4.5. Тақырып. Жоба портфолиосын көрсету мен қорғау. Жобаның презентациясын жоспарлау мен өткізу. Жобаның презентациясын іскерлік ойын, ғылыми баяндама, кино түрінде есеп, саяхат немесе әдеби кештер, жоба қатысушыларын жарнамалау, рольдік ойын, Ғылыми кеңесте қорғау, сайыс, көрініс, залмен ойын, спорттық ойын, саяхат, ғылыми конференция түрінде өткізу. Жоба портфолиосын көрсету мен қорғауда АКТ-ны пайдалануы. Жоба нәтижесін қатысушылардың өзара бағалауын ұйымдастыру және өткізу.
Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын игеруді бақылау аралық аттестация: тестілеу өткізуді қарастырады.
Білім ұйымдары жұмыс оқу бағдарламасын жасақтауда құзыреттілікке-бағытталған тәжірибелік жұмыстар мен тест түріндегі тапсырмалар құрастыруы қажет.
Кәсіби біліктіліктің деңгейіне сәйкес тест тапсырмаларының күрделілігі бөлім, тақырыптар бойынша негізгі үш деңгейде (ең төмен, орта және күрделі) болуы керек.
Тестіде келесі бөлімдер бойынша сұрақтар қамтылуы қажет: