Тұрсынжан шапай ( қазақстан )



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі84 Kb.
#108597
  1   2   3
Байланысты:
Тұрсынжан шапай


Тұрсынжан шапай ( қазақстан ) 
домбыра


жалғызсырап үнемі алыста жүретін досыма серік болсын деп, бір жақсы домбыра жасатуды көптен ойлағам... ақыры, білетіндерден жөн- жобасын сұрастырып жүріп, бәрібір ауыздан « ең мықты- осы » деп көрсеткен шеберге тапсырыс жасадым. 
_ саған әнші домбыра керек пе, күйші домбыра керек пе?- деп сұрады шебер.
_ екеуінің айырмасы қаншалық?- дедім, анық шешімге келе алмай, күмілжіп.
_ әнші домбыраның ұны шанақты дұмпи кернеп, бет тақтайды тебе шығып, әншінің дауысына серпін қосады... күйші домбыра бұғалығында күңіреніп, сағағында сыңсып, ұзына бойында қоңырлата күмбірлеп тұрады...- деп шебер жырлай жөнелді.
_ маған әрі әнші, әрі күйші домбыра керек...
шебер басын шайқап, күлді... бірақ, « болмайды » деген жоқ. мен қоштаспай жатып, ағаш кептірген сарайына кіріп кетіп, саңғыр- сұңғыр еткізіп, болашақ шедевріне мәтерял қарастыра бастады. менің « сау болыңыз » дегенімді я естіді, я естіген жоқ...
айтқан мерзімінде айналып қайта келгенімде, шебердің табиғат- ұста қалай болса солай шомбалдап соққан быртық саусақтарының үшімен ғана қыл сағағынан қыса ұстап, еппен ұсынған қауырсындай сары домбыраны көріп, осы добалдай қолмен мына үлбіреген нәзік нәзік дүниені сындырып алмай, қалай шапты екен деп таң қалдым. айналдыра қарадым... құрама шанақтың ләк жағылған жылтыр дұмы- қасқа бастағы нысаналы қалдай айғыз- айғыз қоңыр дақтар мен әр тұсында шиыр- шиыр, және бір жерлерінде ирек- ирек, жыбыр- жыбыр толқындап, ұзыннан- ұзақ жарыса созылған көлбеу сызықтары бар, маған тегі белгісіз ағаштан... шертіп көрдім. кеудіреген қу ағаш сөйлеи- сөйлеи шешен шығатын сіңәймен құмыға сыңқылдап қойды...
_ домбыраң- осы- деді шебер. _ менің жұмысым тамам... қалғаны _ өзіңнің тәрбиелеуіңе байланысты...
_ қу ағашқа не тәрбие керек?- дедім таңырқап.
шебер естіген жоқ. әлде естіді- жауап қатқан жоқ. мені де, домбыраны да сол сәтте ұмытып, күйбеңдеп өз шәруәсімен айналысып кетті. шебердің көмекшісі, қағылез жас жігіт:
_ үзбеи тарта беріңіз... бірер жетіден соң белгілі болады- ұны ашылады, не...- деді.
_ не... болып қалса, не істеимін?
_ қайта алып келесіз...
үйдегі дұмы жарық көне домбырам жаңа меиманға онша қуанған жоқ. ұдайы сүйеулі тұратын үйреншікті бұрышында томсырайып қарсы алды. онсызда қоңырқай бет тақтайы күңгірт тартып, тұйықтанып алды. жаңа домбыраға үкі тағып, әспеттеп төрге ілгенімде, қырыс мінез танытып, қонағына жарылған бұйырын бере, қырындап тұрды. 
сары домбыра мені тез- ақ баурап алды. күнде жұмыстан соң саусақтарым шымырлап, бойымды зарық буып, үйге асығам. төргі қабырғада ілулі тұрған қу тақтайды қолға алғанша тағат таппаймын... алғашында құмығыңқы үнмен күмілжи сұңқылдаушы еді. бірте- бірте ширап, күннен- күнге ашылып сайрай бастады. әсіресе, сағалық шырқау пернелерге саусақтың ұшын қадап тербегенде, ауада дырылдап тұрып алатын сыңсыған нәзік үнмен скрипкәшә ән салатынын айтсаңшы... саусақтарың перне қуалай, көсіп сауғанда, жалғанның жарығына ең бір елеусіз, татымсыз дыбыстың өзін қалт жібермеи алып шығатын сезымталдығы қандай? ал енді сұңқиған аққу мойнының бас жағы мен орта тұсындағы пернелерден шығатын тәтті күмбір- ақын айтқан қоңыр салқын беиіштің өз ұны еді... әуелде жеңіл- желпі әуендерді шалып бастағам. сұңғыла ішектер дегбірсіз ызыңдап, бұған меиір қанбайтын қалып танытты. тамылжыған бір тұнық әңсәрмен әлдебір тұңғиық қисындарға ындыны құрып, қиынға, қиырға тартты. дәмдірек, тәттірек шертсең деиді... мен тілсім домбыраның еркіне көндім- бойыма жиған бар асылымды біртіндеп он тоғыз пернеге таратып бере бастадым... домбыра екеуміз жақсы түсіністік...
күнде кешкісін, үйге кірген бойда, домбыраға қараймын. сары шанақ жәйрәң қағып, үкісі білінер- білінбес бұлғаң етіп, қуанғандай болады... жақындап келіп, қол тигізіп үлгіргенше, менің сөзімнің жаңғырығын, қимылымның ауадағы лебін сезімтәл ішектер қағып алып, лебіз қатады. біз жақсы түсіністік.
бірақ мен сары дөмбірәмен етене болған сайын, өзімнің дұмы жарық көне домбырам қарауыта бұрысып, көз алдымда семіп бара жатты. жаңа домбыраның қызығымен, бірәз күн ұмыт қалған екен. ішектері босап, пернелерінің айнығанын, тиегі шөгіп, бет тақтайы қусырыла, шанағының көрер көзге ойсырап, солып қалғанын кеш байқадым. дұмы жарық болсада, көп жылдар сенісіп сыр шертіскен, тұп қопарыла досымның жаңа домбырасына көшкен қыруар қисындарды, сағынышты сарын арманшыл саздарды бірге жинасып, бойыма сіңірген ежелгі мұңдасымды енді шын аядым... бар қазынаңды аз күндік меимәніңә тонатып, жүдесең де, күңкілдемеи, іштеи күйіп, ұнсыз күңіреніп шөккен тектілігің- ай дедім қимай, өкініп. ішектерін тартып, пернелерін түзедім... шертіп көрдім... қаңсып қалған шанақ ұмытсыз, жарықшақ дәуіспен мағынасыз қаңық- қаңық етті. домбырада күй жоқ еді...
досым алыстан жедел хат жолдап, « ертең жетемін » депті. менің бүкіл асылымды сарқып, шанағы күйден дертіп туған сары домбыраны ертең досыма силайтынымды ойлағанда, мен бауыр басып қалған қауырсындай қу ағашты қимай, жыладым... нағыз... досқа силайтын домбыра еді...
соңы
автордың 2001- жылы «елөрдә » баспасынан жарық көрген « қазақтың жаны » деген кітәбінән алынды.
Қазақпен саудаласу
Құдайдың маған берген бір кеңшілігі, көршім – қазақ… Әрине, қазақ болса, маған бірдеңесін бөліп береді дейсіз бе, әншейін… әлгі… «этникалық-тобырлық» жабайы инстинкттен қалған жұрнақ та баяғы. Ә дегенде, қазақ көрсек, қуанып қалатынымыз өтірік емес қой. Рас, ә дегенде… Сосын бізге – бәрібір. Қан ішкіміз келсе, алдымен қандасымызды айналдырамыз… Соған қарамастан, келесі қазақты көргенде тағы қуанып қаламыз… Осының бәріне қосымша, менде қазақтарға деген және бір жақсы сезім бар: қазақ көрсем, қуанып қана қоймаймын – қазақ көрсем, жақсылық жасағым келіп тұрады. Әрбір қазақтың аты ғана емес, заты да қазақ болса екен деймін. Бұл – ұлтыма деген сүйіспеншілік пе, әлде тамаққа тойып алған соң, сағыз шайнайтының сияқты, жай үйреншікті әдет пе – мен ол туралы ойлаған емеспін.
– Балаңызды қазақ мектебіне ауыстырсаңызшы! – деп өтіндім көршімнен бір күні.
Көршім ойланып қалды.
– Жалпы… айтқаныңыз дұрыс, балаға ана тілін білу де артық болмас еді… Заман талабы солай сияқты ғой қазір…
– Ендеше, не тұрыс? Алыңыз да, беріңіз балаңызды қазақ мектебіне.
– Әйеліммен ақылдасып көрейін, – деді көршім…
– Әйеліммен ақылдастым – балам… бір ауыз қазақша білмейді екен, – деді ертеңіне көршім. – Ол қайтіп оқиды қазақ мектебінде?!
Енді мен ойланып қалдым.
– Қиын екен… Сонда осы күнге дейін балаңызға бір ауыз қазақша үйретпегенсіз бе?
– Кім үйретеді? Шешесі екеуміз жұмыстамыз. Атасы жоқ, әжесі жоқ…
– Үйде қай тілде сөйлейсіздер?
Көршім күмілжіп қалды. Бұл өзі бір жақсы адам, жуас адам. Әйелінен қорқады…
– Түсінікті… Онда былай істейік. Менің бір жақсы танысым бар. Қазақша үйретуден алдына жан салмайтын жақсы маман. Балаңыздың күніне болмаса да, күнара бірер сағат уақытын қиып, соны жалдаңыз. Әрине, азын-аулақ ақысын төлеп тұрасыз – балаңыз келесі жылы қазақ мектебіне дайын болмаса… қазақ болмай кетейін!
– Ойланайын, – деді көршім. – Әйеліммен ақылдасайын…
– Болмайды екен, – деді келесі күні көршім. – Өзіңіз ойлаңыз, баламның жарты күні мектепте өтеді. Күніне қосымша үш сағат мұғалім жалдап, ағылшын тілін үйретеміз… Баламыздың сурет салуға бейімі бар сияқты – мұғалім жалдағамыз… Фото-үйірмеге қатысады… Арасында теннис, су бассейні… Кешке компьютермен айналысады… Бір минут артық уақыты жоқ… Оның үстіне, бәрі – ақылы… өзіңіз білесіз…
– Әрине, – дедім қасарысып, – мұның бәрі қажет, осының бәрі маңызды… Бірақ сіз – қазақсыз ғой. Бүгін-ертең ешқайда көшіп кете қоймассыз – Қазақстанда тұрасыз ғой, бәрібір… Баланың болашағын неге ойламайсыз?!
– Мұның бәрі… дұрыс қой… – деді көршім желкесін қасып. – Бірақ… болмайды ғой…
– Дегенмен, ойланып көріңізші, көп жасағыр!
– Болмайды ғой…
– Жақсы! – дедім мен кенет бір оқыс шешімге келіп. – Өзім-ақ үйретем! Тегін үйретем! Күніне жарты сағат… жарты-ақ сағат уақыт тауып беріңіздерші балаға. Күндіз болсын, түнде болсын, бәрібір… Тек жарты сағат!
– Болмайды ғой…
Көршім осыны айтып, бұрылып кете бергенде, жандәрмен иығынан тартып, құшақтай алдым.
– Айналайын, көрші-еке! Садағаң кетейін, қандасым! Сен күніне үш сағат ағылшынша үйрететін мұғалімге қанша төлейсің, осы?
– Осынша, – деп, көршім әжептәуір ақшаны атады. – Оны неге сұрадыңыз?
– Құлың болайын, бауырым! – дедім жалынышты үнмен дегбірім кетіп. – Міне, мынау – тура сонша ақша! Мен тегін үйретпеймін, мен үйреткенім үшін сізге ақы төлеймін… Тек күніне жарты сағат… жарайды, он бес минут… он бес-ақ минутын қиыңызшы. Балаңыздың ақшасын уақтылы төлеп тұрайын… азырқансаңыз, одан да көп төлейін… Он бес минут! Тек он бес минут!
Көршім не айтарын білмей, аңырып тұрғанда, әжептәуір ақшаны умаждап, қалтасына тыға салдым. Тыға салдым да, көршім есін жиып, айнып кетпей тұрғанда, тездете басып, ұзай бердім.
Көршім ертесіне келіп:
– Болмайды екен… – деді күмілжіп. – Әйелім айтты: «бір үйге қазақша білетін бір мәмбет жетеді» деді… Мені айтады… Сосын айтты: «көрші, немене, бізді қайыршы деп ойлай ма… сыймай бара жатқан шірік ақшаларын алсын да, бүктеп-бүктеп бір жеріне тықсын… тура солай деп айт!» деді… Кешіріңіз… Сосын айтты: «біреудің отбасылық шаруасына қол сұға беретін болса, сотқа арыз берем» еді… Сау болыңыз!
Көршім кешегі «шірік» ақшаны қолыма ұстатты да, шығып жүре берді… Мен шабан миыммен, қапелімде көрші айтқан сөздерді қорыта алмай, есеңгіреп біраз тұрдым. Иә… Көршім «болмайды екен» деді… Тағы не деді? Иә… әйелі «сотқа беремін» деген сияқты… Бұл ақшаны, айтпақшы, қайда тықсын деп еді… А… иә…
Бірақ мен, жоғарыда айттым, қазақ үшін жан пида деген адаммын. Мені бетімнен қайтару қиын… Мүмкін емес! Бір қазаққа қазақша үйретуге шамам келмесе, несіне қазақ болып жер басып жүрмін?! Мен үгіт-насихат жұмысын әрі қарай жалғастырдым… Бірақ келе-келе көршім мені көрсе, анадайдан айналып қашатын болды. Оған шаршап жатқан мен жоқ. Қуып жүріп ақыл айтам…
Ақыры, көршім пәтерін сатып, қаланың басқа ауданына көшіп кетті.
Жақында жаңа көршілеріммен таныстым. Қазақтар екен… Қуанып қалдым…


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет