Түсінік хат «Физика» оқу пәні



бет1/2
Дата19.05.2023
өлшемі22,8 Kb.
#95186
  1   2
Байланысты:
1 Түсінік хат 2022-2023


Түсінік хат

«Физика» оқу пәні

«Физика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
«Физика» пәнін мазмұнына «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын енгізу, яғни өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан асыл мұраларымызды дәріптеп, күнделікті сабақ мазмұнымен байланыстырып оқушыларға жеткізіп отыру, ұрпақтың таным дүниесін кеңейтіп, оларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге көмектеседі.
Аңызға айналған ұлттық есептер мен өлшемдерді даланың өшпес құндылықтары ретінде қарастырудың маңызы зор. Сонымен қатар, «Физика» пәнінде тұрғылықты жердің аумағындағы қоршаған ортаны ластайтын физикалық негізгі факторларды, шу және жоғары жиілікті сәуле шығару көздерін, ұлттық астрономияны, экологиялық білім мәселелерін қарастырумаңызды.
Бұл қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе дамыған тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған заманауи оқу-тәрбие процесінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 7-11-сыныптарда «Физика» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
Қазақстан Республикасы Ағарту ісінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 24-тармағына сәйкес «Физика» пәні 10-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде, ал 27- тармаққа сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандартты деңгейде оқытылады.
Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады.
Барлық оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс.

Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде «Физика» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 1 кестеде көрсетілген.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет