21. Ежелгі Греция мен ежелгі Римнің тарихы мен мәдениеті ? 1) Антика;
2) Ағартушылық;
3) Ортағасыр;
4) Жаңа заман;
5) Қайта өрлеу.
22. Теология дегеніміз ? 1) Құдай туралы ілім;
2) Космос туралы ілім;
3) Логос туралы ілім;
4) Құдайлардың шежіресі;
5) Құдайдың өмірі.
23. Кімді Шығыста Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атады ? 1) Әл-Фараби;
2) Әл-Ғазали;
3) Әл-Кинди;
4) Ибн-Рушд;
5) Ибн-Сина.
24. «Медицина канонының» авторы кім ? 1) Ибн-Сина;
2) Абай;
3) Аристотель;
4) Ш. Уәлиханов;
5) Ы. Алтынсарин.
25. Неміс классикалық философиясының негізін салушы ? 1) И. Кант;
2) К. Маркс;
3) Л. Фейербах;
4) Г. Гегель;
5) И. Гете.
26.«Рух феноменологиясы», «Ғылым философиясы», «Құқық философиясы» шығармаларының авторы: 1) Г. Гегель;
2) И. Кант;
3) Ф. Шеллинг;
4) И. Фихте;
5) Л. Фейербах.
27. Ш. Уәлиханов өз заманындағы қазақ қоғамына мынадай анықтама берді: 1) Патриархалды-феодалдық қоғам;
2) Құлиеленушілік қоғам;
3) Капиталистік қоғам;
4) Коммунистік қоғам;
5) Социалистік қоғам.
28. «Теңсіздіктің себептері туралы», «Қоғамдық келісім туралы» еңбектердің авторы кім ? 1) Жан-Жак Руссо;
2) Дидро;
3) Вольтер;
4) Аристотель;
5) Платон.
29. Қоғами процестер жөніндегі ғылым... деп аталады ? 1) Социология;
2) Политология;
3) Логика;
4) Экономика;
5) Софистика.
30. Абай философиясының басты мәселесі ? 1) Адам мәселесі;
2) Таным мәселесі;
3) Экология мәселесі;
4) Табиғат мәселесі;
5) Дұрыс жауап жоқ.
2. Реферат – оқу курсы бойынша студенттің белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндамасы. Реферат оқу орындарында студенттерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Рефератты бағалау барысында оның жаңашылдығы (макс. 20 балл), мәселенің мәнін ашу дәрежесі (макс. 30 балл), қайнар көздерін таңдау негізділігі (макс. 20 балл), реферат жазуға қойылатын талаптарды сақтау (макс. 15 балл), сауаттылық (макс. 15 балл) есепке алынады.