Тұрсынова Г. Т



бет122/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   180

Бизнесті дамыту жүйесі




Осы ретте шағын және орта бизнес үшiн қаржы көзi екінші деңгейдегi коммерциялық банктер мен қорлар болса, ол шағын және орта бизнестi жандандыруға берiлетiн несие әдiстерiн жетiлдiрiп қана қоймай, сол шағын бизнес субъектiлерiне қарыз қаражаттарды алу мен табу көздерiн iздестiрудi де ойлау қажет. Бүгiнгi күнi Қазақстан шағын және орта бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған тәжiрибесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржықаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Ал, халықтан әр түрлi қаражат тарту (жергiлiктi деңгейде), өзiнiң корпоративтi бағалы қағаздарын шығару, басқа да iрi компаниялар субъектiлерiмен бiрiккен консорциумдар құру, мүмкiн шағын бизнестi басқарудың жетiлуiне, акционерлiк ұжымдық шешiм түрiнде орта бизнес кәсiпорындарына айналуына жол ашылатын едi. Бiрақ, бұл жағдайда кәсiпорынның өзіндік тәжiрибесi мен меншiктi бағалы қағаздары болмағандықтан, тағы да қиындыққа кездеседі.

Республикамыздағы тағы бірөзекті мәселе − шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені, қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%) құрайды. Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр. Себебі, несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр.

Шетелдік нарықтық экономика тәжірибелері, шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда лизингтік қарым-қатынастардың қолайлылығын да дәлелдеді. Біздіңше, шағын кәсіпорынның ірі орталық және шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-қаражаттарын, технологияларын пайдалану арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы деуге болады..

Шағын кәсіпкерлікті дамытуда лизингтік несиелендіру арқылы өндірісті қалыпқа келтіруге болатыны шетел тәжірибелерінен белгілі. Лизинг көмегімен, кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды. Лизинг 100% несиелеуді ұсынады, кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Мұның барлығы шағын кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосады.

Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуы елдегі қолайлы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда ғана мүмкін болады. Өз кезегінде ерікті қолдау мен нығайту, шағын кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына жол ашады.

А. К. Ерали., М. Ғ. Қабылбеков Кәсіпорын экономикасы.− Алматы: ҚазҰТУ, 2004. − 264 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет