5.4. Қорытынды орнына. Батыстану және қазақтың ұлттық
идеясы
Рәмізі белсенді «фауст адамы» болған, Батыс өз экспансиясын,
артта қалған халықтарды отарлау саясатынан басқа, сол кезде әрекет
етіп тұрған шығысазиялық (Жапония, Қытай), оңтүстіказиялық
(Үндістан) және жетекші елі Осман империясы болған исламдық және
православиялық (Ресей) өркениеттерінде үстемдік жүргізуге бағыттады.
Тек қана ХХ ғасырда Батыспен қатар әлемдік мәселелерді шешуге
қатысқан КСРО, Қытай, Үндістан, ислам елдері тарихи сахнаға шықты.
Бекерден-бекер С. Хантингтон қазіргі сегіз суперөркениеттер туралы
айтып тұрған жоқ. Әлем көпқырлы, көпжақты бола бастады. Бірақ осы
кезден вестернизацияның қарқыны бәсеңсіді деп айту да қиын. Кеңес
Одағы тарқап кеткеннен кейін батыстандыруды жүзеге асырушыға
АҚШ айналды және ол жаһандану үрдістері кеңмәтінінде болып жатты.
«Қашан, – дейді А. Тойнби, – екі немесе одан да көп өркениеттер
бір-біріне әсер еткенде, олардың қуаттылығы әр түрлі болып келеді.
Агрессияшыл өркениет экспансия объектісінің өзіне тең емес екендігін
сезінеді». Батыс өркениеті өзінің басқа мәдениеттерге қарсы
бағытталған қиратушы әрекетін туземдіктерді (бір мағынасында «нағыз
адам емес») мәдениет пен өркениетке жеткіземіз дегенді желеу етеді.
Түркі халықтарының вестернизацияға берген жауабы өнеге
тұтарлық.
Қазақ
халқымен
тағдырлас
Түркияда
жүргізілген
батыстандыру процесінің кейбір ерекшеліктеріне тоқтайық.
Православтық-христиандық
өркениеттің
біршама
бөлігін
өзіне
бағындырғанымен, Батыспен текетіресте османдықтар қауқарсыз болып
шықты. Осман империясы әскері 1683 жылы Вена түбінде жеңілгеннен
кейін, әлемде Батысқа қарсы тұра алатын күш қалмағандай болды.
360
Венаны қоршаудан соң қорғанысқа көшкен, түріктер өз жауы Батыс
Еуропадан қару сұрауға мәжбүр болды және батыстық кейбір
құндылықтарға жол ашты.
Мемлекеттік қызметке енді грек ұлтының өкілдері алына бастады,
оларды Батыспен дипломатиялық қарым-қатынасқа дайындады, бірақ
қаншама олар оттомандық тәрбие алғанымен, ойларының түбінде өз
Отанының азаттығы тұрды. Осман армиясы еуропалық үлгіде қайта
құрыла бастады, бұл міндетті түрде Батыспен танысқан офицерлердің
арасында реформалық қозғалыс тудырды. Танзимат пен жас түрікшілдер
қозғалысы дәстүрлі османдық қоғамды шайқалтып жіберді.
Абдул-Хамид сұлтан ұсынған, османдық әскери машинаны аздап
батыстандыру бағдарламасы өзін ақтамады, ол тасқын бөгенін
ашқандай болды. Батыстандыру толқыны артынан бүкіл Оттоман
империясын либералды ойлы әскери офицермен тасқындатып жіберді.
Бұл істі қисынына дейін жеткізген Кемал Ататүрік қазір Түркияны
өркениетті елдер қатарына қосты. Осыдан мынадай бір қорытынды
шығаруға болады: батыстандыру тек қоғамның бір саласын ғана
қамтымай, оны тұтас өзгертуді өзіне мақсат етіп қояды. Технологиялық
басымдылық оның құндылықтарын дамушы елдерге күшпен тануға
мүмкіндік береді. Себебі дамушы елдердің элитасы мен мамандары
батыс технологиясымен бірге батыстық ойлау тәсілін де қабылдайды.
Дін мен саясат мұсылман елдерінде тығыз қабаттасып кеткен. Кемал
Ататүрік бұл мәселеде де көрегендік танытты. Мұсылмандық
мемлекеттің басшысы болып, оларға ислам бөлініп кеткен, бір үлкен
сектаның басшысы халиф немесе сол халифтен өкілеттілік алған, жиі
ретте басқаруда тиесілі орнын алады. Алайда, өткен ғасырларда бұл
инвеститураның көбінесе тек формальды болғанын, және де, қашан
халиф күшінен айырылғанда, ол өзінен мықтыларға қарсы келмегенін
де, атап өткен дұрыс, бірақ Бағдадтық Аббасидтердің құлдырауынан
Ұлы Осман империясының пайда болуына дейінгі дейінгі кезеңде,
мұсылмандық елдерде кез келген үлкен революцияға және жаңа
мұсылман мемлекеттің құрылуына бар жерде дерлік жаңа діни схизма
жолбасшы болады және оны заңдандырды.
Түркиядағы “Танзимат” және Ресейдегі милләтшілдік пен
жәдидшілдік идеялары ықпалымен дамыған діни-реформистік ағым
исламға түбегейлі өзгерістер енгізді және ол кейін Кемал Ататүрік
реформаларында іске асты. Жәдидшілдік атауын қазақ тіліне “жаңару,
елдікті сақтау үшін жаңа бағытты ұстау” деп аударуға болады. Бұл
бағыт қазақ топырағында жаңа мағынадағы «мұсылманшыл қазақты»
қалыптастыруға ұмтылды. Қазақстанда да “Түрікшілдік бағыт” (М.
Шоқай, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов, М. Ходжаев т.т.) қалыптасты. Бұл
бағыттың өкілдері түркілік өркениет тұтастығы контекстінде қазақ
адамын қалыптастыруға шақырды. Бұл типтің басты ерекшеліктеріне
361
тарихи сананы түркілік тұтастық идеясы негізінде жаңғырту,
тәңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану, қазақ халқы түріктің қара
шаңырағының иегері деп мойындау, т.т. жатады.
Алайда бұрынғы Кеңес Одағында түркі халықтары Түркиядағы
сияқты Ататүрік жолына түсуге мүмкіндіктері болмады. Социалистік
қоғамдағы трансформациялар негіздері мен батыстандыру деңгейі
Қазақстанда түгіл Ресейдің өзінде жеткіліксіз қарастырылған. Көпшілік
еңбектер капиталистік қоғам және социалистік жүйелердегі жатсыну
мәселесіне және коллектившілдік принципін қайта қарауға арналған.
Қазақстан философтарының едәуірі социалистік қоғамдағы әлеуметтік
мәдениетті бұрынғы маркстік методология тұрғысынан сынаумен
шектеледі.
Сол себепті қазақтың Кеңес Одағы кезіндегі батыстандыру
формалары мен төлтумалықтың арақатынасын тікелей қарастырудан
бұрын тоталитарлық қоғамның әлеуметтену негіздеріне қысқаша
тоқталып өтейік. Біріншіден, адамзат тарихындағы барлық қоғамдарды
қауымдасу негіздері бойынша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді
тәртібі және күш көрсетуге сүйенетін тәртіп) бөлуге болады. Егер
біріншісін – тұлғаорталықтық қоғам десек, екіншісі – жүйеорталықтық
әлеуметтік құрылымға жатады. екіншісіне жасандылық тән, сондықтан
оны “құрылыс” (үлгі бойынша жасалған) деп атайды. Осы
жүйеорталықтық әлеуметтік қауымдасудың қисынды шегіне жеткен
түрін тоталитаризм деп атайды.
"Еуропашылдық" белгілі мөлшерде ұзақ уақыт бойы мақтан,
жетістік болды. Ол кездегі ұлт интеллигенциясының ішінен тым
батысшыл болып, материализм, марксизмдерді де қостап кеткендері
кездесіп отырды, әсіресе дінге, төл дәстүрге байланысты үстірт пікір
айту да орын алды. Оның сол кездегі арғыдан келе жатқан потенциалы,
шын мағынасын ажырату керек еді. Жалпы, сол кездегі ұлт элитасы
еуропалықтардың өздеріне ұқсап кетіп, экстраверттік мінез танытып
(яғни, мына дүние мәселелеріне беріліп), саясатшыл, ұлтшыл болды.
Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының
жеңісі ретінде қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К.
Поппер еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді
дейді. Тоталитарлық қоғамдар бар болғанын ешқашан, ешкімнен
жасырмаған, орасан зор ішкі күштердің әсерінен құлады. Алдымен
өзінің қалдықтарының астына біріңғай Кеңес империясының темір
жұдырыған көміп, өте топтасқан және мызғымастай болған шығыс
еуропалық диктатура жойылды.
ХХ ғасырдың ішінде Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен
өзгерістер болды, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Батыс
Шығыс руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары буддизм,
үнді философиясын зерттеп, Батыс суфизмді өзіне "ашты". Өз
362
философиясын байытты. Жоғарыда айтылған К. Юнг, т.б. дүниеге
көзқарас батыс рационализмінен терең болу керек екенін мойындады
және материализм, дінсіздік, техноцизмді, беймәдени "демократиялық"
болмыстың ("көпшілік мәдениеті") зиянын өздері өздеріне әшкереледі.
Әрине, ойшылдардың Бұл тұжырымдары нақты саясатқа әзірге шейін
үлкен әсер ете алмай отыр. Дінді, этиканы мойындау, әлемдік
интеграцияны рухани жағынан толықтырып, шынайы "жүректер
интеграциясына" айналдыру, әр бір ұлттық қайталанбас келбетін
сыйлау, "жанын" түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы бауырмалдыққа
жету – міне Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы прогрессивтік
ниеттегі адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық болмасын,
жалпы бүкіл адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет бұрмаса,
адамды түземесе – жер бетіне үлкен қасірет жақын екені енді анық
сезіледі.
Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек:
"американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик
болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы
рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып
қолдануымыз қажет. Тура ХІХ ғасырдың рационалист-ағартушылары
сияқты ойлауымыз жөнсіз. Олардан гөрі біз дәстүршілміз,
руханилығымыз, мұсылмандығымыз, шығыстығымыз олардан күшті.
Жаппай вестеризация, рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда
(өкінішке орай, бізде Батыстың биік мәдениетін, философиясын емес,
азғындық жағын насихаттау басым), оған төтеп беру үшін руханият, өз
дәстүріміз бізге қорған. Сөйтіп қана ұлтты дағдарыстан алып шыға
алады зиялылары, басшылары.
Қазіргі «вестернизацияның» мынадай қиындықтарын атап өтейік:
– руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу;
– эскапистік және дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі;
– нонконформизм, конформизм мен девианттық қылықтың өрістеуі;
– рационалдықты
шектеу,
тылсым
сана
қабаттарымен
манипуляциялар жүргізу, жалғыздық, үрей, шарасыздық сенімдерінің
өрістеуі;
– стандартты қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын жасанды
ұсыну.
Біз ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі
қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсінеміз. Ұлттық идея
Қазақстанда жүріп жатқан мәдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен
әлемдік өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің
арақатынасында қарастырылуы тиіс. Соңғы процестің объективтік
негіздеріне өркениеттің ақпараттық толқынының қарыштауы, Кеңес
Одағы тарқағаннан кейін батыстандыру мен америкаландырудың жаңа
пәрменге ие болуы, бұқаралық мәдениет үлгілерінің жаңа тәуелсіз
363
елдерде
барынша
таралуы,
этникалықтан
өркениеттіліктің
басымдылыққа ие болуы т.т. жатады. Қазақстанда ұлттық идеяның
қалыптасуына үш суперөркениеттердің тоғысуында орналасуы
(православтық, мұсылмандық және конфуцийлік), мәдени-әлеуметтік
транзиттік, тоталитарлық және атеистік сана қалдықтары, номадалық
діл архетиптері ықпал етеді. Басқа да ТМД елдерінде сияқты,
Қазақстанда ұлттық идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып
табылады. Қазіргі өркениеттік және ұлттық-рухани құндылықтарға
қарай бетбұрыс әлемдегі елу озық елдердің қатарына қосылуға себебін
тигізе алады.
Қазіргі кезде ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып,
ғылымды, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жетуге
мүмкіншілік бар. Оның басты бағыты – зерттейтін объектісі осы
заманнан шығып, өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой
өрісінен, елегінен өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау
мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және жаңарту. Осы мақсатта мына
мәселелер зәрулік танытады: қоғамдық келісім және демократиялық
даму, адам және қоғам, нарық және ғылым байланыстары. Ерекше бөліп
қарайтын мәселе азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының
орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – жалпы біздің үйіміз» деген
қоғамдық ой негізі орын алуда. Дегенмен бұл идея өткен қоғамдағы
ұрандарға ұқсас, негізінен саяси мәнге ие болып тұрған сияқты. Ұлттық
идея – адамдардың ішкі рухани дүниесімен астасып жатуы ғанибет.
Сондықтан біздің ойымызша қазақ идеясы мынадай формулаға айналса,
ұлтымыздың өресінен шыға ма дейміз: «Еркіндік түбі бірлікте!».
Шығыс халықтары ұлттық идеяларының құндылығы мәселесін
қарастыруда бірінші тұғырнамаға баяғыдан белгілі еуропоцентризм
жатады. Егер классикалық еуропоцентризм тек жалғыз Батыс
өркениеттілігі бар, басқалары «аборигендік», «жабайылық»,
«варварлық» деңгейден шыққан жоқ және Шығыс мәдениеттерінің
болашағы жылдам вестернизацияға енумен айқындалады деген
пікірлер төңірегінде өрбісе, онда қазіргі жаһанданып келе жатқан
және мозаикалы өркениеттерде аталған ұстаным, әрине,
мимикрияға ұшырайды:
Қазақтың ұлттық идеясына қатысты батысшылдық
ұстындармен қатар әсіре-исламдық тұғырнама туралы да айтып
өткен жөн, әрине, біз бұл жерде исламның қазақ мәдениеті үшін
құндылығына, өркениеттік функциясына күмән келтіріп
отырғанымыз жоқ. Алайда, діннің өзіндік құндылықтары мен діни
қайраткерлердің пікірін ажырата білген дұрыс. Айталық, логика пәнінен
дәріс оқитын ұстаздың қателіктері логиканың өзін төмендетпейді.
Тарихтан Орта ғасырларда христиандық теологияның Еуропада
білімнің барлық түрлерін өз қолжаулығына айналдырғаны белгілі. Сол
364
себептен секуляризация қозғалысы Батыс Еуропада ой еркіндігіне де
жеткізе алды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, әрине, діни қайта
өркендеу басталғанын және осының оң құбылыс екендігін бәріміз
білеміз. Атеистік және тоталитарлық санадан арылу өте маңызды
үдеріске жатады. Бірақ басқа мұсылман елдеріне діни білім алуға барған
жастар көбінесе сол біліммен қатар бөтен өркениеттік сананың
ықпалына да енді, төлтума мәдени құндылықтарға деген оларда
нигилистік көзқарастар қалыптасты.
Х-ХІ ғасырларда Орталық Азияда Ислам Ренессансының
өзінің шарықтау шегіне жеткенін «көзқамандардан» басқалардың
бәрі аңғара алады. Алайда моңғол шапқыншылығынан басталып,
түркілердің өзара этникалық тартыстарымен жалғасқан бұл
үрдістер, Ш. Уәлихановтың сөздерімен айтқанда, бұрын білім
ордаларына, обсерваторияларға, т.б. бай өлкеде кертартпа
билеушілер мен дінибасыларына, «зындандар» мен «кенеханаларға»
толы иеліктермен аяқталды. Бұл тарихи санадан айырылудан
айдын көрінісіне жатады.
Ендеше, ХХІ ғ. ұлттық мәдени трансформация кері жылжу емес,
біреуді қайталау да емес, жаңа жағдайда творчестволық ізденіс (мүмкін
техногендік батыс Өркениетіне альтернатива ретінде рухани сипаттағы
"еуразиялық" Өркениет құру идеясы – егерде оны біз дұрыс түсіндіріп,
айқындай алсақ) біздің бүкіл аймақтық мәдени, әлеумет, саяси
трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері басу, гүлдену әкелер.
Қазіргі әлем өз дамуының жаңа кезеңіне енді. Осындай
тұжырымның негіздері көз алдымызда: біз әлемдік қауымдастықтың
геосаяси құрылымдарындағы терең өзгерістердің куәгері болып
отырмыз. Экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени жүйелердің
ақпараттық-коммуникациялық
революциялардың
ықпалы
мен
трансформациялануы барған сайын үдеп барады. Халықаралық
байланыстар мен қатынастардың кеңеюі және тереңдеуі, жер шарының
нақтылы бір нүктесінде немесе бір аймағында болып жатқан
оқиғалардың, барлық басқа халықтар мен елдердің тіршілігіне әсер
ететіндігіне әкеледі, яғни бұл оқиғалар жалпы әлемдік, жаһандық
сипатқа ие бола алады. Бүкіл адамзаттың ортақ мәселелері бола бастап,
қоғамның мәселелері жеке мемелекет шектерінен шығады. Ақпараттық
қоғамды құру, жаһанданудың әсерлерін басқару мәселелері оларды
сезіну, түсіндіру және тиімді түрде шешу мүмкіндіктері үшін дәстүрлі
емес ұстындарды белсенді іздеуді талап етеді. Басты мәселелердің
қатарында мойындалғандары: Жердегі ауа-райының өзгеруі, дәстүрлі
этикалық бастаулардың жоғалуы, халықаралық жүйенің тиімсіздігі.
Жаһанданудың
теріс
жақтарына
қоғамның
ашықтығы
мен
коммуникацияларын озық технологиялары Жер шарының тұрғындарын
365
терроризм, нашақорлық, қылмыс, індеттер, этникалық және нәсілшілдік
жанжалдардың таралуы алдында қорғаусыз қалдыруы да жатады.
Өзінің материалдық қорларын барынша пайдалу жолына түскен,
өркениеттің дамуымен байланысты мәселеге – дағдарыстар мәселесі
жатады:
– тұлға мен қоғамның табиғаттан жаттануы, онымен барған сайын
сирек қатынаста болуы;
– экологиялық дағдарыстар: өндіріс қалдықтарымен ластану,
пайдалы қазбалардың таусылуы, тұщы су қорларының азаюы,
атмосфераның ластануы, топырақ эрозиясы. Экологиялық дағдарыс
өркениет өмірінің түпнегізді қайнарларына қиратушы әсерін тигізеді.
Шым-шытырақ жағдай қалыптасып келеді;
– тіршілікті қамтамасыз ету мәдениеті тіршілік қорларын жегідей
жейді;
– ақпараттың шамадан тыс өндірілуі. Ақпараттық өріс әсіреленген
және жиі ретте рационалды түрде қолданыла алмайды;
– қирату құралы – әскери потенциалдың шамадан тыс артуы және
жетілуі.
Өркениеттіліктің басқа қыры – ол алып келетін жағымды
құндылықтар. Бұлар:
- қоғамның ашықтығы тіршілік қалыптарының жоғарылуына,
экологиялық бүлдірулердің баяулауына, жалпы гүлденуге себепші бола
алады;
- ашық нарық жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты
молайтады, жаңа технологияларды таратады;
- әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар
мен идеяларды ала жүреді, халықаралық сауданы дамытады,
инфляцияны жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;
- ашықтық адамдық факторға инвестицияларды ұйғарады: білім
беруге, денсаулықты сақтауға, инфрақұрылымға;
- өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды
жүргізуге мәжбүрлейді;
- электрондық сауда, ақпаратқа сүйенетін «жаңа экономика»
адамдардың басты қор бола бастайтынын көрсетеді. Теңдік идеясы әрбір
адамның өзіндік құндылығымен ауыстырылды, әрбір адамның
мүмкіндігін дамыту міндеті қойылды;
- сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттену мүмкіндігі.
Қазіргі әлемде әрбір елдегі ішкі процестер мен дүниежүзілік
сахнадағы жаңа құбылыстардың өзара әсері барған сайын күшейіп
келеді. Соңғы уақытта жалпықамтушы жаһандану ішкі және сыртқа
саясаттың арасындағы қырды өшіріп келеді, бұл ең алдымен
дүниежүзілік жаһандық ағымдармен және үдерістермен қаржылық,
әлеуметтік, экономикалық және басқа да салаларда анықталады. Бұл
366
шұғыл және кенеттен келген қаржы дағдарыстарының әлемнің тұтас
аймақтарында жақсы тұрмыс халы мен тіпті әлеуметтік және саяси
тұрақтылықтың тамырына балта шаба алатынын білдіреді. Осындай
жағдайларда мемлекет әлсірей бастайды, билік пен үкіметтік емес
ұйымдардың қызу араласуы іске асады. Бір мезгілде қоғамдық пікірдің
рөлі артады. Осының нәтижесінде әлеуметтік-саяси үдерістер барған
сайын қоғамдық қысымға ұшырайды.
Модернизация деп индустриялық және әлеуметтік өрістегі артта
қалуды жеңіп шығуға деген талпыныста көрініс табатын қоғамдағы
жаңғырту процесі түсініледі. Модернизацияға деген қажеттілікке тек
дамушы елдер ғана емес, сонымен бірге дамудың жетілген деңгейінен
шыға отырып, өзінің мақсатты мен міндеттеріне сай, батыс елдері де тап
болады. Модернизацияның классикалық үлгісі әлеуметтік батыстық
өркениеттің бейнесі және баламасы түрінде, бірбағытты даму ретінде
ұғынылып келді. Бүгін бұл түсінік өзгерді және модернизация тек дайын
үлгілерді қарапайым қабылдауға келіп тірелмейтін, ал дәстүр мен
қазіргінің элементтерін синтездеуді іздестіретін, күрделі және көпқырлы
процесс ретінде түсініледі. Халықтың дәстүрлері мен салттарын елемеу
мәдени-әлеуметтік дағдарысты туындатады.
Бүгін бір өлшемді батыстық әмбебаптылықтың орнына, түрлі
өркениеттердің өзара әрекетімен құралатын, әмбебаптылықтардың
күрделі қиылысуы пайда болды. Жаһандық өркениеттік қатынастардың
жаңа парадигмасы құрылып келеді, осында шаруашылық жүргізу мен
әлеуметтілік
типтерінің
түрлі
бағытталғандығы
қоғамның
интеграциялануы мен қоғамның өзіндік бірегейленуі функцияларының
мәдениетке жатқызылатындығына әкеледі. Шығыстық және еуразиялық
мәдениеттер үлгілерін модельдей отырып, мәдениеттің болмыстық
нақтылығы ретіндегі өркениет әлдебір өлшемдер сәйкестігін
бекітетіндігін және түрлі этникалық, әлеуметтік, саяси жақтарды
біртұтас қоса отырып, сол арқылы интеграциялық функцияны да
атқаратын айғақтылығын елемеген дұрыс емес. Посткеңестік
мемлекеттердегі
дағдарыстық
жағдай
барлық
сословиелердің,
топтардың, индивидтердің әрекетін белсенділеу етпей, КСРО-дағы
басым құндылықтар мен бағдарларды өзгертпей, ешқандай қозғалыстың
мүмкін еместігін көрсетті. Бірақ ұлттық өзіндік санада сақталып қалған
дәстүршілдік те, әсіресе модерндеу процестері шарттарында, жағдайды
бір
Тек халықтың мәдени өзіндік бірегейленуі оның әлемдегі орнын
көрсетеді. Тек ұлттық мәдениет жоғары эстетикалық, этикалық,
әлеуметтік талаптарға жауап береді. Бұл тұрғыдан өзгермей берілген
ретіндегі жалпыадамдық мәдениетке ұмтылыс негізсіз. Ұлттық
мінездердің әр түсті көптүрлілігінде осындай жалпыадамдық мәдениет
немесе руханилықты толық ескермеумен қатар жүретін таза материалды
367
мұқтаждықтарды өтеуге, немесе қайсыбір жалғыз «этнографиялық
дербестің» ұлттық мінезінен шығарылған тіршілік формаларын басқа
барлық халықтарға күшпен тануға келіп тірелер еді. Ұлттық мәдениет
өзін сақтауға жоспарланған, оның кеңістіктік қуаты «шекара» ұғымымен
шектеледі. Осындай шекараны жарыққа шығару оның ерекшілігі мен
қайталанбайтындығын айқындау процесі бола бастайды. Еуразиялық
концепцияға сай мәдениетке үйренуге болмайды, ол қабылдана да
алмайды. Мәдени дәстүрді жалғастырушы – бұл оны өзінің рухани
болмысының бөлігіне айналдырушы, яғни оны ол қайтадан құрады.
Әрбір адамда мәдениет өткен шақтан қазіргіге секіріс жасайды. Мәдени-
тарихи даму бірбағытта емес, ол айналмалы. Мәдениет эволюциясы
тұйық мәдени шеңбер шектерінде жүріп жатады.
Посткеңестік кеңістіктегі ұлттық мәдениеттерге қатысты
әмбебаптандырушы руханилықтың бірнеше парадигмалары бар. Бұл
батыстық, шығыстық (исламдық), орыстықтың тек бірін ағарту,
гуманизм, зерделіліктің жалғыз иегері ретінде сипаттау, ұлттық
мәдениетті тек бір руханилықтың әмбебапты үлгісінде саналы түрде
қайтадан жасап шығару талабына жатады. әрине, тек бір мәдениетті
таңдап алудың жүзеге асуы неғайбыл, оның үстіне қазіргі жағдайларда
мәдени экспанция жиі саяси экспанциямен теңестірілді, оның
алғышарты ретінде қарастырылды. «Идеологиялық текетірестің соңы
болып табылатын және қарама-қарсы тұру мәдени шекаралар,
өркениеттік арқылы өттетін, әлемдік саясаттың жаңа кезеңіне ене
отырып, Қазақстан үшін айрықша, өркениеттік деңгейіндегі бірегейлік
барған сайын маңызды бола бастайды» [221].
Қазіргі жағдаятта «Шығыс – дәстүрлі қоғам, Батыс – қазіргі
әлем» антитезасы мәдени модернизацияның барлық түрлі мәселелерін
шеше бермейтіндігі анық. Бұл анықтамалар болмыстың әлдебір
антропологиялық, әлеуметтік және өркениеттік өлшемі болып табылады.
Әлеуметтік, этникалық және мәдени мәселелердің пайда болуы
шамасында, олар бүгін модернизациялық процестердің динамикасын
анықтайтын, сол импульстерде айқындалады. Бір жағынан, Еуразияда
жүріп жатқан барлық процестерде, олар батыстық негізде қалыптасып
келе жатқан, сол жаһандық өркениеттің ықпалы арта түседі. Басқа
жағынан, дүниежүзілік өркениеттердің плюрализмі еуразиялық
аймақтарға да тарайды. Сонымен, модернизация Қазақстанның
әлеуметтік-мәдени жүйесінде терең өзгерістерге әкеледі, бірақ бір нәрсе
анық: мәдени қуаттан айырылған, саяси өзіндік анықталуға тірелген,
ұлттық қайта жаңғыру мәдениет болмысының бұрынғы кеңесік
жақтарын қайта жаңғыртуға, оның аффирмативтік функцияларын қайта
жаңғыртуға әкеледі. Ұлттық мәдениеттер олардың кеңістікте алдыңғы
өзара әсері мен интеграциялануы процесінде шекаралық мәдениеттер
ретінде, түрлі өркениеттердің кеңістіктің, уақыттың өлшемдеріндегі
368
өзара әрекеттері нәтижесі ретінде қалыптасты және бұл олардың басқа
мәдениеттердің түрлі элементтерін, оларды жеңіл сіңіре отырып, өзіне
қабылдау қабілеттілігін ұштады. Оның үстіне, қазақ мәдениеті ең
басынан өзінде түрлі этностардың бірге өмір сүру қабілеттілігін, мәдени
синтезге қабілеттілігін, өзінде аяқтап отырды. Ол, тарихи тәжірибені
(соның ішінде бөтен халықтардың да) жалпылауға бағытталған
климаттық, геосаяси жағдайларға бейімделу тетіктерін жетілдіруге
бағытталған, мәдени кодтарды шығарды, бұл оның мәдени адаптация
мен интегративтік әрекетке қабілеттілігінің куәсі болып табылады.
Мәселе руханилықтың белгілі бір элементінің тұтастық түріндегі
мәдени-өркениеттік жүйені белсенділендіру қабілеті туралы болып
отыр.
Халықтың рухани дүниесі қаншама бай болғанымен, ол ұлттық
дүние болып қала береді, белгілі бір кеңістіктік-уақыттық шекараларда
өсіп жетеді, этностың, халықтың, ұлттың дүниетүйсінуі мен
дүниетүсінуінің ерекшелігін әйгілейді. Ол өзінің дүниені аңғаруының
қайталанбайтындығын бекіте отырып, дүниежүзілік мәдениет пен тарих
тәжірибесіне ашық, басқа мәдениеттерді түсінуге қабілетті, бұл
мәдениеттермен өзара әрекет етуге дайын, тек сондай мәдениет үшін
ғана болашақ ашық болады. Бүгінгі ұлттық рухани мәдениет ашық, өзін
өзі ұйымдастырушы динамикалық жүйе ретінде дамуға міндетті. Бұл
үшін жағдайды жасау – өзіне өркениеттік шұғыл өзгерістердегі
қазақстандық қоғамды модернизациялаудың қиын міндетін алған, жаңа
ақпараттық қоғамның жаһандану кезеңіндегі құндылықтар әлеміне еніп
бара жатқан, мемлекеттің ісі.
Жаңа
демократиялық
Қазақстан
шетелдермен
мәдени
байланыстарды дамытуға белсенді түрде ат салысып келеді.
Мемлекеттің мүмкіндігі шектелген, ал демеушілік көмек әлсіз және
тұрақты емес. Қазіргі жағдайларда әлемдік қауымдастық бәрі-бір
қазақстандық мұражайлардың, музыка мен театрдың қазыналарымен
танысып келеді. Таңдаулы ұжымдар мен орындаушылар гастрольдерге
барып жүр, халықаралық көрмелер мен вернисаждар өткізілуде.
Гастрольдік қойылымдар мен көрмелер шетелдерде тұрақты орасан зор
қызығушылық танытып келеді.
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануы және ол
қамтамасыз ете алатын үлес туралы айта келе, оның гуманитарлық
барлық салаларда дүниежүзілік ынтымақтастыққа ашық екендігін атап
өткіміз келеді. Демократиялық даму, адамгершілік шыңдалу әйтсе де
жинақталған мәдени мұраны сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес.
Барлық экономикалық және әлеуметтік соңғы жылдарды қиындықтарға
қарамай, көпұлтты қазақстандық мәдениет өзінің өміршеңдігін көрсетті.
Қазақстан отандық ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау ісінің,
ұлттық мәдениеттің тәжірибесі және жетістіктерімен бөлісуге дайын.
369
Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау және
дамыту құқына, ал әрбір азаматқа – шығармашылық еркіндікке, мәдени
өмірге қатысуға кепілдеме берді. Бұл конституциялық қағидалар
парламент қабылданған «Мәдениет туралы Заңда», «Авторлық құқық
туралы», «Мұрағаттық қорлар және мұрағаттар туралы», «Мәдени
құндылықтарды алып шығару және әкелу туралы», «Кітапханалық
жұмыс туралы», «Мұражайлық жұмыс туралы» заңдарда ары қарай
дамытылды.
Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай,
мәдениеттің бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді.
Бұл жағдайда саясаттың басты бағыттарына Қазақстанның бай мәдени
және тарихи мұрасын (соның ішінде ЮНЕСКО қамқорлығында тұрған
объектілерді де), ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін сақтау, қалпына
келтіру және пайдалану, мәдени инновацияларды дамыту, мәдени
құндылықтарды қорғау жүйесін орнықтыру, қазіргі өнер мен дарынды
жастар өкілдерін қолдау, барлық азаматтарға мәдениет және оның
ұйымдарының нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік туғызу жатады.
Жуық арада негізгі инвестициялық құюларды мәдени мұраның
ерекше құнды объектілерінің материалды-техникалық негіздерін
нығайтуға, оларды қалпына келтіру мен қайта құруға бағыттау
жоспарланып отыр. Қазақстанда шетелдердің мәдениеті мен оларды
бағалаудың критерийлерін қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді.
Халықаралық келісімдер нәтижесінде біздің елдің қабылдаған, мәдени
ынтымақтастық пен айырбас саласындағы барлық міндеттіліктерді
бұлжытпай орындау керек. Олардың әрекеті мәдениетпен байланысты,
үкіметтік емес барлық халықаралық ұжымдардағы Қазақстанның рөлін
белсенді ету барған сайын маңызды болып келеді.
Қазақстан
мәдениетінің
әлемдік
қауымдастыққа
интеграциялануында, оған Қазақстан 1992 жылы кірген, ЮНЕСКО
халықаралық ұйымының рөлі маңызды. ЮНЕСКО қолдауымен
өткізілген ауқымды шаралардың арасында Абайдың 1995 жылғы 150
жылдық мерейтойын және 1997 жылғы Мұхтар Әуезовтың 100
жылдығын халықаралық аталып өткенін ескерген жөн. Париждегі
коллоквиумға және Алматыдағы конференцияға қатысқан, француз
философтары Ж.Перар мен М.Перро Абай шығармашылығын зерттеу
мен талдауға ерекше үлес қосты және оған жаңа тұрғыдан келіп, Абай
мен Серен Кыркегордың көзқарастарына салыстырмалы талдау берді.
Мәдениеттің қалыпты дамуы шығармашыл кадрларды тұрақты
түрде жасап шығару жағдайларында ғана мүмкін. Бұл мақсатта мәдениет
пен өнер саласында көпдеңгейлі кәсіби білім беруді дамыту
ойластырылған және мәдениет қызметкерлерін дайындау, қайта
дайындау және кадрларды ротациялауда тұтас жүйені құру,
370
менеджерлер мен әлеуметтік қызметкерлер сияқты, жаңа мамандықтар
бойынша мамандар дайындау ісіне басымдылық ұйғарылған.
Кәсіби өнерді қолдаумен қатар, олар бүгін жан-жақты өрістеген
және біздің Отанымыздан тыс елдерде де үлкен табыстарға жеткен,
халықтық, фольклорлық туындылар зор маңыздылыққа ие.
Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан
әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі
процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көпэтникалық
табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік
беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың
рухани
өмірі,
қаншама
ұлттық
құндылықтар
бүкіләлемдік,
жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие болғанда немесе
бола алатындығында, соншама оқиғалығында және қоғамдық
көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек қазақтар
үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір сүретін барлық
ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін білдіруінің алғышарты
мен
жағдайы,
қазақстандық
ұлт
институционализациясының
жүйеқұрастырушы факторы болып табылады.
Халықтың әлеуметтік өмірі, ұлттық сананың әрекет етуі, ұлттық
мәдениеттің болмысы тек күнделікті тіршілікпен шектелмейді. Қазіргі
ұлттық мемлекеттің модернизациялық және өркениеттік тәжірибесінде
ұлттық сана мәдениет универсалийлеріне (әмбебаптарына) қатысты
ерекше бір сарапшы рөлін атқарады: мәселе жалпыадамдық
құндылықтардың этностың дүниетүйсінуіндегі жаңғырығы туралы
болып отыр. Бұл әмбебаптарды сынақтан өткізу де ұжымдық сипатқа ие.
Модернизациялық процестер барған сайын ашық, өзіндік дамушы
жүйеге айналады, мәдени ұйымдасу мен халық типтері мен ұстындары
пайда болады. Егер сөз өркениеттік даму кеңмәтініндегі мәдениет
туралы болып отырса, онда мәдениеттің адамдарды тек қана біріктірмей,
оларды ажырататынын да ескеру керек. Экономиканың ашықтығына
ұқсас, көптүрлі мәдени формаларды ассмиляциялауға қабілетті,
«қуатты» ұлттық мәдениеттердің ашықтығы жөнінде де айтуға болады.
Полиэтникалық мемлекет сияқты, әлемдік қауымдастық адамзаттың
бірегей мұрасы ретінде ұлттық мәдениеттердің бүкіл көптүстілігін
сақтауға мүдделі.
Ұлттық өзіндік бірегейлену жағдайларында жеткілікті өткір
формалар қабылдайтын, дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы
дағдарыстың нақтылығы мен мәжбүрсіздігін еске алмауға болмайды.
Ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюы жағдайында ұлттық
мәдениет
ұлттық
мемлекеттіліктің,
ұлттық
азшылықтардың
құндылықтары мен нормаларын, сонымен бірге этноәлеуметтік және
жалпыадамдық мәдени бағдарларды өзінде жинақтайды. Бірақ, білімнің,
коммуникацияның
жаңа
формаларының,
озық
технологиялық
371
тәжірибенің басымдылығы, ұлттық мәдениет шектерінде жеңіл
сіңірілетін, жалпыиндивидуалдық заңдылық өлшемдерін қабылдағаны
анық. Модернизациялық процестердегі гумандану жағына қарай
бұрылыс, мәдени әрекеттегі тұлғалық басымдылықпен себептелген,
жаңа сапалар үшін негіздерді (мәдени, өркениеттік) ашады.
Қазіргі әлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің жаһандық
процестері жүзеге асуда, сондықтан этнос мәдениеті әлемдік мәдениет
кеңмәтінінен тыс өмір сүре алмайды. Ұлттық мәдениеттің
қайталанбайтындығы оның адамзаттың өркениеттін қозғалысынан
бөлектенуін ұйғармайды.
Техногендік әрекеттердегі жаһандандыру процесін нысанаға
алған, бүгін құрастырылып жатқан адамзат бірлігінің мұраты ретіндегі
жаһандану бағдарлары оған қайшылықты қатынас туғызады.
Жаһанданудың ықпалы дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына,
жеке мемлекеттердің дамуына да, этникалық көптүрліліктің сақталу
болашағына да, тұтас мәдениеттің жай-күйіне де тиеді. Түбінде барлық
өзгерістер,
жаһанданумен
ілесіп
жүретін,
әлеуметтік-мәдени
трансформацияларға ең сезімтал болып келетін, әрбір адамның өміріне
көшіріледі.
Алайда бұл мәселе бойынша зерттеулерде жаһанданушы әлем
жағдайында күрделі эволюцияланушы жүйе ретіндегі мәдениеттің күйі
мен жаһанданудаң антропологиялық мәселелері ғылыми талдауда
алғашқы қатарда тұрған жоқ. Мәселенің экологиялық және геосаяси
жақтары, әлемдік экономиканың интернационалдануы жеткілікті анық
көрсетілген, мәдениет саласындағы процестердің шиеленісуі жеке
жаңғырықтық көріністер сапасында қарастырылады.
Адамзаттың бүгін екі үлкен қосынға бөлінгені әбден анық. Бірақ
бұл бәрінен бұрын көркем метафора, өйткені бұл бөлініс кеңістіктік-
территориялық немесе идеялық-саяси ұстындар бойынша жүргізілген
жоқ. Адамзат өркениеті тарихында алғашқы рет адамдарды құндылық
және тіршілік мәні бағдарлары айқын ажыратып тұр. Бұқаралық ақпарат
құралдарындағы табиғи катаклизмдер туралы күнделікті хабарларға мән
бермейтін, демографиялық қопарылыстар жөніндегі қайталанушы
ескертулерге үйреніп кеткен, өз өміріне риза, әлеуметтік жанжалдар мен
соғыстарды, эпидемияларды, аштық пен терроршылдықты елемейтін,
жер шары тұрғындары бір бөлігінің дүниеқабылдау ерекшілігі, мүмкін,
жердегі бүкіл тіршіліктің жойылып кету қауіпінің жоқ екендігіне әбден
сенуден тұратын шығар.
Бұл үмітсіз жеңіл ойлы оптимистердің әрбірінің әлдебір тектік
жадысында бекітілген және соған сай құндылықтар жүйесінде
мәдениетпен қуатталған ақпарат, оларды адамзаттың игілікті болашағы
туралы иландырады.
372
Алайда ядролық энергия ғасырындағы әлемге деген осындай
жайбарақат қарым-қатынас планеталық қауымдастық үшін жойылу
қауіпін туғызады. Адамдардың біршама бөлігі оны ұстанатын, өтіп
жатқан процестерге деген көзқарастың, бұрын болмаған биіктік пен
күрделікке жеткен адамзат өз дамуында түпсіз құз-шыңыраудың
жағасында тұр деп түсінуі, таңқаларлық емес.
«Біз ойластыра алатынымыздан, біздің жауаптылығымыз
анағұрлым артық, – дейді Ж.П.Сартр, – себебі ол бүкіл адамзатқа
таратылады» [222].
Сондықтан кім бүгін жаһандану мәселелерін (қазіргі өркениет
дамуының негізгі бағдарларының бірін) тек сұранысты философиялық
тақырып деп, қаптаған кітаптар мен түрлі тектегі жариялаулар туралы
мысқылдайтын,
ғылыми
қауымдастықтың
сол
мүшелерінің
көзқарастарымен біз келіспейміз. Әрине, тақырыптың спекуляциялануы
ғылыми танымда мәселенің өзектілігінен де туындай алады. Алайда,
гуманизмнің қалдықтарын жою үдерісін тоқтату және өркениетті
дамудың перманентті жолына қою үшін, тек әдемі және дұрыс сөздерді
пайдалана берудің алдын ала жеткіліксіз екендігі жөнінде академик
Н.Н.Моисеев әбден дұрыс айтады. Адамзат болашағы «шешуші түрде
білім, сауаттылық, мәдениеттің таралуы мен сипатына және олар оның
салдары болып табылатын», оларды ол дүниетүсіну деп атаған,
дүниетанымдық әмбебаптарға тәуелді [223].
Сонда да, құндылықтардың жаңа жүйесін – «жаһанданған әлемнің
этосы» – немесе күрделі әлемде әрекет етудің әлдебір жалпы
ережелерін тану және қабылдау үшін, бүгін планетамызда не болып
жатқанын түсіну маңызды. «Ұғынылған кедергі тек елестерді алып
тастамай, сонымен бірге алдымызда тұрған мәселелердің шынайы
мөлшерін көруге көмегін тигізеді», себебі бүгін таңдау әдеттегідей
жақсылық пен жамандықтың, тұрақтылық пен өзгермешіліктің арасында
емес, ал үлкен және кіші жамандықтың, олар үшін әр түрлі құн төлеуге
тұра келетін, әр түрлі орнықты емес бағыттардың арасында жүріп жатыр
[224].
Өз көріністерінің көптігінің күшінен жаһандану жалпы бағалау
мен сипаттауларға онша келе бермейді, сондықтан бұл жұмыста
«жаһандану» термині жалпы ұғым ретінде қолданылады. Онымен
экономика, мәдениет, саясат саласындағы мәдени және әлеуметтік
формациялардың арасындағы байланыстарды үдете түсуді енгізетін,
түрлі деңгейдегі шекарадан тыс өзара әсерлердің барған сайын
күрделенетін кешенді процестерін сипаттайды. Бұл түрлі әлеуметтік-
мәдени деңгейлерде, бір мезгілде әлемнің бірлігі мен оның
дифференциациясын адамдық әрекеттің түрлі шеңберлерінде терең
трансформациялау арқылы қамтамасыз ететін, жаңа байланыстар мен
өзара тәуелділіктерді құрастырып шығады.
373
Мұндай әлеуметтік-мәдени үрдіс жаһандануды түсіндіруде ерекше
әрекет
пен
тәсілдерді
қажет
етеді,
әлеуметтік-мәдени
трансформациянын жалпы қырын есепке алмау, яғни оңай анғаруға
болатын, бірақ та оның заманауи өркениетке ықпалы айтарлықтай
артқан, өткен кезендегі қайнар негіздерді, қалай болғанда да нақтылы
пәннің шеңберінде дамудын бір жағын ғана зерттеу, ең күрделі
құбылыстардың бірін біржақты және таяз түсіндіруге алып келеді.
Интеграцияланған
ғылыми
пәндерді,
сонымен
бірге
глобалистиканың әдістерін кең қолдану, адамзаттың жақын арадағы
таңдаған болашақ бағдарының тиімділігін жанаша тандауға мүмкіншілік
береді. Аталған қатынастағы жағдайда, мысалы адамзаттың ары қарай
өмір сүруінің шарты ретінде нақты формалардың табиғи, әлеуметтік
және мәдени үрдістері жаһанданудағы ең негізгілердің бірі бола алады,
сонымен қатар жетістіктерін өзінің кең ауқымды түсіндірмесінде
қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай тұрақты даму мақсатындағы
қатынас та, тек жердегі өмірді сақтаумен ғана шектелмей, сонымен
қатар болашақты және оның басымдылық орын алуына байланысты
барлық әлеуметтік-мәдени үрдістердің бағытын ұйымдастырып,
айқындайды. Дегенмен, қоршаған ортаның өзгеруін өршітетін
шаруашылықты экономикалық халықаралықтандыруда, ақпаратты-
коммуникативті байланысты интенсификациялауда, этномәдени өзара
қатынаста, бір сәтте көрініс табатын, яғни әлемнің өзара
байланыстылығын және тұтастығын “жақындастыру” үдерісінің мәнің
ашу тек қана пәнаралық зерттеу арқылы ғана іске асуы мүмкін. Демек
пәнаралық бас тартып, қызығушылықты тұрақтылықтан тұрақсыздыққа
аудару, даму бағытының өзгеру мүмкіндігін және бірқалыпты еместігі
мен тепе-тендіктен алыста тұратын, жүйенің өзін-өзі ұйымдастыру
теориясының басқа жайттары, техногенді өркениет кезенінің негізгі
тенденциясын зерттеудегі синергетикалық ізденістін негізгі тәсіліне
айналады. Мұндай баяңдауда әлеуметтік-мәдени процестерді болжаудың
толыға түсетінің анғару өте маңызды, себебі зерттеуші алдында болашақ
мүмкіндіктерінің кеңістігін көрсетуші ретінде ашылады, ал қазіргі сәт –
таңдаудың қызу үрдісі және әлеуметтік-мәдени үрдістердің дамуы
ретінде түсіндіру маңызды түрде өзгереді.
Жаһандану замандық әлеуметтік, мәдени дамуға күшті толқу береді
және адамзат сол мәселелермен танысқаны кеше емес. Еске түсіретін бір
нәрсе, бұл мәдени және әлеуметтік үндестердің интеграциялық
бастамасын дамыту сияқты жаһанданулық тенденция, ХХ ғасырдың
соңғы төртінші ширегінде екпінмен ашылғанымен бірақ та адамзат
олармен кемі екі жүз жыл бұрын істес болған. Сол немесе басқа формада
адамзат байланысты қалыптастыруға және өзара байланыс үрдісін
жалғастыруға ұмтылды. Жаһандану өзінің қалыптасу үрдісінде мәдени
әлеуметтік мықты дамуға айтарлықтай тұрақсыз сілкініс берді.
374
Жаһанданудың уақыттық және кеңейіп ашылып “жетілуі” мәдени
әлеуметтік үрдіс ретінде бізге оны тек өткен және алдағы жағдайды
салыстыру жолы арқылы ғана бағалауға мүмкіндік беріп қоймайды,
сонымен қатар жаһанданудың жалпы даму үрдісінің қыр-сырын
толыққанды
зерттеуге
мүмкіндік
береді.
Ойлаудың
сабақтас
принциптері біздің алдымызға баламалы негізді шешуші жағдайдағы
жолмен шешпей, шын жағдайдың жолын салыстыруға мүмкіндік береді.
Қаншалықты синергетика дамудың қайталанбас терең мәнін түсінуге,
оның тарихи ретроспективтік және перспективтік шарттарын
көрсеткенімен, ол көп нұсқалық пен алтернативтілікке алып келеді.
Күш арқылы мәдени әлеуметтік үндестіру бағыты өзгеруінің
ықпалымен мәдени дамуыдың кездейсоқ сипаттамасы жүйе ретінде
өршіте түседі. Олар ауыспалылық флуктуацияның өзіне тән жолымен
стимулятор ретінде болған кездегі жағдайда пайда болды, яғни әртүрлі
ұқсастықты
күшейтеді,
сезімталдықтың
бастамасын
өзгертеді
жүйелердің эволюциясының толық дискретті көмегін тудыртады.
Тұрақсыздыққа байланысты, флуктуация күшейе түседі. Бұрыңғы
жүйенің құрылымын ол қозғалысқа келтіретін және оны өтпелі
кезеңнен шығаратын болады. Дәл сол уаққытта мәдениеттің алдында
басқа аумаққа өту үшін жолды таңдаудың ауқымды бейнесі ашылады.
Аңғаратын бір нәрсе дамудың жобасында бір-бірінен мүдделі өзгеше
болуы мүмкін және жаһандану үстінде көрсетілген немесе басқа
мәдениеттің мақсатының мүмкіншілігі, тек қана кеңейіп коймай,
сонымен қатар тарылуы да ықтимал.
Көрсетілген амал бойынша, тұрақсыз жүйенің фундаменталды
әрекетінің принципі эволюция және инвалюция кезеңінің оқтын-оқтын
ауысуына негізделген, оны өрістету және бәсеңдету, бәсеңділіктің
тоқырауына алып келетіндігін көрсетеді, үдемелі үрдістің орнына
басылу, әлсіреу, интеграцияның және тоқыраудың, дезинтеграцияның,
сонымен бірге бөлшектік құлдыраудың орталыққа үйлесу кезеңі дәл
келуі мүмкін. Сондықтан жаһандану үрдісінің интеграциялық
доминанты – ақпараттық-коммуникативті технологиясынның үдемелі
дамуы ел арасы және өркениеттілік өзара әрекеттестіктің кеңеюі,
экономикалық қаржы аумағын халықаралықтандыру – диференциация
және диверсификация тенденциясының пайда болуын ығыстырып қана
қоймай, сонымен қатар оларды шиеленістіре түседі. Сәйкесінше
әлемдегі мәдениеттің өзара әрекеттестік үрдістері, оларда дәл
айтылмайтын адамдармен мүлдем анықтала алмайтын, зерттеудегі
әртүрлі аттракторлармен өткізіледі.
Интеграция және диференциацияның әр бағыттағы тенденциясын,
бірге тіршілік етуін қосатын, жаһандану үрдісінің қайшылықты
табиғаты, әртүрлі деңгейде көрініс табады, жаһандық және локальдық -
көрсетілген екі жақтылық толықтырушылық принципі бойынша бірге
375
өмір сүреді, тұтастықтың күрделі формасы ретінде қарастырылуы
мүмкін. Мұнымен өркениетті үрдістер екі бағыттылықты көрсетеді:
өзіндік этномәдениетті сақтау және үйлестіру тенденциясын дамыту.
Өзара
қатынастың
күрделі
жүйесіне
енуі
этномәдени
идентификациясының
жаңа
синтетикалық
формасынының
қалыптасуына алып келетін мақсат халықтардың өзара тәуелділігінің
және әлемдегі мәдениеттің өсуі, олардың мәдени және әлеуметтік
егемендігімен бірге өмір сүреді. Қарама-қарсы жағдайда ақпараттық
ұялардың дамуы арқылы мәдениеттердің бір типінің құндылығын
басқалардан жоғары бағаланып, экономикалық халықаралықтандыру
және басқа жолдардың формасынының таралуы мен өмір сүру тәсілдері
барлық әлемдік бірлестіктерге байланып тұрады, шын мәнінде
этномәдени әртүрліліктің төмендеуіне және ұқсастығына алып келуі
мүмкін. Жаһандану үрдістеріне енуде әрбір мәдениет және әрбір этнос
өз әдісін және өз ырғағын жасап шығарады. Өзін жалпы әлеуметтік
ретінде сақтаудың жергілікті мәдени өзіндік ерекшелігін келесі
мәселенің шешушісі ретінде интеграциялық белсенділік және ашық
жағдайда бейімделу болып табылады. Әйтсе де ертелі кеш пе барлық
халық немесе мәдениет жаһандық ақпаратық технологиялық бағытының
ықпалында қалады.
Жаһандану жағдайында ұлттық дәстүрлерді стандартизациялаудан
және ұқсастықа апаратын жолдан шығу, этникалық мәдени
жабықтықты, олардың туыстық белгісі ретінде сақтау мүмкіндігі аз,
қанша дегенімен, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму
деңгейінің жақындас болғанымен мәдени тәжірибенің ортақтығына
байланысты типологиялық біртектіліктен шығуға қол сілтейді. Әрбір
мәдениет қайталанбас және ерекшелігі әркелкі бейнені береді,
сондықтан ұқсас мәдениет және қоғам болмайды. Дегенмен,
эмпирикалық әр түрлі жолдар арқылы көрсетілген, тығыз стилдік
қосылған жаһанданумен оңайлықпен олар үйлесе қоймайды.
Өзіндік ерекшелікті сақтау мәдениеттің әмбебап қасиетті дәстүрін
концервациялауды, мәдени формальды қарапайымдауды, қысқартуды
білдірмейді, сонымен бірге айналасында инновация өрістейтін, әрқашан
да күрделенетін, мәдениет өзегінің тұрақтануына және дамуына алып
келеді.
Өзіндік ерекшелікті сақтау тұрақтылықтың негізі және осыған
қарсы болып табылатын тұрақсыздық және әр алуандық дәстүрлі
мәдениеттерде де өз көрінісін табады. Жалпы айтқанда, әр түрлі
контекстердің жағдайындағы өзіндік ерекшеліктердің көрінісі әр қилы
типтерде болуы мүмкін: ''көрінісі'' әр қилы типтердің қалыптасуы,
мүмкін “ашықтық жағдайындағы өзіндік ерекшеліктерді сақтау”
мақсаты, өзінің табиғи және әлеуметтік мәдени кеңістігін қорғау, өз
құндылығын өзгелерге қарсы қою және өзінділік болашаққа ұмтылыс
376
мақсаты, өзара келісім жасаудың логикасын үйлестіру, бірге өмір сүру
үшін жағдай жасау, сұхбатқа дайындалу, өзіндік ерекшелікті сақтау,
құрал формасы ретінде «project idetity» жаңа азаматтық қоғамға тән
нәрсені жасап шығару [225]. Этникалық фактор қысым көрсетуші
компонент ретінде, сонымен бірге тек қана басқа өзіндік ерекшеліктерін
сақтаушылардан ғана қолдау табады. Діни, территориялық бірақ та
болашақтың дамуына апаратын ұмтылыстың бастаушы фактор ретінде
ол карастырылмайды. Дәстүрлі мәдениеттердің қатаң қазықтарының бірі
ретінде есептелетін діннің негізінде қалыптасатын өркениеттердің өзі
де ортақ келісімге барулары керек.
Басқа құндылықтардың үстемдік етуіне байланысты қатерді сезінген
Н.Н. Моисеевтің атап айтқанындай, протестантизмнің “таңдаулық”
канондау этикасының басымдылығы болмағанда ғана христиандық және
мұсылмандық әлемнің бейбіт өмір сүруі мүмкін [223]. Сондықтан
жаһандану жағадайында тек қана әр түрлі мәдениеттің дәстүрлерінің,
сәйкестігінің мәселесі ғана маңызды болып табылмайды, сонымен
қатар құндылықтар да келешегі бар болып есептеледі. Батыстың жолы,
протестанттық құндылықтың негізінде ортақ бір этиканың
қалыптасуына, бұкаралық сананың ұқсастығына алып келетін мәдениет
әр алуандықта, өз мақсатында әмбебап болып есептелмейді, сондықтан
әртүрлі көзқарастардың типтеріне ол үндес келеді. Қаншалықты
мәдениеттің бейімделу мүмкіндігі күрт төмендейтіндіктен, мұндай
жаһандану идеясы тығырыққа алып келуі мүмкін.
Инновациялық қоғамды қалыптастырушы тип даму ырғағының
қарқындануына, мәдениеттердің күрт аламасуына алып келеді. Жаңа
жетістіктер мен шығармашылықтың нәтижесіне ерекше талпынған,
мәдени-әлеуметтік тәжірибені және инновацияларды сақтаудың амалы
болып табылатын, дәстүрлер арасындағы толықтырғыш принципінің
бұзылуына ол алып келеді. Қарсыдан келмеу керек деген түсінік негізгі
принцип болуы керек, егер де барлық мәдениет бірігіп жатса, онда біз
нақтырақ айтсақ, өз мәдениетіміздің заңды қызметінің тұтастығын
қорғауымыз қажет. Сыртқы нақты өмірде тек қана өткен мәдениеттің
мүддесі үшін өмір сүру мүмкін емес.
Жаңа форманы қабылдау – бұл мәдениеттің өзін дамыту кезеңі,
сондықтан заманауи этникалық мәдениеттердің өзі алмасушылықтан
тәуелсіз емес, себебі озық мәдениеттерді дамытатын жаһандану
үрдісінде көбінесе жаңа форма қалыптасады. Құрылымның
тұрақтылығы әр келкіліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Қолайлы
жол, шектіліктен бас тартып, шегіну болып ол көрсетіледі.
Партикулярлы және әмбебап, шектелген және жаһанданған,
жергілікті және жалпы дағдарыстар оның негізгі категорияларына
жатады.
Бірақ
та
экономиканың
өзгеріс
мысалы,
оны
377
халықаралықтандыру процесі, және экономикалық өзгерістер әр
деңгейлі құбылыстар болып табылады.
Әйтсе де мәдениеттің әртүрлілік бағытында дамиды, дегенімен
онда жүріп жатқан процестер, замнауи әлемнің талабына сай біркелкі
еместігі және қарама қайшылығымен, аса күрделігімен ерекшелігімен
ерекшеленеді. Жаһандық процестер, сыртқы мәдени кеңістікті
интеграциялай отырып, ішкі диференциацияны күшейтеді және де
заманауи адам үлкен шиеленістердің ортасында калады. Сұрыпталған
нақты сызылған ұяшықтардың орнына, яғни әлеуметтік кеңістіктегі
анықталған шекаралармен анықталған кеңістікте өмір сүру үшін, яғни
әлеуметтік кеңістіктегі жылжымалы шекаралар байқалмайды және қиын
анықталады. Мұндай әрқилы және келелі әлеуметтік-мәдени және
рухани-құндылықты мәселердің туындауы тек адамның әлемдегі
орнының анықсыздығын күшейтеді. Көпшілік адамдардың тығыз жүріп
жатқан
ұлы
әрқилылықтың
ерекшелігінің
орталығы
қайда
орналасқандығын анықтауға мүлдем мұршасы жоқ. Сыртқары аймақ
орталықпен араласып кеткендіктен, шеткі аймақтың орталықты қоршап
тұрғандығын айту өте қиын. Дегенмен басқа мәдениетке қатынаста кез
келген шектілік көрініс заманауи адам үшін тән емес. Мағынасыз
космополитизм мен бейкүнәлі тұйықтықтың арасында таңдауды
жасаудың қажеті жоқ. Шұбыраңқылықтағы өмір үшін аталғандардың
ешқайсысы жарамсыз, адам шұбыраңқылықтың шеңберінде өзінің
ұқсастығын түсінуге кедергі жасайтын басқа мәдениеттерден кажетті
элементтерін таңдап, үйренуі кажет.
Өзіндік ерекшеліктің негізі ретінде шығатын оның этномәдени
(жергілікті) бірегейлігін сезініп, түсінуіне кедергі жасалмайтын басқа
мәдениеттен қажетті элементтерді оған алып үйренуі керек.
Бірақ та иновациялық қоғамды қалыптастырушы үлгі, тек жаңа
нәтежелердің жетістіктеріне және шығармашылыққа талпынған
әлеуметтік-мәдени тәжірибе мен иновацияларды сақтаудың амалы
болып табылатын дәстүрлердің өзара толықтырушылық принциптерінің
бұзылуы, мәдениеттегі құндылықты бағдардың күрт өзгеруіне, даму
ырғағының жылдамдауына алып келеді. Мәдениеттің инновациялық
қабаттында басымдылыққа ие дәстүрдің негізі болып табылатын,
жаһандану тенденциясының ықпалы заманауи әлеуметтік-мәдени
жағдайға
ықпалды
алуандылыққа
түсіреді.
Дәстүрлер
және
инновациялар арасындағы ұқсастықтын бұзылуы мәдениет “ырғағының
шиеленісуінің” еңуі жайында айғақтай түседі – шеңберлік
динамикасының заңдылығына оның сай келуі, сонымен бірге сол
фазаның тоқырауын көрсетеді. Жүйе өзінің мәңді белгісін жоғалтпайтын
жағдайдағы, мәдениеттің айқындалуы қозғалыстың ерекше логикасына
ие болады, дегенмен оның даму процесіндегі қалыптасқан байланысты
жоғалтады.
378
Көптеген мәдениетті және ұлттарды сақтай отырып, адамзаттың
өркениет синтезінің жетістігіне ұмтылысын, жаһандануға сай позитивті
бағытынан түсіну, құндылықтың жүйелерің құнды етіп қайта құруынсыз
және
мәдениет
әдіскерлерінсіз,
адамзат
дамуының
жалпы
пардигмасының өзгеруінсіз іске асыру мүмкін емес.
Интеграциялық тенденция жағдайына сай, тұтастықтан көрі оны
құрушы бөлшектері жылдамырақ дамуын мойындауға негізделген.
Сондықтан жаһандану үрдісі мәдени алуандылықты жоюшы және
біріктіруші процес ретінде ғана қарастырылуы мүмкін емес. Сонымен
қатар даму барысында, бірге дамудың өзі тиімдірек екені айқын, себебі
материалдық және рухани шығындар үнемделе түседі. Құрылымның
үлгілік дұрыс бірігуіндегі әрбір жаңа амалдар сәтінде барлық келесі
пайда болған иерархиялық ұйымдар қабатын тұтас және құрушы
бөлшектердің даму ырғағын жылдамдата түседі. Дегенмен біріктіруші
және дамытушы құрлымдағы ең дұрыс құрылған ұйымдардың
құрылысының өзі барынша дамуға және қайшылықтандыру сәтінің
жақындауына алып келуінің нәтежесінде, жаһандану алып тұтастық
қасиетіне ие бола алмайды: заманауи әлемдегі болып жатқан нақтылы
өркениеттік және әлеуметтік мәдени үдерістер айтарлықтай күрделі
және оның аумағына сыймайды. Бұл жайында әлеуметтік мәдени
мегажүйенің қайта құрылуына алып келетін, әлеуметтік мәдени
процестерінің дамуының айтарлықтай тұрақсыздығы және жаһандану
процестерін алып жүруші, қайшылықты факторлар айқындай түседі.
Бір жағынан осы бағытқа сай қажеттіліктің теңестірілуі еңбектің
халықаралық бөлінісі және мамандандырудың процесі ретіндегі
жағынан, әлемдік нарық дами түседі; коммуникацияның жаңа
формалары бектіліп, ақпаратқа ауқымды жол ашылады; әлемнің
көптеген аймақтарында әлеуметтік көрсеткіш жақсара түседі (адамның
өмір сүру ұзақтығы арта түсіп, үйлесімдіктің деңгейі өседі); әртүрлі
мәдениеттер арсындағы өзара түсінік арта түседі; өмірлік бағытты
таңдаудың көлемді мүмкіндіктері ашылып, адамның нақтыланған
ортадан еркіндігі өседі.
Егерде осыған басқа қырынан келетін болсақ, әлемдік экономика
тұрақсыз, өзара байланысты және әлсіз болып қалыптасады; Шығыс
және Батыс арасында экономикалық және әлеуметтік дамуындағы
алшақтық артады; орталықтан шеткі жақпен жаңа технология мен білім
алмасу қиындықтары туындап, миграциялық қозғалыстар артады.
Халықтың кедей топтары мен қуатты байлардың өмірінің
деңгейінің арасындағы ерекшелік көбейеді; ұлтаралық тасымалдаушы
коорпарация лар әртүрлі мемлекеттерге тек қана өзінің экономикалық
ықпалын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге саяси да ықпалын
жасайды; азаматтық қоғам институтарының және мемлекеттердің өзара
әрекеттестігінің мәселері тереңдей түседі; әр алуандылыққа қатер
379
төндіретін көпшіл мәдениеттің ықпалы арта түседі. Бұлардың бәрі,
күннен-күнге асқындап жатқан экологиялық тоқыраулардың әсері сонда
байқалады. Олардың кейбіреулеріңе тоқталатын болсақ, барлығынан
бұрын атап өтетіні, әлеуметтік мәдени динамиканың басым жоғары
технологиялық ғылымдандырылған өндіріс бөлімі өрлейді немесе білім
мен ақпарат негізгі өңдірістік қорға айналады.
Болашақтағы білім мен ақпаратты өндіру үшін адамның
шығармашылық табиғатын қалыптастырушы және күшті ішкі
мотивациясымен жаңа тұлғаның үлгісін қалыптастырушы ретінде
мәдениет пен білім берудің рөлі маңызды және жоғары деңгейде қызмет
атқарады. Құндылықтың жаңа өлшемі қалыптасып, экономикалық емес
мотивтердің мәні өседі. Жоғарыда көрсетілгендей, бір қырынан
технологиялық прогреске ұмтылыс анық, басқа жағынан алып
қарастырғанда
–
адамзат
қорының
маңыздылығын
арттыру
көпшіліксіздендіру мен материализацияландыру өндірісі процесінің
жылдамдауына бағдарланған.
Одан басқа жаһанданған әлемнің тұрақсыздығы жайында әлемнің
өркениеттік, әлеуметтік мәдени айрмашылықтарын сақтауы бойынша
ерекшеліктерінің күшейуін айғақтай түседі. Әлеуметтік мәдени
айырмашылықтары арқылы, екі шекті полюстың жағдайындағы даму
жолы, танып білуге болмайтын және ашылмайтын оқиғаларға алып
келуі мүмкін, кеңкөлемді интеграциялық үдерістің қайшылықтары
анықталады.
Әрине, алмаспайтын ұлттық тасымалдау өзгерісі адамның
экзистенцияналды әлемін және мәдени мәнді кеңістіктің ерекшелігінің
бағытын екінші орынға жылжытады. Адам өміршендігін түрлі
ұқсастандыра және ортақтандыра отырып, әлеуметтік-экономикалық
және даму жолындағы өзара жақын бағдарының, тұтасқан аймақтар
және елдер тарихын ұқсас бағыттарды құра бастайды. Ескеріп өткендей,
жаһандану үрдісі, өзінің ең қауіпті жаулаушылық формасында, дәстүрлі
әлемге еңуде. Ары қарай бұл көріністен, адамзаттық үйлесімділеу
бірігудің жолын, мәдениет және халықтардың өз бірегейлігін және
өзіндік болмысына ұмтылысын анық байқауға болады.
Халықтың кедей топтары мен қуатты байлар өмірі деңгейінің
арасындағы ерекшелік көбейеді; ұлтаралық тасымалдаушы корпорация
әр түрлі мемлекеттерге тек қана өзінің экономикалық ықпалын күшейтіп
қана қоймайды, сонымен бірге саяси да ықпалын жасайды; азаматтық
қоғамның институтарының және мемлекеттердің өзара әрекетестігінің
мәселелері тереңдей түседі; әр алуандылыққа қатер төндіретін көпшілік
мәдениеттің ықпалы арта түседі. Бұлардың бәрі, күнен-күнге асқындап
жатқан экологиялық тоқыраулардың әсері сонда байқалады. Олардың
кейбіреулеріңе тоқталатын болсақ, барлығынан бұрын атап өтетіні
әлеуметтік
мәдени
динамика,
басым
жоғары
технологиялық
380
ғылымдандырылған өндіріс бөлімі өрлейді немесе білім мен ақпарат
негізгі өңдірістік қорға айналады. Жоғарыда аталып өтілгендей,
жаһандану үрдісі дәстүрлі әлем үшін агрессивті формада көрініс табады.
Осындай түрдегі халықтар мен мәдениеттер қозғалысы өзіндік
бірегейлігі мен өміршеңдігін, адамзаттың үйлесімді бірігу жолдарын
айқындай түседі. Осылайша, рухани өмір саласы жаһандану (өркениет)
тенденцияларына қарсы тұрады. Мәдени-ұлттық менталитет пен
көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттер өз түп-негізін сақтап, ұлттық сана-
сезім мен әлемдік дүниетанымда көрініс табатын өзіндік мәдениеттің бір
саласы болады.
XX ғасырдың соңы – бұл көркемдік әмбебаптылық дәуірі.
Дегенмен, әмбебаптылық дегеніміз – бір түрлілік емес. Қазіргі заман
мәдениеті – бірлікте, біртекті, сұхбатқа дайын, сонымен қатар әр түрлі,
немесе мәдениеттердің біріге іс-әрекет етуіне, осы саладағы барлық
жетістіктерді өз бойына сіңіру қабілетіне негізделеді. Мұнда міндетті
түрдегі сипатталуға ие емес дәстүрге сүйену жаңа принциптерді
өңдеудің негізі болып табылады.
Бүгінгі күнде Қазақстанның жағдайы қауіп-қатерге толы.
Әлсіздену байқалып, кейбір жағдайларда әлеуметтік байланыстардың
үзілуі, қылмыскерліктің өсуі, ғылымға, мәдениетке және білімге деген
мемлекеттік қаржылардың, яғни адам мүддесі жолындағы салымдардың
қысқартылыуы да байқалып отыр. Ал шындығына келетін болсақ, осы
мәдениет, ғылым, білім дамыған адамды қалыптастырады. Мәдени
құндылықтар, нормалар, дәстүрлер, салттар қоғамда интеграциялық
рөлге ие. Мәдениет негізінен қоғамның ыдырау жолындағы қорған,
оның маңызды сақтаушы факторы болып табылады. Ол берілген нақты
өркениеттің ерекшелігін анықтап, оның механизмдерінің іс-әрекетіне
өзіндік бір ерекшелік береді.
Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы
тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда
мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді
қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Мәдениетті адамның
өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих
пен адамға айтарлықтай әсер ететін импульстарды анықтай аламыз.
Әлемге жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика немесе
саясат емес, мәдениет болып табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет
нұсқасын қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы
түсіну мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі
мен тереңдігін білдіреді.
Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек:
"американдану", "еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик
болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы
рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып
381
қолдануымыз қажет. Жаппай вестеризация, рухани азу ықпалы күрт
өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың биік мәдениетін,
философиясын емес, азғындық жағын насихаттау басым), оған төтеп
беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған. Сөйтіп қана зиялылары,
басшылары ұлтты дағдарыстан алып шыға алады.
Ендеше, ХХІ ғ. ұлттық мәдени трансформация кері жылжу емес,
біреуді қайталау да емес, жаңа жағдайда творчестволық ізденіс (мүмкін
техногендік батыс Өркениетіне альтернатива ретінде рухани сипаттағы
"еуразиялық" Өркениет құру идеясы – егер де оны біз дұрыс түсіндіріп,
айқындай алсақ) біздің бүкіл аймақтық мәдени, әлеумет, саяси
трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері басу, гүлдену әкелер.
Рухани кеңістікті құрайтын ұлттық идеяның элементтері көп.
Солардың ішіндегі оның мәнін терең де ауқымды анықтайтындар бұл
ұлттық философия мен әдебиет; мәдениет пен оның түрлері, рухани
қазынанның басқа да елементтері осы екі үлкен тұғырлардың
айналасында өрбиді, дамып отырады. Олардың даму деңгейі, қоғамдық
өмірге тигізетін әсері және қоғамдық сананы белгілеудегі алатын орны
ерекше. Дамыған елдердің тәжірибесі осы ойды айғақтап отыр, оған
көптеген мысалдар келтіруге болады.
Қазір Батыс елдері үлкен дағдарыста, деп мойындайды кейбір батыс
ойшылдары. Қазіргі кезде бала туу деңгейі ең аз жиырма ұлттың он
сегізі – еуропалықтар. Еуропадағы бала туудың орташа деңгейі соңғы
кездері 1,4 адамға дейін түсіп кетті. Ал халықтың тым болмаса, қазіргі
санын сақтап қалу үшін, бұл деңгейдің шамасы 2,1 болу керек.
Нәтижесінде Еуропа құруға қарқынды түрде бет алып, еуропалықтар
«жоғала бастаған түрге» айналып барады. Бұл турасындағы болжамдар
да өте көңілсіз. 2000 жыл мен 2050 жылдар аралығында жер бетіндегі
халықтың саны 3,5 миллиардқа өсетін көрінеді. Алайда бұл өсім тек
Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің есебінен болады. Осы
жүзжылдықта Құдай көрген бейнеті мен қиындығының өтеуіне
қытайлықтарға, мұсылмандар мен латынамерикалықтарға қарасатын
шығар. Сонымен қатар әлемнің билеушісі болу мүмкіндігі де осы
халықтарға туып тұрған секілді. Ал 100 миллион еуропалық жер бетінен
өзінен-өзі жоғалып кетеді. 1960 жылы еуропалық нәсілділер әлем
халқының ширегін құраса, 2000 жылы алтыдан бірін, ал 2050 жылдарға
таман бұлар бар болғаны оннан бірін құрайды. Батыс кеміп барады.
Өйткені, Батыстың халқы өздерін көбейтуді тоқтатып, шапшаң азайып
барады. Дәл осы секілді көрініс Құрама Штаттардан да байқалады. Бұған
қоса, 1969 жылы Ричард Никсон президенттік ант қабылдағанда, Құрама
Штаттарда 9 миллион иммигрант болған. Ал кіші Буш таққа отырған
уақыт ішінде мұндай америкалықтардың саны 30 миллионға артқан.
Американың бұлайша «өзге» Америкаға айналуына белгілі бір
әлеуметтік факторлар әсер етті.
382
Достарыңызбен бөлісу: |