Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Мен саған өзімнің достығымды күштеп таңбаймын, алайда біз араласа-пікірлесе, өзара түсінісе отырып жұмыс істеуге міндеттіміз



бет105/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Мен саған өзімнің достығымды күштеп таңбаймын, алайда біз араласа-пікірлесе, өзара түсінісе отырып жұмыс істеуге міндеттіміз.

Мен төзе де, құпияны сақтай да аламын. Егерде сенің: «Мұқанов – қызғаншақ»,– деген сөзің жанымды жараламаса, мүмкін, бұл хатты әлі де жазбаған болар едім. Бұл сөз менің адамдық сезімімді қатты қобалжытты. Мен адамдармен жауласа да білемін. Бірақ маған мұны өмірдің өзі үйретті және тым ерте үйретті. 7 жасымнан жетім қалуым – күштілердің қорлауына қарсы тұруға үйретті, кек алуға итермеледі. Алайда жауларыма, әсіресе, октябрь күндерінен кейін соншама қатыгездік жасағам жоқ. Бірақ жауларымның жауы екендігімді бұғып қалмадым, мен олармен арадағы күресте адамдардың қарым-қатынасына тән дәрежедегі тәсілдерді қолдандым. Қазір де солай істеймін. Мүмкін, жекелеген адамдар сенің санаңды: «Мұқанов – қатыгез, қауіпті адам» т. б.,– деп улап тастаған шығар, оларға сенбе. Мен сенімен ашықтан ашық жауласуға да жараймын, бірақ, егер екеуміз де бір платформада – совет әдебиетінің платформасында тұрсақ – онда өштесудің қажеті қанша?».

Иә, оларға өштесіп, кек қуысудың қажеті жоқ еді. Ол өздерінің жеке бастарына да, қоғамдық пікірлерді қалыптастыруда да, туған халқының мәдениетінің дамуына да зиянын тигізетін еді. Кейін кесірін келтірді де.

Осы арада ашық айта кететін бір жай: Сәбит Мұқанов – Мұхтар Әуезовты үнемі өзінің саяси қарсыластарының тобына жатқызып келді. Осы хатта да «бір платформада болсақ» деуіндегі емеуріні де сол. Дәл осы «кілтипан» олардың арасын толықтай, жарықшақсыз қабысып кетуіне мүмкіндік бермеген. Елуінші жылдардың басында да сол сөзді қайталады. «Шын көңілімен таптық тұрғыдан» бағалады. Тіпті, отыз жетінші жылы партиядан шығарылып, жұмыстан қуылған кезіндегі сергелдеңді де ол сталиндік репрессиядан емес, «ұлтшылдардан» көреді. Осы хатында:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет