Негізгі міндеттері: 1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жаратылыстану-математика бағытындағы "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету;
2) деректерді ұсыну;
3) ақпараттық процестер мен жүйелер;
4) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру ;
5) қосымшаларды әзірлеу;
6) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
7. "Аппараттық және программалық қамтамасыз ету" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) аппараттық қамтамасыз ету;
2) программалық қамтамасыз ету.
8. "Деректерді ұсыну" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) есептеу жүйелері;
2) компьютердің логикалық негіздері;
3) ақпаратты кодтау.
9. "Ақпараттық процестер мен жүйелер" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) реляциялық деректер қоры;
2) мәліметтер қорын құру;
3) құрылымдалған сұраныстар;
4) ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер.
10. "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) 3D – модельдеу;
2) web (веб)-жобалау.
11. "Қосымшаларды әзірлеу" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) алгоритмдер және программалар;
2) мобильдік қосымшалар;
3) IT Startup (ай-ти стартап)
12. "Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) компьютерлік желілерді ұйымдастыру;
2) желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.