Жол қайсы құдай салған, шайтан салған,
Білмеймін осы арасы маған арман...»,–
деп кедейлерді азат етудің жолын ұлы қазан төңкерісі орнағаннан кейін үш жылдан соң іздейді және оны таба алмайды.
Көріп отырғандарыңыздай, Торыайғыровтың шығармашылығында көптеген қайшылықтар бар, менің ойымша, Торыайғыровтың шығармашылығы туралы талқылау өткізу мәселесі пісіп-жетілген сияқты. Әдебиеттанушы Кенжебаев жолдас партиялық сыннан қорытынды шығармады, еш жерде өзінің өрескел қателігін мойындап сөйлемеді, үндемей құтылып, өзінің ұлтшыл көзқарастарын Қазақ мемлекеттік университетінің аудиториясына таратып жүр».
Иә, ұлы ұстаз сол үнсіз қарсылығының арқасында барлық кедергіні жеңіп, түпкі мақсатына жетті. Әдебиеттануда өзінің мектебін қалыптастырды. Сөйтіп, Алаштың біртұтас идеясының қазығына айналды. Оны насихаттаудан танған жоқ. Сондай үгіт өтіп кеткен шәкірттерінің бірі осы жолдарды жазып отыр. Кезек – Сәбит Мұқановтың өзіне келді. Бұл кісінің де кінәсі Мұхтар Әуезовтен кем емес екен.
Қ.Жармағамбетов (жалғасы): «Бір мәселені әр уақыттағы еңбектерінде әр түрлі ұстаныммен жазған Сәбит Мұқанов та қазақ әдебиеттануын әбден жаңылыстырды.
1. 1923 жылы «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласында Мұқанов Кенесары Қасымовтың қозғалысын реакциялық қозғалыс деп баға берді, тура сол 1923 жылғы «Жайлауда» атты «Қызыл Қазақстан» журналының № 22 санында жарияланған өлеңінде Мұқанов:
Достарыңызбен бөлісу: |