Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Протоколдi оқып шықтым. Мұхтар Әуезов»



бет15/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

«Протоколдi оқып шықтым. Мұхтар Әуезов»;

«1931 жылдың 28 қыркүйегi күнi тергеудiң аяқталғаны туралы маған хабарлады. Мұхтар Әуезов»,– деп қолын қойыпты.
4.
Араға бір ай өткен соң, яғни, 29 қазан күні Ерекше Мемлекеттiк саяси басқарманың тергеушiсi, сол баяғы ерекше өкiлеттi өкiл В.Попов мүлдем басқа мағынадағы жаңа айыптау қорытындысын Мұхтар Әуезовке таныстырды. Мұхамеджан Тынышбаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер бастатқан, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгеров қостатқан 20 адамның әскери өнерден аулақ, оларға мұндай жаланы жабу мүмкiн емес екенiне көзi жеткен «ерекше өкiлдер» тергеу саясатын өзгерткені байқалды. Сөйтiп, жазалау идеологиясының түпкi пиғылын ашатын, тұлғаны құртуға арналған айып тағылыпы. Ұлтшыл – қылмыскер, халық жауы ретінде істері қайта қаралып, баптары өзгертіліпті. Енді бұл іс – «Алашорда» мен ұлтшыл-контрреволюциялық ұйымның құрамында болған және соған қатысқан қазақ ұлтшылдарының iсi» деп аталыпы. Тiзiмнiң он екiншi кезегiнде тұрған Мұхтар Әуезовке:

«34 жаста, қазақ, партияда жоқ, астыртын контрреволюциялық ұйымның тапсырмасымен 1922 жылға дейiн БК(б)П-ның мүшесi болған, жоғары бiлiмi бар, ұстаз – журналист, үйленген, семьясында үш адам бар. Ол:

  1. Контрреволюциялық астыртын ұйымға қатысып, оның мүшесi бола жүрiп ұйымның тапсырмасымен БК(б)П-ның мүшелiгiне өткендiгi үшiн; Бөкейхановтың, Омаровтың, Әшiмнiң (?), Сәдуақасов пен Досовтың дайындаған бағдарламасының (платформасының) негiзiнде 12 партсъездiң ұлт мәселесi жөнiндегi қарарларын отаршылдықпен күресу деген желеумен ұлтшылдық бағытын жүргiзгенi және оны заңдастыру үшiн Орынборда өткен Бүкiлқазақстандық 2 съезiнде тек қана қазақ делегаттарын жиып алып, мәжiлiс өткiзгенi үшiн; «Алқа» атты астыртын ұлттық – әдеби үйiрменiң бағыт-бағдарын жасауға белсене араласқаны үшiн;

  2. (Астыртын) ұйымның мүшелiгiнде бола тұрып, кеңестiк мемлекет мекемелерiне сол ұйымның мүшелерiн тықпалағаны үшiн және солардың ықпалындағы қызметкерлердi пайдалану арқылы кеңес аппаратының бағытын өзгертiп, контрреволюциялық ұйымның талап-тiлегiн қанағаттандыру мақсатын көздегенi үшiн;

2370 iстiң – 140, 311, 28, 146, 159, 206 және 378; № 5411784 iстiң (А. Байтұрсыновтардың тергеуi – Т.Ж.) 4 томындағы – 28, 106 және 134; I «а» томындағы – 112 және 366; I томдағы – 29, 93, 94, 189, 251, 255, 350, 352, 400, 401, 404 беттердегi куәлiк бойынша – қылмысты iстер кодексiнiң 58-7-10-11 баптарымен айыпталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет