Түсінік хат Пәні: Биология. Сынып: 8



бет2/10
Дата16.01.2023
өлшемі67,34 Kb.
#61407
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
8клбио№399

Бағдарлама құрылымы:
«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде білім алушыларға қоршаған ортаның көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.
«Биология» пәнін зерттеу барысында алынған деректерді жинау, өңдеу және түсіндіру, зерттеу жүргізу, биология бойынша эксперименттік зерттеуді жоспарлау, биология пәні бойынша оқу жабдығын қалай пайдалану сияқты дағдыларын дамытуға ықпал етеді.Білім алушылар биология оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінік қалыптастыру.
«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуантүрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінен үлгі ретінде берілген күнтізбелік – тақырыптық жоспарда кейбір тоқсандарда бөлінген бөлімдер артық немесе жеткізілмей берілген. Со,ан байланысты 7 – 9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы мен 2018 – 2019 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып, кейбір бөлімді алып тастап, кейбір бөлімдер біріктірілді.
Биология бойынша оқу бағдарламасына 8-сыныптарда алғаш рет мынадай бөлімшелер енгізілді: «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның аясында тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қарастырылады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі.
Нақтылап тоқталатын болсақ, бөлім бойынша жиынтық бағалау І тоқсанда 3 бөлім, ІІ тоқсанда 2 бөлім, ІІІ тоқсанда 3 бөлім, ІҮ тоқсанда 3 бөлім. Сондықтан І тоқсанда КТЖ - дағы «Микробиология және биотехнология» / 1 сағат/ бөлімі мүлдем алып тасталды, себебі бұл бөлімнің тақырыбы «Заттардың тасымалдануы» бөлімінде берілген. Сондықтан оның орнына І тоқсанға 1 сағат қайталау сабағы салынды.
Аталған бөлімшелерді оқыту білім алушыларды қоршаған ортаны түсіну, сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі зерделеуге көмектеседі.
Демек, білім алушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады.
Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек:

      • «Тірі ағзалардың әр алуандылығы» – білім алушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісін оқыту;

  • «Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалануы тиіс (аталған тақырыпты білім алушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады).

  • «Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты білім алушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады).

Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.
«Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- 8-сыныпта: аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 72 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет