Түсінік хат Геометрия 11 сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)



бет1/2
Дата22.11.2022
өлшемі27,5 Kb.
#51749
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
11 ҚГБ Геометрия 1 сағ.КТЖ. 2022-2023 ож




Түсінік хат
Геометрия
11 сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Күнтізбелік тақырыптық жоспар ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.


2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669;
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықпен енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары; 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты негзінде құрылған.
Геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тəрбиелеуде келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
1) логикалық ойлауды одан əрі дамыту;
2) тұрақты кеңістіктік түсініктерді жəне кеңістіктік елестерді дамыту;
3) кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;
4) геометриялық білім негізінде практикалық жəне математикалық іс-əрекеттер дағдыларын дамыту;
5) бейнелік ойлауды жəне функционалдық сауаттылықты дамыту;
6) графикалық сауаттылықты, эстетикалықталғамдыдамыту;
7) геометрия тарихыжəнеоныңғылыми-техникалықпрогрестіңдамуынаəсеріментаныстыруарқылы тұлғаның мəдениетін тəрбиелеу.
10-11 сынып геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақтыбұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналуденелері) жəне олардың қасиеттерімен танысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет