Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы – А.Қазақпаев (Қолы)



бет114/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы – А.Қазақпаев (Қолы).

Президиумның хатшысының орынына – Х.Байұзақов (Қолы)».

Осы қаулы арқылы Мұхтар Әуезовтің барлық азаматтық құқы қалпына келтірілді. Содан кейін барып Мемлекеттік, Лениндік сыйлықтарға ұсынылуға, депутаттыққа, академиктікке сайлануына жол ашылды. Ол туралы 1957 жылы Сәбит Мұқанов Ленинградтан Ғабит Мүсіреповке жазған хатында өзінің басты мақсаты:



«... со жылға дейін «судимосы» мойнында жүрген Мұхтардан бұл лағынет қамытын түсіру. Бұл тілекті өкімет пен партия қабылдады да, Жоғары Совет Председателінің кабинетіне бүкіл президиум боп жиналып, азаматтың бетіндегі қара күйені сүртті »,– деп жазды.

Бұл – Сәбит Мұқановтың Мұхтар Әуезовке жасаған азаматтық парызы мен мәрттік мінезі еді. Ендігі қадам жасаудың кезегі Мұхтар Әуезовке келетін. Сол қадам, өкінішке орай, жасалмай қалды.

Күн бар жерде – көлеңке түспей тұрмайды. Тек, соның барлығына адамгершілік, азаматтық тұрғыдан қарау керек. Сонда ғана адам өмірі мағыналы өтпек. Сәбең мен Мұхтардың, Сәбит Мұқанов пен Мұхтар Әуезовтің бір тағылымы осы болса керек.
7.

Бірақ та бұл тағылымның астарында да тұлғалардың пенделік тартысы жатты және ол бопса бұрынғыдан да ығырлана берді де, жанжүйе жанығына ұласып отырды. Идеологияның өзі күдік пен күмәнға құрылған мемлекеттік машина мен оның жандайшаптары тұлғалардың татулығын жақтырмады. Олардың арасындағы қыжырды үнемі үйкеп, жанып, жанықтырып отырды. Бұған қарама-қарсы екі идеяның екі өкілінің өмірлік және көркемдік ұстанымдарының түйсік танымы да тоғыса бермеді. Идеологияны былай қойғанда, кез-келген ірі таланттардың арасындағы дүниені көркем тану, көркем қабылдау, көркем ойлау, көркем бейнелеу жүйесі тудыратын қайшылықтардың өзі «татуды араз, досты жат қылуға» (Абай) толық жарап жататын.

Ал «жалғандықпен жалғанған көңіл жібін» (Абай) үзуге соның өзі жетіп артылатын. Мұхтардың бетіне жағылған «лағынет қамыты» (С.Мұқанов) алынып тасталған сол бір желпіністі күндерде, 1943 жылы 27-көкекте «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесасы талқыланды. Бұл М.Әуезов үшін – жауынгерлік тақырыпқа арналған өзекті шығарма, кешірімге жасалған жауап ретінде қабылдануы тиіс туынды болатын. Әрине, батырлардың әруағын шақырып, ұрандатып жатқанда Қобыландыға қарсы шыға қоятындай ләм табыла қоймайтын. Сөйлеушілердің барлығы да Көкіланның бейнесін сынға алды. Ал М.Әуезовтің драматургиялық шығармаларының барлығындағы ең сүйікті әдеби тәсілі – мифтік бейнелер, психологиялық елестер болатын. Талқылауды С.Мұқанов басқарды:

С.Мұқанов: «Пьесаны бір оқығанда ойда қалмайды екен, бірнеше рет оқығанда ғана түсінікті, мәселені шешуге мүмкіншілік болатыны рас екен. Мысалы анадағыдай емес, қазіргі оқығанда біраз ойландырды. Кемшілігін көрсете айтсақ оған автор ренжімес деймін. Өйткені анада Әбішевтің пьесасын оқығанда біз театрға ұсынсақ та, артынан жоғарғы орын алып тастады ғой. Сондықтан бұдан былай қаттырақ қарамасақ болмас, жолдастар. Осы пьесада ойыны көп кісі – Көкілан. Сыйқыршы кемпір Көкіланды ұйықтатуға ешбір (себеп) жоқ сияқты. Фантазия атымен болмасын демеймін, бірақ Көкіланның ролі көбейіп кеткен, ойлану керек. Сонымен қатар Құртқаны Көкіланның қызы деуге қимайды кісі. Қобыландының бытовой жағы, махаббат жағы көрінсе де, героический жағы әлі еркін берілмеген. Патриотизм дегенде, ел үшін, отан үшін күресу жоқ, жетпей жатыр. Осыны дәлелдеу керек. Мұнда күрес өте жіңішке алынған сияқты. Отан үшін күресті көтеріңкіреу керек».

Талқылауда алғашқы сөзді Ғали Орманов алып, Қобыландының тарихи тұлғасына тоқталды. Бұдан кейін:

«Қ.Жұмалиев: Көкіланды мүлдем алып тастау керек. Басы артық. Көкілан алынып тасталмаса, пьесаны сахнаға жіберуге болмайды. Идеологияға қарсы;

Ғ.Мұстафин: Бәрін бүлдіріп тұрған Көкілан;

Ш.Құсайынов: Көкілан зиянсыз кейіпкер, жүре берсін;

Е.Исмаиылов: Жарсып та тұр, жараспай да тұр. Режиссер шешетін мәселе;

Ә.Әбішев: Оқиға Құртқадан басталып, Құртқамен аяқталады. Ішінара өңделгені жөн. Дауды азайту үшін Көкіланды қысқарту керек. Сондай-ақ иран сөзін сызып тастау керек;

С.Мұқанов: Жолдастар, драматургиямызға бір жаңа нәрсе келген сияқты, оған сөз жоқ. Менің ұсынысым “Қобыландыны” автор әлі де айтылған кемшіліктерді еске ала отырып, режиссермен бірге істеп болған соң, тағы президиумда қарасақ, сонан кейін театрға ұсынсақ деймін.

Ә.Тәжібаев: Осы пьесасының оқылуы жеткілікті болды. Негізінен алғанда пьеса жаман емес, қай жағынан алсақ та. Сондықтан авторға рижессермен бірігіп істеуді тапсырып, театрға ұсынсақ деймін.

М.Әуезов: Пьесадағы геройлар әлі дәлелденбеген. Көкіланды басқаша көрсету керек, Иран мәселесін алып тастау керек, – деген сияқты пікірлер айтылды. Дарматургияның заңы бойынша бір тітіркендіруші желі болуы тиіс. Мен бұл арада Көкіланды сол тұтастандырушы бейне ретінде алдым. Оны алып тастаса, пьесадан ештеңе қалмайды. Бұл ұсыныспен мүлдем келіспеймін және героизмді күшейту қажет,– деді сөйлеген жолдастар. Осылардың барлығын пьесаны қабылдап ала отырып, қосымша айту керек еді. Өздеріңіз жазушысыздар, драматургсіздер, қай уақытта болса да жазушылар ұйымы пьесаны окончательно редакциясымен алмайды ғой. Пьеса сахнаға қойылған соң барып алынады. Оқиғаны күшейту де театрмен істескенде жөнделеді. Пьеса жөнінде сіздермен дауласамын. Бұл пьеса тарихи емес. Бұл эпос-драма. Бізде бұлай жазу бұрын болған жоқ, біз соны жазуымыз керек. Өйткені адам баласының мәдениетін алатын болсаныздар эпостан жоғары әдебиет жоқ. Эпоста реалистический элемент көп. Осы пьесада махаббат, достық, араздық бәрі бар. Сонымен қатар бүгінгі күнге сай нәрсе деймін. Мен бұл жөнінде Ғабиттің қарсы пікірлері өте әділ емес деймін. Біз дүние жүзінің әдебиетін қуымыз керек. Пушкин батыс әдебиетін оқыды, Абай орыс әдебиетін оқыды. Солай болатын болса мен Шекспирден бастап Гогольді, бүгінгі Жамбылға дейін оқыдым.

Көкіланды көп айттыңыздар. Ондағымақсат – сол заманның тілін көрсету ғой. Сіздер қазақ халқының ұғымындағы тарихи дейсіздер, ол дұрыс емес деймін. Жолдастар, мен бұл пьесада жаңалық іздедім. Бұл шығармам патриоттық шығарма. Менімше тарихқа аудар деген сөз, ол жазба деген сөз. Театрда оқығанда пьасаны жақсы деп едіңдер, енді отвергайт етіп отырсыңдар. Шынында жазушылар ұйымында оқығында соңғы редакциясы болмайды ғой. Сондықтан айтылған замечанияларды театрмен, режиссермен түзеуге тапсырып, пьесаны неге қабылдамайсыздар? Көкіланды түзеймін, Құртқаны да қараймын. Қобыландының ролін күшейтіңкіреймін.

Ұсыныс: Жолдас Әуэзовтің “Қобыланды” атты пьесасындағы көрсетілген кемшіліктер тағы да түзетуді керек еткендіктен, театрмен істесіп қарап шығу авторға тапсырылсын. Содан кейін Жазушылар ұйымының Президиумында қаралатын болсын»,– деген пікірлер айтылды (194 іс).

Ал осы хаттаманың 1943 жылы 27-көкек күні орыс тіліндегі нұсқасында «Қобыланды батыр» пьесасының сюжеті мен тілін мақұлдай келіп, Жазушылар ұйымынын Президиумы туындының идеялық-көркемдік сапасын төмендететін мына кемшіліктерді атап өтті:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет