның екі жартысын бөліп тұрған өркениет
құндылықтары тұтастанып, жаһандануда. Өркениеттер сұхбаты – ортақ
рухани құндылықтардың бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде әр ұлт
пен этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің даралығын,
келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға ұмтылған саясаттың сахнада өз
рөлін ойнауы заңдылық. Алып жаһандасу көшінде ұлттық келбеті мен
кемелін сақтауға, әспеттеуге, әйгілеуге, аманат етуге ұмтылған
өркениеттер өрісінің жаңа лебі, жаңа екпіні әлеуеттенуде.
Өркениетті әлеміміздің тарихы дамуда. Дегенмен сол даму
үдресінде тепе-теңдіктен гөрі, не басым, не кем түсіп жатқан
бағыттардың алмағайып түсуі заманының шындығына айналуда. Бұл
бағыттардың бір сарасы Шығыстың Батысқа, ал келесі сарасы Батыстың
Шығысқа иегін бұруы басым келуі куә. Бұл заңды да құбылыс. Бірақ
бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы бар және
болатын үдеріс. Әрине, шығыстық және батыстық, керісінше батыстық
және шығыстық өркениет өзара ықпалдасып, бірін-бірі өркендетуінің өзі
осы жаһандық ғаламды ортақтандыра түссе керек. Өйткені бұлай
деуімізге, зерттеушілердің пайымдауынша, «Адамзаттың тұрақтылығы
екі түрлі бастаулардың – Шығыс пен Батыстың бірін бірі
толықтырылуына негізделеді», – деуі себеп [196, 56 б.].
Батыс пен Шығысты мәдени екі тұма ретінде қарастыра отырып,
зерттеуші қауым ортақ бір қағидаға тоқталады. Ол Батыс пен
Шығыстың адамзат мәдениетінің екі тармағы, екі өркениеті, екі түрлі
өмір сүру ұстанымы екендігі. Шын мәнінде, олар бір-бірінен рухани да,
материалдық да құндылықтарымен ерекшеленіп, алшақтағанымен осы
екі әлемді тұтас бір өркениет ретінде қарастыруға болады. Тарихқа
үңілсек. Жаңаға ұмтылған, ескіні қызметі кәдеге жарап болған дүние
ретінде қарастырған Батыс өте қарқынды дамыса, ал әлемнің дамуын
бақылаушы ретінде қарастырған, табиғат пен бүткіл табиғи әлемді
қадірлеген әрі өмірдің даму мәнінен үйлесімділік іздеген Шығыс асыға
қоймады. Сонымен, Батыс пен Шығыстың мәдени әлемін ерекшелейтін,
оларды бір-бірінен ерекшелейтін нендей өзгешеліктер бар. Олардың
мәдени, өркениеттік дамуы, әлеуметтік-экономикалық құрылымы, саяси
өмірінің қалыптасуы, рухани жаңғыруы жолындағы басты ерекшеліктер
қандай?
310
Еуропалық Батыс адамы Шығыс адамының қолынан келмейтін
өнерге (машина жасау, техникалық табыстар т.б.) баулыдым деп санап
келді. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Дегенмен қалыптасып қалған
қағидатты Шығыс өркениетінің жаңа келбеті мүлдем өзгертті деуге
болады. Мәселен, Жапония. Күн Шығыс елі тұрақты экономикасы мен
саяси құрылымен әлемнің ең жетекші елдерінің біріне айналды. Және де
ғылым, техника, электроника, тіпті басқа мәдени құндылықтарға
негізделмеген өзіндік рухани дамуы ең прогрессивті елдер санатына
қосты. Ал аспан асты елі – Қытай бүгінде әлемдік нарықта ең байсалды
ұстанымға, орасан әлеуетке ие болып отырғанын ең қуатты держава
саналып келген Американың өзі мойынсұнып отыр. Қытай ХХІ ғасырда
тек экономикалық дамуымен ғана емес, сондай-ақ саяси дамуымен де
ерекшеленуде. Ғасырлар бойғы қатталып, сақталып, бүгінгі ұрпаққа
жақсы мен жаманның бастауы іспеттес ин мен яннің мәңгілік
философиясынан
үйлесімдік
іздеген
рухани
құндылықтардың
өркендеуімен ерекшеленуде [197, 29 б.].
Батыс пен Шығыстың арасындағы айырмашылық писхологиялық
тұрғыдан, екі өркениеттің менталитеті тұрғысынан алғанда байқалатыны
рас. Еуропалық пен күншығыстық философиясы түрліше. Бұған
олардың табиғат пен қоршаған ортаға деген көзқарасы мен қарым-
қатынасы куә. Оған еуропалықтың табиғат «ғибадат тұтушы емес
шеберхана» ретінде таныса, ал шығыстық тұлға табиғатты өзімен бірге
«тұтас әлем» ретінде қарастырады. Дегенмен осы екі өркениет, екі
мәдениет арасындағы айырмашылықтар жігі анық бола тұра олардың
қайсысы үздік деген сұраққа жауап іздестіру артық болар еді. Өйткені
екі өркениет жер шарының екі жартысы сияқты, полярлық әлемнің
өзіндей бірін-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес тұтастық әлемі.
Осы күнге дейін айтып келген Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-
қайшылықтар мен бәсекелестік қазіргі жаһандану әлемінде тұтастанып,
үйлесімдік пен бірлікте дамуы белең алуда. Сондықтан бүгінгі адамзатқа
ортақ әлемді Батыстың да, Шығыстың да парасатты, дарынды, өнерлі
тұлғалары өркениетті дүниеге айналдыруда.
Шығыс
өркениеті өмірге қабілетті келді. Ол көптеген
шапқыншылықтар мен отарлау саясатын бастан өткерді. Шығыс
өркениеті икемділігі мен өміршеңдігін арқасында осынау өзгерістерден
өз жолын таба білді. Дегенмен өзіне ұқсас келмеген дүниелерді өңдеген
жаңа бағдарлама жолындағы, техника жағынан дамыған Еуропа
өркениетінен Шығыс та қалыса қоймаған болатын.
Осынау түрлі мәдениеттер тоғысындағы өркениет әлемі бір-бірін
толықтыра отырып, жалпы әлемдік мәдениетті құрады. Мұнда Шығыс
пен Батысты біріктіретін түрлі құндылықтар мен ділдердің үйлесімі
қашан да салтанат құрмақ.
311
Қазіргі заманғы жаһандану өріс алған тұста жер шары түрлі
элементтерден құралатын тұтас жүйеге айналуда. Осы орайда
«Ғаламдық Шығыс және Батыс тарихы мына элементтердің негізін
қалаушы дуализмге: Жер мен Су, Құрлық пен Теңізге толықтай
тәуелді», – дейді Карл Шмидт. Осынау жаһандану үдерісінде
болашақтың дамуы мен таяу болашағы туралы мәселелер маңызды.
Батыс адамының, батыстық өнердің рухани тоқырауы жалпыға мәлім
болуда. Кейбір зерттеушілер Батыс мәдениеті мен өнеріне негіз
боларлық қағидаларды қарастыру мәселесін атауда. Сонымен қатар
қазіргі заманғы Батыс өнерін қазіргі заманғы Шығыстың рухани
мұрасымен салыстыру қажеттігі де туындауда.
Әлемнің тұтастануы жайлы қағидалар бүгінде мәдениетаралық
үндесулер мен жаллпыадамзаттық төзімділік ұғымдарын дүниеге әкелді.
Жаһандану жағдайында мәдениетаралық үндесу елдер арасындағы
қарым-қатынасты орнатуға, жалпыадамзаттың бір-бірін түсінуде «біз»
ұғымын түйсінуге ықпал етуші әлеуметтік мәдени фактор ретінде
қарастырылуда. Жаһандық ойлаудың негізіне пікірлер мен идеялар
алаңының, ұстанымдар мен әлемге деген көзқарастың үндесуі жатады.
Нақ осы үндесулер түрлі мәдениеттер мен олардың арасындағы
диалогтың түйсіу нүктесі саналды. Бүгінгі әлемді бірі-біріне тәуелді
экономикалық, технологиялық, ақпараттық байланыс арналары ұстап
тұрғаны мәлім. Бірақ бұл байланыс арналарында өркениеттің қас жауы –
қақтығыстар мен соғыстың орын алуы өте қатерлі үндеу болып отыр. С.
Хантингтонның айтуынша, бүгінгі өркениет өзінің тарихы, тілі, діні,
мәдениеті, дәстүрлерімен бір-бірімен ерекшеленеді, ерекшеліктер
«Батыс» және «Шығыс» терминімен айқындалды. Батысқа
рационализм, христиан дәстүрі, ағартушылық, демократия, дербестік
тән болса, Шығыс үшін, керісінше, мистерия, сезімталдық, исламдық
және буддистік (басқа да) діни ұстанымдар, дәстүршілдік,
ұжымшылдық, қауымдастық, мемлекеттіктің ерекше түрі тән келді.
Батыс пен Шығысты нақты бір елге таңбалау қажетсіз. Бұл
географиялық ұғым саналады. Ал мәдениет даму барысында Батыстың
да, Шығыстың да белгілерін өзіне сіңіруі мүмкін.
Диалогқа тән ерекшеліктерге мағыналық және әлеуметтік тұтастық
тән. Диалог ерекшелігі де тілдесу барысында екі тараптың да аралық
дәрежеде тепе-тең түсуі. Керісінше болған жағдайда асимметрия
белгілері басым келіп, диалог монологқа ұласуы мүмкін. Сондықтан да
диалог – пайда болған тұтастық бөліктерінің тепе-теңдіктерін
мойындау. Тек
диалог
қана
адамзат қарым-қатынастарының
симметриялылығы мен тепе-теңдігін таразылаушы.
Диалог философиясын қазіргі заманғы батыстық мәдениеттің
дағдарыстық ахуалының бастауын монолог ұстанымынан, яғни
«центризмнен» деп санайды. 1922 жылы М. Бубердің жарық көрген
312
кітабында Батыс дағдарысын «Мен және Сен» қарым-қатынасының
жойылуынан деп санайды [198, 24-25 бб.]. Сонымен «монологқа»
негізделген мәдениет – «орталықтандырылған мәдениет» саналады.
Яғни диалогқа қатысушылардың бір тарабы келесі тарапқа үстемдігін
танытады да, екінші тарап бірінші тарапты қайталайтын егізіне
айналады. «Батыс-Шығыс» диалогына келсек, қазір жағдай өзгеруде.
Мәселен, ХІХ ғасырда вестерн үдерісі теңдесе келе еуропалық
(батыстық) үлгі жалпыға ортақ танулы тиіс деп саналған-ды. Дегенмен
батыс мәдениетін игеру үдерісі өзінің жемісін бере бастады. Мәселен,
Ресейде
алдымен
әдебиетте,
атап
айтқанда
Тургенев
шығармашылығында романның еуропалық үлгісі жақсы меңгерілді.
Французға жақын құндылықтар дүниеге келді. Осы кезде Толстой мен
Достоевский осынау француздық талғамды бұзып-жарып, жаңа түрге
түрен салды. Еуропалық әлемге орыс сезімін енгізе білді. Еуропаны
орыстың ашықтығымен таңырқатты. Үндістан мен Жапония да өзіндік
сүрлеуді таңдаған болатын. Шын мәнінде, еуропалық ағарушылар,
үнділік ойшылдар саналатын Вивеканада мен Ауробиндолар Батыстағы
үнді мәдениетінің келбетін танытқан болатын. Нақ еуропалық білімдар
жапондықтар еуропалықтар мен американдықтарға өздерінің дзен-
буддизмге жан-дүниесімен берілгендігін әйгілей алды [199, 22 б.].
Қырғи-қабақ шымылдығы түрілмей тұрған кезеңде диалог тек қана
қарама-қарсы тараптың кемістігін айту мен сынаудан аса алмаған
болатын. Жаһандық қарама-қарсы екі жүйе – коммунизм мен
антикоммунизм өркениеттік бастаулардың түбегейлі әркелкілігін және
де жөнге келмейтін антиномиялығын дәлелдеп баққан болатын. Шын
мәнінде, зерттеушілердің бар назары Батыс пен Шығыс дәстүрлерінің
өзгешеліктері мен бір-біріне ұйласпайтын сипатын сараптауға
бағытталған еді. Мұнда диалог кері байланысқа түсе алмайтын жабық
жүйе ретінде қарастырылды. Жаңа ынтымақтастықты қажет етуде.
Бірлесіп даму мен өзара қауіпсіздік жолындағы ынтымақтастық
жандануда. Қазіргі әлемде бірде бір өркениет өзінің мәдение
ерекшеліктеріне қарамастан жаһандық экономикалық та саяси да
модернизация үдерісінен тысқары қалмақ емес. Мысал ретінде осынау
өзара бір-біріне тәуелділік әлемінде Батыс елдері Шығыстық
пробемалардан тысқары өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін
емес. Батыс экономикалық, саяси және мәдени стандарттарының
жаһандық экспанциясы, батыстық мәдениет үлгілерінің шығыс
аймақтарына жасанды таңылуы Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-
қайшылықты ушықтыра түспек. «Мәдениет диалогы» ұғымы «Мәдениет
өнімдерімен алмасу» баламасына алмасып, барлық құндылықтар
жойылып,
барлық
құндылықтар
мен
мәдениеттерді
тауарға
айналдырады.
313
Батыстық-шығыстық диалог таяу 10-15 жылда қандай болады
деген сауалдар, әрине, көптеген зерттеушілер мен саясаткерлерді,
мәдениет пен өнер, дін қайраткерлерін толғандыратыны заңды.
Болашақты болжау қиын. Бүгінгі ықпалды идеялар ертең-ақ өзінің
күшін жоюы мүмкін. Керісінше, бүгінде тек қана атауы бар идеялар,
ертесіне ақыл мен ойдың шыңына өрлеуі мүмкін. Дегенмен екі әлем –
Батыс-Шығыс арасындағы диалог қашан да жалпыадамзаттың
ынтымақтастығы мен бірлігіне негізделуі, басты ұстанымына айналуы,
болашаққа болжар аспашамындай болуы тиіс. Бұл мыңдаған
ғасырлардан
мұрамен
жеткен
кешегі
өркениеттің,
ғаламат
жылдамдықпан дамып бара жатқан жаһанданудың жемісі саналатын
бүгінгі өркениеттің және де болашақ ұрпаққа аманат етерлік ертеңгі
өркениет талаптары.
ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Батыс Еуропа елдерінде буржуазия ұлттық
мемлекет құру ұранын көтерді. Және осы ұранның арқасында Еуропада
ұлттық мемлекеттер пайда болды да. Бұл ұлттық мемлекеттер ұлттың
өзін-өзі сақтау құралы ретінде дүниеге келді. Бірақ, халықаралық құқық
жүйесі ұлттардың егемендігін бекіткенімен, мемлекет ұлттың өзін-өзі
сақтау, даму құралы болғанымен нақты өмірде бұлай болмады. Мұндағы
бір парадокс ұлттық мемлекеттер дәуірінде мемлекеттердің көбі түрлі
ұлыстардан, этностардан құралды. Барлық мемлекеттер осы ретте осы
ұлыстардың әсіре ұлтшылдыққа ұрындырмауға, сөйтіп, мемлекеттің
тұтастығын бұзып алмауға ұмтылды. Ғылыми теориясына жүгінсек
ұлтшылдық дегеніміз бір мемлекетте тұратын екі немесе одан да көп
этностардың біреуі немесе барлығы бірдей өз ұлтының тілін мемлекеттік
тілге айналдыруды, билік органдарын өз өкілдерінің басқаруын,
мемлекеттің өзінікі болуын қалайды, сол үшін саяси тәсілдермен
күреседі. Ұлтшылдық кейбір тарихи кезеңдерде, бірде тұрғын халық
отарлаушылардың кетуін талап етіп, бірде екі ұлыс мемлекеттегі
билікке, саяси ықпалға таласып ел тұтастығына, ішкі тұрақтылық пен
дамуға қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай ұлтшылдықтың тамырына
Еуропада ертерек балта шабылды. Яғни, өндірістік-индустриалдық
мәдениет қалыптасып, этникалық мәдениеттерді ығыстырып шығарды.
Сондықтан, Еуропалықтар этникалық тұтастықтан гөрі, мемлекеттік
тұтастық, саяси бірлікті «ұлт» деп таныды. Батыс Еуропаның қоғамдық
ғылымында да бірнеше этнос бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүретін
болса, ол мемлекеттің жұртшылығы біртұтас ұлт болып есептелді.
Ал, Шығыс елдерінің тарихы, мәдениеті, индустриясының даму
деңгейі Еуропа мемлекеттерінің тарихынан, даму дәрежесінен,
өркениетінен, діни түсінігінен бөлек еді. Бұл елдердің мәдениеті де,
ондағы ұлттардың қалыптасу тарихы да басқаша өрбіді. Сондықтан, ұлт
пен мемлекеттің жігін ашып, ұлттық мемлекет деген ұғымды толық
түсіну үшін біз ұлт, этнос жайындағы ғылыми теорияларды шолып
314
шығуға тиіспіз. «Жаһандану жағдайында көпұлтты Отанымызда
қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ұлттық саясатта қандай
мақсаттарды таңдауға тиіспіз? Қазақстан халықтарын біріктіру үшін
қандай құндылықтарды насихаттау керек? Бізге бір ұлт болып ұйысу
мүмкін бе?», – деген сұрақтарға жауап беру үшін осы «ұлт» ұғымының
ғылыми тұжырымдамаларын сүзіп шығуға міндеттіміз. Батыс
ғалымдарының түсінігі бойынша және Батыс Еуропаның бүгінгі өмірінің
ерекшеліктеріне қарағанда ұлт дегеніміз – дамыған қоғамдағы этностың
жетілген түрі. Ұлт дегеніміз – феодалдық ыдыраңқылық жойылып,
капитализм орнаған кезде, яғни шаруашылық және басқа да
экономикалық-кәсіби қатынастар күшейген кезде, жаппай сауаттылық
тарап, бір тілде әдебиет жазылып, білім беру мен өндірістік қатынастар
бір тілде жүргізілгенде, сол тіл арқылы ұлттық сана-сезім пайда
болғанда қалыптасатын тұтастық. Бұл анықтама Шығыс елдеріндегі
ұлт анықтамасына сәйкес келмегенімен, Еуропа елдерінің тарихына
сәйкес, дұрыс анықтама.
Шындығында Батыс Еуропа ұлттары капитализмнің арқасында
қалыптасты. Капитализм жеке меншік пен саудаға негізделген құбылыс,
сондықтан ол демократия шеңберінде ғана дамиды. Ал, демократиялық
мемлекет бейбіт өмір сүре алатын, біртұтас халықтың мемлекетінде ғана
орнығады. Батыс Еуропада жеке меншік сезімі, нарықтық қатынастар
ерте бастан бекіді. Мұнда әр адам еңбегі мен өнімін сатып, қаражат
қорын жинайды. Ал, сауда жүру үшін бір ғана тауар емес, алуан түрлі
бұйымдар сатылуы керек. Бәсекеде озып шығу үшін қаражат қорын
өндірісті кеңейтуге салу қажет. Бұл капитализмнің бастапқы талаптары
ғана еді. Сауда мен бәсеке адамдарды өндірістің тиімді жолдарын
іздестіруге итермеледі. Адамның ғылымға құмар табиғаты да
индустрианың дамуына әсер етті. Осының өзі Батыс Еуропадағы ұлттық
мемлекеттердің нығаюына әкелді. Мысалға, Ұлыбритания мен
Францияда XIX ғасырда қарқынды дамыған өндіріс ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ.
негізі қаланған ұлттық мемлекетті мықты державаға айналдырды.
Буржуазия бейбітшілік пен қоғамдық тәртіпті орнататын мемлекетті
пайдаланып қоғамды ұйымдастыруды, сол арқылы өздерінің
мәртебелерін, байлықтарын көбейтуге мүдделі болды. Бұған, олардың
патриоттық сезімдерін қосамыз. Сонда, капитализм мен өндірістік
технологияның дамуы ұлттық мемлекеттің негізгі институттарын,
мысалға, экономикада ішкі нарық пен өндіріс стандарттарының,
әлеуметтік-мәдени салада ортақ баспасөз бен білім беру жүйесін, саясат
саласында бюрократиялық орталық үкімет пен ортақ заңдарды,
идеологиялық салада ұлттық бірлік идеологиясын қалыптастырды [200,
15 б.].
Сондықтан, ұлттардың пайда болуы Еуропада демократиялық
мемлекеттердің құрылуымен тікелей байланысты болды. Ал, капитализм
315
мен ұлттың қайсы бірінші пайда болды деген сұраққа тарих әрқалай
жауап береді. Мысалы, бірінші мәдени туыстық бойынша саяси билік
орнайды (Франция), содан кейін бұл билік тілді, мәдениетті, әдебиетті
барлық ұсақ ұлыстарға ортақ дүниеге айналдырады. Екінші бір елде тілі,
діні бөлек ұлыстардың үстінен бірінші саяси билік орнап, одан кейін
ортақ тіл, ұлттық рәміздер пайда болады (Италия). Дегенмен екеуі бір-
бірімен диалектикалық байланыста өріліп жатқан дүниелер. Феодалдық
ыдыраңқылық жойылғанда қай ұлыс қай астанаға бағынып кетті сол күйі
ұлттық мемлекет құруға кірісті. Мысалға, италиян ұлтында түркі
халықтарындағыдай бір адамнан тараймыз деген аңыз да, ұлттық тұтас
мәдениет те болмаған. Италиян ұлты XIX ғасырда орталық үкімет пен
халық арасындағы клиенттік қатынастар арқылы бірікті. Яғни, ортақ
нарық, ортақ саяси биліктің, ортақ заңдардың арқасында ала шұбар
халық бір ұлтқа айналды. 1860 жылы халықтың 3 пайызы ғана италиян
тілінде сөйлейтін. Өндірісті, ғылымды, білім жүйесін, баспасөзді,
заңдарды орталық үкімет италиян тілінде дамытып әкеткендіктен ғана
қазіргі италиян ұлты пайда болды [201, 16 б.]. Үкіметтің ұлтты
қалыптастыруының жарқын мысалын біз Францияның тарихынан да
көре аламыз. 1789 жылы Франция халқының жартысы француз тілін
білмейтін.
Францияда 1833 жылы әрбір коммуна бір мектеп ашсын деген заң
шығады. 1847 жылы мектептер екі есе көбейді. Мектептерде сабақ тек
француз тілінде жүрді. 1881 жылы бастауыш мектепте оқу тегін болды
да, 1882 жылы бастауыш мектепте оқу міндетті деп жарияланды. Сөйтіп,
1863 жылы халықтың 80 пайызы французша сөйлей алатын дәрежеге
жетті. 1880 жылы Бретон түбегіндегі жағдай туралы Франция Үкіметіне
берілген есепте түбекті Францияның құрамына қосып алу үшін алдымен
мектептер салу керектігі жазылған. Мектеп салудың маңызы «түбекті
Францияға толық қосып береді және тарихи аннексия, мәдени тұтастану
үдерісін аяқтайды» деп анықталған. Бірақ, бұл ғасыр демократияның
орнығуының алғашқы сатысы болғандықтан, француз тілінде оқытатын
мектептер зорлықпен салынды және балалардың санасына ұлттық
патриотизм мектептер арқылы «қолдан» сіңірілді. Француз тілін
үйрене алмай, бретон тілінде сөйлеп жүрген балаларды кемсіту, тіпті
әкімшілік шара қолданып жазалау тәсілдері кеңінен қолданылды [202,
17 б.]. Сөйтіп, Батыс Еуропа елдерінде ұлттар азаматтық негізде, саяси
бірліктің арқасында қалыптасты. Мемлекет базарларында адамдар өз
өнімдерін сату үшін немесе білім алып, заңдарды пайдаланып, саяси
карьера жасау үшін сол мемлекеттің заңдарын, тілін, білім
стандарттарын, яғни жоғары мәдениетін қабылдауға мәжбүр. Мұның
атын ағылшын этнологы Энтони Д. Смит «азаматтық ұлт» деп атады.
Ол «капитализм белгілі бір территорияда экономикалық интеграцияны
күшейтіп, сауда мен айырбастың дамуына жағдай жасады. Мемлекет
316
салық жинау мен кейбір салаларда өзінің монополиясын орнатудың, күш
қолдану құқының арқасында қоғамда билігін күшейте түсті. Біртіндеп
мемлекеттің билігі жүретін жердің барлығына бірдей стандарт кәсіптер
мен біліктілік жүйесі орнады. Адамдардың білім алуын, экономикалық
машығын қалыптастыруды өз қолына алған мемлекет ұлтты жасап
шығатын қуатты тәрбие орны ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында
қалыптасып болды», – деп жазды. Мысалға, ХХ ғасырда Франциядағы
негрлер мен еврейлерге үкіметтің сыңаржақ саясаты қатты әсер етті.
Олардың мәдениетін, тілі мен дінін үкімет мүлдем ескерген жоқ. Олар
сол әлеуметке сіңіп, өмірде өз орындарын тауып кету үшін француз
мәдениетін игеруге мәжбүр еді. Сөйтіп, француз еврейлер, француз
негрлер пайда болды. Бұл Францияның капиталистік, индустриалдық
мәдениетті
француз
мәдениетінің,
француз
тілінің
негізінде
қалыптастырғанынан болды. Осындай индустриалды мемлекеттік
мәдениетті Еуропа «ұлт» деп түсінеді. Осы Франция мәдениеті арқылы
біріккен құрама халық – Франция егемендігінің негізі болды. Яғни,
заңдар мен әлеуметтік, құқықтық институттардың ортақтығы ұлттық
бірлік деп түсінілді. Батыс Еуропаның ұлтты экономикалық-саяси бірлік
деп түсінуіне тағы бір аса маңызды фактор әсер етті. Бұл ХVІ ғасырда
басталған үдеріс еді. Осы уақытта рухани сала Еуропада
реформацияның ықпалына түсті. Шіркеуді тәркілеумен бірге, қоғамдық
сананың діннен ажырауы жүріп жатты. ХVІІ ғасырдың ортасынан
бастап христиан әлемінде латын тілінің рөлі төмендеді. Бұл біріншіден
христиандық шіркеудің өз ішінде жүріп жатқан ыдыраңқылыққа
байланысты болса, екінші жағынан буржуазия мен сауданың ықпалы
артып, Еуропаның жеке-жеке аймақтарындағы саяси һәм шаруашылық
коммуникациялардың күшейе бастағанына да байланысты еді.
Осындай тарихи үрдістің нәтижесінде ұлттың қалыптасуын әртүрлі
тұрғыда қарастыратын түрлі концепциялар пайда болды. Бұл
теориялардың бәрін болмаса да негізгілерін талдап шығу бізге
Еуропадағы мемлекеттердің мәдени тұтастығының негізі, яғни
мемлекеттік егемендік принципінің ерекшелігі мен Шығыс елдерінің,
соның ішінде Қазақстанның ұлттық егемендігінің идентификациялық
негіздерін түсіну үшін қажет. Ұлтты саяси-экономикалық феномен деп
санайтын тұжырымдамаларды конструктивистік теориялар деп атайды.
Осы теориялардың ішінде Еуропаның ұлт жайлы түсінігін біршама
толық сипаттаған Эрнест Геллнердің тұжырымы болды. Э. Геллнердің
«Ұлт және ұлтшылдық» атты еңбегінде ұлттың қалыптасуының
Еуропаға тән себептері талданған. Оның тұжырымы бойынша ұлттың
пайда болуы индустрияның дамуымен байланысты. Э. Геллнер кез-
келген қоғамның ұлтқа айналуы жазу-сызудың, стандарт кәсіптердің
(индустрияның), сол кәсіптерді үйретіп, өндіріске маман даярлап
отыратын білім жүйесінің пайда болған кезінде іске асады деп
317
қорытады. Яғни, индустрия дамымай тұрып ұлт қалыптаспайды.
Өйткені, ұлттың түрлі кәсіп игеруге негізделген және жалпы ұлттық
білім, заң стандарттары арқылы интеграцияланған индустриалды
мәдениетін тек ұлттық білім жүйесі мен ортақ заңдары арқылы жасауға
болады. Ал, бүкіл ұлттың білім жүйесін қаржыландыру, яғни, оның
мамандарын дайындау, кітабын шығарып, жекелеген пәндерін дамыту,
ғимаратын салып, методикасын жетілдіріп отыру мемлекеттен басқа
ешкімнің де қолынан келмейді. Жеке кәсіпкер болсын, мектеп пен
жоғары оқу орындарында балаларын оқытатын ата-аналар болсын
мұндай аса маңызды және сала-салаға бөлінген тармақты жүйенің
жұмысын тұрақты түрде қаржыландырып отыра алмайды. Сондықтан,
мемлекет пен ұлт ажырағысыз ұғымдар және индустриалды қоғамның
ғана ұлт болып саналуға хақысы бар. Ал, аграрлы немесе жартылай
индустриалды мәдениеттер көп салалы, жоғары индустриалды
мәдениеттердің ықпалына төтеп бере алмай тарих сахнасынан кетеді
[203, 30 б.]. Э. Геллнер ұлттың қалыптасуын индустриалды
мәдениетпен байланыстырғанымен, кез-келген ұлттың тамыры ежелгі
этнографиялық-дәстүрлі мәдениетте жатыр деп санайды. Бірақ, дәстүрлі
этнографиялық мәдениеттің толыққанды ұлттың қалыптасуына
жеткіліксіз екенін айтады. Э. Геллнердің пікірінше индустриалды
мәдениет жазу-сызудың пайда болуына, іргелі ғылымдар мен білім
стандарттарына тәуелді. Яғни, ұлттың кез-келген өкілі сол ұлттың
мемлекеттік мәдениетін, ұғымдарын, стандарттарын қолданып қана өмір
сүре алады. Мемлекеттің міндеті де қоғамда мәдени ерекшелік,
түсініспеушілік тудырмау. Өйткені, көп салалы индустрия адамдар бір-
бірін еркін түсінген жағдайда ғана дамиды. Егер, мәдени ерекшелік
туындаса ол мемлекеттің, немесе білім жүйесінің өз жұмысын дұрыс
атқармағаны болып саналады. Білім жүйесінің міндеті өз кәсібін шебер
меңгерген, тұтынушы қоғаммен тығыз жұмыс істей алатын мамандар
дайындап шығару. Сөйтіп, тіл мен мемлекет Геллнер концепциясы
бойынша ұлттың іргетасы. Бұл тұжырым ұлттың бірлігін қамтамасыз
етуді маңызды мақсат ретінде белгілегенімен адамдардың этникалық
ерекшеліктеріне мән бермейді. Тұжырымдаманың мазмұны шыққан
тегіне қарамастан адам белгілі бір қоғамның мәдениетін, тілін меңгерсе
ол сол ұлттың өкілі болып шыға алады, сондықтан, ұлттық мәдениетті
қолдан жасауға да болады деген пікірге саяды.
Қазіргі
тарих
биігінен
қарағанда
ұлт
жайындағы
бұл
тұжырымдамалардың Еуропа өркениетінің әлеуметтік шындығынан
туындағанын көруге болады. Ұлттық мәдениеттердің тек конструкция
болып саналуы, адамдардың ұлтын айрбастағаны үшін моральдық
жауапкершілік көтермеуі, ұлттылықтың ар-ождан, сенім, айнымас
адалдық деген сияқты моральдық категорияларымен өлшенбеуі, рухани
құбылудың, мәдениет айырбастаудың «сатқындық» категориясына
318
жатпауы Батыс өркениетіндегі бейбітшілікке себін тигізгенімен, бүгінгі
ұлттық ыдырау, бұқаралық мәдениетке бет бұру процесіне ықпал етіп
отыр. Бүгінгі Еуропа ХХ ғасырда екі дүние соғысын туғызған
ұлтшылдық санадан айығып, космополиттік қоғамға аяқ басты.
Постмодерн ізденістері ұлттық дүниетаным шеңберінен шығып, мүлде
жаңа интеллектуалды позициялар мен конструкцияларға көшті. Бірақ,
секуляризацияның кесірінен болар, Еуропа жастарының көкірегінде
әлеуметтік парыздар, қоғамдық борыштар тізімі қысқарып барады.
Қоғамдағы әлеуметтік ынтымақтастық талаптарына енжар қарайтын
адамдарға нашақорлар мен отбасын құрмаған, түрлі субмәдениет
өкілдерін, яғни хиппи, рокер, рэпер, сайтанға ергендер (сатанистер) т.б.
антиәлеуметтік дүниетаным өкілдерін қоссақ, отбасы институтының
мәні мен қажеттігінің Батыс елдерінде әлсіреп бара жатқанын көруге
болады. Яғни, кейінгі жастар үшін отбасын құру, бала-шағаны жеткізу
сияқты адамдардың ежелден келе жатқан әлеуметтік тілек-мақсаттары
қоғамды дамытатын ынталандырушы фактор болудан қалды [204, 127
б.]. Жалпы индустриалдық қоғамға өту үшін негізгі алғышарттары
толыспағанмен Шығыс елдерінің әзірге әлеуметтік ұйымдасу
потенциалы жойылған жоқ. Бұған ықпал еткен ұлттың примордиалистік
тұжырымдамасы немесе ұлтты бабалардың рухани тәжірибесіне құрмет,
рухани сабақтастық, айнымас адалдық деп түсіну, яғни ұлтқа қызмет
ардың ісі деген ұғым деп болжауға негіз бар. Бірақ, Шығыстағы
ұлтшылдық діни фанатизммен ұштасып, шектен шыққан радикалды
қимылдармен өз мемлекеттеріндегі саяси тұрақтылыққа, экономикалық
дамуға зиянын тигізіп отырғанын да ескеруіміз керек.
Сонымен, біз ұлттық тұжырымдарды азаматтық негіздегі ұлт
теориясы және этникалық негіздегі ұлт теориясы деп жіктедік. Және
осыған орай конструктивистік тұжырым мен примордиалистік
тұжырымдарға бөлдік. Әлбетте, бұдан басқа көптеген типологиялар да
бар. Мысалға, ұлттың контекстуалды, инструментальді теориялары, тіпті
ешқандай тұжырымға жатпайтын қысқа-нұсқа анықтамалары да
жетерлік. Біз бұл жерде ұлттың мағынасы мен мемлекеттің мағынасын
анықтап алуды мақсат тұтамыз. Өйткені, Еуропа ұлттарының қалыптасу
тәжірибесі - ұлт мәселесі саясаттың маңызды факторы болып отырған
жаһандану заманында төтенше керек дүние. Мемлекеттің ұлттық
саясатының бағыты айқын болмаса немесе Қазақстан халықтарының
«примордиалистік» ділін мүлде ескермей, жұрттың бойы үйренбеген
азаматтық ұлт идеясын дүркін-дүркін ел алдына ұсына берсек қоғамдық
тұрақтылыққа сызат түсуі де ғажап емес. Оның үстіне елімізде
Еуропалық ұлттардың қалыптасуына негіз болған алғышарттар жоқ.
Еуропа мемлекеттерінде тілдік бірлік мектептерді күштеп салып, тіл
үйренбегендерге әкімшілік жаза қолдану сияқты авторитарлы тәсілдер
арқылы қалыптасса, сонау ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.-да бұл қалыпты жағдай
319
саналатын еді. Қазіргі демократиялық-нарықтық жаһандану заманында
біз мұндай тәсілдерді қолдана алмаймыз. Біздің этникалық тарихымыз
да басқаша өрбіді. Осы жағдайда Қазақстан халқының мәдени
тұтастығын қалыптастыру мәселесіне қандай тұрғыда қарауға тиіспіз?
Осы сұраққа жауап беру үшін біз әрине ұлттық мемлекет пен ұлттық
тұтастық феномендерін барлық қырынан зерттеуге тиіспіз.
Шығыс адамдары өз елдерінде секуляризацияға ұшыраған ортақ
білім жүйесі, индустрия мен ортақ заңдар жүйесі ежелден
қалыптаспағандықтан ұлттық ортадағы этникалық дәстүрлі қарым-
қатынастар мемлекеттік тұтастықтың кепілі деп түсінді. Шығыста заң
кодекстері мен билік институттарын, білім жүйесін Еуропалық
тәжірибеге ұқсатып құрғанда әдет-ғұрыптарды, мистикалық түсініктерді
де араластырып, кірістіріп отырды. Ислам елдеріндегі, Қытайдағы
құқықтық қатынастарды реттеу тәжірибесінен осыны көреміз. Бұл
этникалық ұлттардың мемлекеттерінде стандартты кодекстер мен
институттар болмайды деген сөз емес, тек олар Шығыс халықтарының
идеологиялық ұлттық бірлігін қамтамасыз етуде шешуші рөл
атқармайды. Шығыс елдерінде стандартты құқық кодекстері мен
мемлекеттік институттардан гөрі этнографиялық дәстүрлер мен діни
түсініктер, дәстүрлі институттар (ақсақалдар соты, шариғат, мешіт,
ұлттық аңыздар т.б.) ұлттық тұтастыққа пайдалы әсер етеді. «Бірақ, –
дейді Э.Д. Смит, – Шығыс елдерінің көбіне этнос пен мемлекеттің
тұтастығы бірдей нәсіп болмаған. Мысалы, Түркия көпұлттылық
әсерінен этникалық пантүркизм идеясынан бас тартуға мәжбүр болды.
Шағын территорияға, азаматтық құқықтарға, бірыңғай азаматтық
кодекске, зайырлы саяси мәдениетке және азаматтардың сенім
бостандығына сүйеніп қазір қуатты мемлекет құрды. Бірақ, ұлттың
территориялық және этникалық тұжырымдарының дуализмі әлі
шешілген жоқ» [205, 90-99 бб.]. Түркия қоғамында да қақтығыс қаупі
жоғары.
Батыс елдерінде бір тілде жүретін капиталистік қатынастарға,
индустрияның ортақ стандарттарына, кәсіп игеру үшін сол елдің білім
жүйесіне адамның сіңіп, жұтылып кетуі мүмкін. Еуропада қалыптасып
қалған индустриалдық мәдениетке енді этникалық мәдениетті енгізу,
таңу мүмкін емес. Бірақ, ұлтты басқаша түсінетін Шығыс адамы
стандартты кодекстер мен зайырлы әкімшілік тәртіпке, белгілі бір
ұлттық тілге негізделген индустриалды мәдениетке өзін жатқыза
алмайды. Бәрібір оның этникалық идентификациясы индустриалды
мәдениетке деген құрметінен жоғары тұрады. Сондықтан, Шығыс
елдеріндегі ұлт тұжырымдамасы мемлекет халқының егемендігі, яғни
территориялық тұтастығы принципімен санаспайды. Шығыста халық
егемендігі емес, этникалық мемлекет деген түсінік орныққан. Азиядағы
320
мемлекеттердің ішінде жүріп жатқан ұлттық қақтығыстардың өршіп
кетуі осыдан.
Қазір әлемдік экономиканың талаптарына өз экономикасын
сәйкестендіру үшін Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттері,
кейбір ислам елдері саяси жағынан өзара жақындасып, өзара тиімді
келісімдерге отырып жатыр. Өзара тиімді деген есеппен бір келісімге
біріккен
мемлекеттер
мойындарына
экономикалық,
саяси
міндеткерліктер
алып
отыр.
Және
жаһандану
дәуіріндегі
мемлекетаралық қатынастар халықаралық терроризм, есірткі саудасы,
босқындар проблемасы, жасырын қару сату т.б. мәселелермен шиеленісе
түсті. Бұл қауіптермен күресуде де мемлекеттер бір-біріне тәуелді. Осы
жағдайда мемлекеттердің өзара деген сенім талаптары, бірігіп
қимылдауға деген мұқтаждықтары артты. Өзара сенім шараларын өңдеп
шығаруға, ендігі заман өзара қарым-қатынаста осы сенім шараларына
сүйенуге ынталы мемлекеттер күн санап көбейіп келеді. Осы
қажеттілікті аңдап, Азия мемлекеттері арасындағы сенім шараларын
нығайту бастамасын (СВМДА) Қазақстан көтеріп отыр. Бұған еңбек
бөлінісінен туатын еларалық экономикалық кооперация талаптары мен
тауарларын өткізу үшін ортақ рыноктік кеңістіктерге бірігуді қосамыз.
Осының барлығы жиылғанда мемлекеттік биліктің ядросы – ұлттық
егемендік толық жойылып кетпесе де, біршама дәрежеде әлсірейді.
Ұлттық биік рухтың орнына ғаламдық экономикалық институттардың
көңілін аулау, соларға жағыну дәуірі келе жатыр. Ал, егемендік ұғымы
мемлекет билігін белгілі бір территориядағы бөлінбес, мызғымас билік
деп қарастырады. Жаһандану жағдайында ұлттың егемендігі
мемлекеттің кейбір міндеттерін дұрыс атқара алмағандығынан; мысалға
қауіпсіздікті дербес қамтамасыз ете алмағандықтан, өндірісті дамытуда,
сауда-саттықта жеке дара саясат ұстана алмағандықтан халықаралық,
аймақтық, ұлттық ұйымдардың арасында бөліске түседі. Яғни, кейбір
мәселелерде (қорғаныс, қауіпсіздік саласында, халықты жарықпен,
газбен қамтамасыз ету т.б.) ұлттық биліктің өкілеттігі Үкіметтің
құзырынан алынып, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық келісімдерге
тапсырылады. Мемлекеттің кейбір реттеуші қызметтерін әлемдік рынок,
тарнсұлттық корпорациялар атқара бастайды. Сондықтан, ендігі
жаһандану заманында мемлекеттік егемендік деген ұғымның мағынасы
біршама өзгереді. Яғни, егемендік болған күннің өзінде ол шектеулі, әр
түрлі халықаралық ұйымдар арасында мемлекет билігі бөлінгендіктен
жартыкеш немесе формальді егемендік болады. Бұл жағдайға әрине
ұлтты конструктивистік тұжырым тұрғысында түсінетін халықтар дайын
да, ал примордиалистік менталитеттегі ұлттар әзірге дайын емес.
Бейбітшілік философиясы мен ымырашылдық мәдениетін игермеген
ұлттардың жаһандық капитализмнің ықпалында отырып ішкі
тұрақтылығын сақтауы қиын мәселеге айналмақ.
321
Шығыс елдерінің көпшілігінің экологиялық һәм экономикалық
сауатсыздығы, өз ішінде тұрақтылықты сақтауға қабілетсіздігі, әсіре
ұлтшылдықпен аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіруі адамзат
тағдырына алаңдап отырған ірі елдерді ақыл-кеңес айтуға, тіпті болмаса
дамушы елдердің ішкі ісіне араласуға, сауда-саттық арқылы, саяси-
экономикалық тетіктер арқылы ықпал етуге мәжбүрлейді. Экологиялық
сауаттылықты көтеріп, діни фанатимзнен арылу, ішкі тұрақтылықты
қамтамасыз ету үшін дамушы елдердің халқының менталитеті,
дүниетанымы, рухани ахуалы өзгеруі керек. Дамушы елдердегі
демократияның орнауын Батыс Еуропа мен АҚШ-тың қадағалауы үш
түрлі мемлекет моделін туғызды. Бірінші, нақты-саяси модельдегі
мемлекет. Бұлар Шығыстың теократиялық елдері. Бірақ, бұлардың
жабық мемлекеттілікті сақтап қалу мүмкіндігі жаһандану процесі
тереңдеген азая түсетін сияқты. Ерекшеліктері: егемендікті негізгі
фактор деп түсінеді. Адам құқы бұл елдерде мемлекеттік сот жүйесінің
шаруасы. Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар кеңес берушінің
қызметін ғана атқара алады. Екінші, мемлекеттің интернационалдық
моделі. Мұнда адам құқын қорғауда мемлекет басты роль атқарады.
Дегенмен, мемлекет басшылыққа адам құқының халықаралық
стандарттарын
алады.
Мысалға,
БҰҰ
адам
құқын
қорғау
комиссиясының Қытайға қарағанда Канадаға ықпалы көп. Үшінші
модель
–
космополиттік
мемлекет.
Космополиттік
модельді
жақтайтындар барлық мемлекеттерде БҰҰ-ның адам құқын қорғайтын
институттары орналасуы қажет деп санайды. Қазір, саяси режимі
демократиялық принциптерге сәйкес келмейтін елдерге дүниежүзілік
қауымдастық тарапынан, болмаса АҚШ пен Еуропа комиссиясы
тарапынан ескертулар айтылып, саяси қысым жасалады. Тіпті
экономикалық блокада тәсіліне дейін қолданылады. Бір жағынан бұған
теократиялық ислам елдеріндегі халық ділі де кінәлі. Бәлкім бұл
елдердің азаматтары өздерінің құқықтары бұзылып жатыр деп
ойламайтын да шығар. Бәлкім, діни фундаментализм ықпалына түскен
көпшілікке керегінің өзі сол теократиялық жүйе болуы ықтимал. Яғни,
бұл жерде экономикалық немесе жалпы адамзаттық мүдделермен қатар
өркениеттердің мәдени қайшылығы да бар. Сондықтан, жаһандану
процесі капиталистік индустриалды қоғамның, Еуропа өркениетінің,
қала берді ұлттың азаматтық тұжырымының жер бетіне таралуының
көрінісі сияқты. Қазір, Шығыс елдеріне трансұлттық корпорациялардың,
әлемдік қаржы рыногінің, түрлі саяси комиссиялардың қысымының,
халықтың рухани-интеллектуалды потенциялының әлсіреуінің кесірінен
Батыстың оларға қойған талаптарының бірқатары орындалмай келеді.
Дамушы елдердің түгелге жуығы қазір өздерінің халқын баспанамен,
азық-түлікпен, кәсіби біліммен қамтамасыз ете алмайды, жұрттың
денсаулығын жақсартуға мүмкіндіктері аз. Кенже қалған елдердің
322
барлығының да қарыздарын қайтарып, бюджет тапшылығын жоюға
жағдайлары жоқ. Дамушы елдердің түгелге жуығы өз экономикасының
инфрақұрылымын жаңартуға шамасы келмейді. Көптеген Азия, Африка,
Күнгей Америка елдері өз іштеріндегі билікке күш, қару қолдану
арқылы ықпал етуге тырысатын топтарды ауыздықтауға құзырлары
жетпей жатыр. Қазір әлемдегі барлық мемлекеттер ақшаның, жұмыс
күшінің, материалды және рухани құндылықтардың ел аралық
қозғалысын қадағалай алмайды. Осындай әлеуметтік қиыншылықтардан
бұл елдер әлемдік нарықтың кез-келген түкпірін қадағалап отырған
Батыс өркениетінің ықпалымен, өзара тиімді жағдайда ынтымақтаса
отырып қана шыға алады. Егер дамушы елдер Батыс корпорацияларына
және
мамандарына
есікті
айқара
ашпаса
әлемдік
нарық
постиндустриалды мемлекеттерге ғана қызмет етуі мүмкін.
Дегенмен, Батыс елдерінің өздері де алдыңғы бөлімде айтып
өткендей проблемасыз емес. Олардың ең басты қиыншылығы – қол
еңбегін білім мен капиталдың алмастыруы. Еңбек рыногінен босап
қалған адамдар өздерінің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмау
қатері бар. Еуропа Одағы елдері соңғы 20 жылда 50-70 пайызға байыды.
Экономиканың өсу қарқыны халық санының өсімін он орайтын
жағдайда болды. Бірақ, сонда да Еуропа Одағы елдерінде бүгінде 20
миллион жұмыссыздар, 15 миллион кедей адамдар, 5 миллион үйсіз-
күйсіз кезбелер бар. АҚШ-та соңғы жылдары жиылған байлық бүкіл
халықтың 10-ақ пайызының арасында бөлінген. Бұл 10 пайыз адамдар
байлықтың 96 пайызын жамбасқа басқан да, қалған ел 4 пайызын місе
тұтқан. Еуропада да жағдай осындай. Мысалға, Германияда 2009
жылдан бері кәсіпорындардың түсімі 90 пайызға өскен, бірақ жалақы 6
пайызға ғана көбейді. Осыған қарамастан адамдардың жеке пайдасынан,
яғни айлығынан алынатын салық екі есеге өсті, ірі корпорациялардың
төлейтін салықтары керісінше азайды. Және ірі концерндер дамушы
елдерге көшіп жатыр. Олар ол жақта да салықты төмен мөлшерде
төлейді. Нәтижесінде дамыған елдерде де, дамушы елдерде де шағын
және орта бизнес пен табысы әлі көбеймей келе жатқан жеке адамдар
трансұлттық корпорациялардың мүддесіне ыңғайланып құрылған
тиімсіз салық жүйесінің салмағына жаншылып, болашақта да ауыр
салықты төлеп отыра бермек. Ал, жаңағы әлемдік рынок барлық
жағдайын жасап берген ірі концерндер байлыққа кенеле бермек. Құдды
бір тарихтың әжуа-тәлкегіне ұқсайтын мынадай жүйе қалыптасып
келеді: жаһандану үдерісінде ұтылатын қарапайым халық сол
мемлекеттің барлық әлеуметтік қызметіне керекті қаражатты мол салық
төлеу арқылы беріп отыр. Ал, жаһанданудың тетіктерін пайдаланып
байып жатқан ірі корпорациялар демократияның, яғни халыққа қызмет
көрсететін мемлекеттің қоржынына қаражат салмайтын болды. Өте бай
концерннің менеджерлері, мысалға, салықты аз салатын Үндістанға
323
офистерін көшіріп, бірақ баласын халық берген салық арқылы жұмыс
істейтін Еуропа университеттерінде оқытады. Бұл бала күтімі мен
дамуына қыруар қаражат кететін қымбат театрларға барады, таза
көшелер мен саябақтарда жүреді, жақсы жабдықталған аудиторияларда
білім алады. Ал, сол саябақтар мен театрды мемлекетке салық төлеу
арқылы қаржыландырып отырғандар – табысы көбеймейтін, тіпті қол
еңбегін капитал мен технология алмастырған соң жұмыссыз қалып,
кедейленіп бара жатқан қарапайым халық, қатардағы азаматтар. Шығыс
елдерінде де осы жағдай орнап келеді. Онсыз да дамымай жатқан
отандық өндіріс салықтың астында жаншылып отыр да, өзінің мүддесін
ғана ойлайтын трансұлттық қаржы ұйымдары мен шетелдік ірі
корпорациялар аз мөлшерде салық төлеп отыр. Осының кесірінен
мемлекеттер өздерінің әлеуметтік қызметтерін толық атқара алмайтын,
халықтың әжептәуір бөлігі, 20-30 пайызы еңбексіз, жұмыссыз қалатын
заманға жақындап келеміз.
Дамушы елдерде халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлап,
рухани-интеллектуалдық
тұрғыда
құлдырауы
мәдени-этникалық
жікшілдікке ұласып, қарулы қақтығыстарға шиеленісуде. Осы жағдайда
кенже қалған елдердің алдында жаһанданудың саяси-экономикалық
талаптарына (демократия, ашық қоғам ұстындарын қабылдау)
бейімделумен қатар, оның антиәлеуметтік мәдени ықпалымен күресу,
бейбітшілік
құндылықтарын
анықтау,
сол
символдар
мен
құндылықтарды жұрт санасына сіңіру, яғни өз халықтарының мәдени
бірлігін нығайту міндеті тұр. Ендігі заманда бұл мемлекеттердің
толыққанды егеменді елге айналуы олардың осы міндеттерді шешуіне
байланысты болып тұр. Егер дамушы мемлекеттер аталған міндеттерді
дұрыс атқара алмаса, саяси еркі, экономикалық дербестігі жоқ,
егемендігі күмәнді құрылымдарға айналады. Және бұл процесстің
тамыры тереңге кететін түрі бар. Біз дамушы елдердің өзінің саяси
тұрақтылығы мен егемендігін сақтау үшін жаһанданудың талаптарына
бейімделе отырып, қандай қимылдарға баруы керектігі жөніндегі
стратегиялық сұрақтарға жауап іздемейміз. Біз тақырыпқа қатысты -
Қазақстанның көп ұлтты халқының мәдени тұтастығын жаһандану
жағдайында сақтау, ұлтаралық өркениеттік қайшылықтар мен
қақтығыстарға жол бермеудің амалдарын қарастырамыз. Сол амалдарды
анықтау барысында біз осыған дейін анықталған жаһандану үрдісінің
заңдылықтары
мен
ұлт
ұғымының
конструктивистік
және
примордиалистік концепцияларына сүйенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |