Тақырыбы
|
Мақсаты
|
1
|
«Біз де шебер боламыз»
|
Балалардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру, бойларындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа, өзгелердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу
|
2
|
«Шебердің қолы көпке ортақ»
|
Балалардың әр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып, жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру. Қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау. Өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту
|
3
|
Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу.
|
Қағаздың шығу тарихынан шағын мәлімет беру. Қағаз шығаратын фабрикаға сырттай саяхат ( интернет желісі мен интерактивті тақтаны пайдалану)
|
4
|
Мозаика «Көңілді өрнек»
|
Балаларға ұсақ бөліктерден белгілі бір бейнені құрап шығуға, шыдамдылыққа, сабырлыққа тәрбиелеу.
|
5
|
Оригами «Кішкентай сөмке»
|
Балаларға қосымша құралдардың көмегінсіз, тек қағазды түрлі бүктеу әдістерін үйрете отырып, сөмке, жейде, көйлек жасауға дағдыландыру.
|
6
|
«Жемістер» аппликациясын жасау
|
Түрлі- түсті қағаздардан көлемді жемістер түрін жасауға дағдыландыру.Композицияны көлеміне қарай дұрыс қия білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
7
|
Матамен жұмыс.Матаның түрлері.
|
Балаларды матаның түрлерімен таныстыру. Матамен жұмыс жасау барысында қажетті қауіпсіздік ережелерін естеріне салу.
|
8
|
Тігінші мамандығымен таныстыру
|
Балаларға тігінші мамандығының сан қырлы жақтарын ашып айту, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
|
9
|
Түйме тігу. Жаттығу, машықтану
|
Балаларға түйме тігуді жаттықтыру, машықтандыру.Инемен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білулерін қадағалау.
|
10
|
Қуыршақты киіндір «Көйлек»
|
Өздерінің қуыршақтарына көйлекті пішіп тігу арқылы, тігінші мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
11
|
«Жастықша» жұмсақ ине қадағыш тігу және дайындау технологиясы
|
Түрлі жұмсақ ине қадағыштар жасаудың технологияларын үйрету.Иненің қауіпті құрал екендігін түсіндіру.Жинақылыққа тәрбиелеу.
|
12
|
Маталардан жапсырма. «Колобок-кішкене дөңгелек нан»
|
Балаларға маталардың әртүрлі екекндігін көрсете отырып, ертегі кейіпкері бауырсақты матадан қиып алып, қатты кағазға жапсыруды үйрету.Кейіпкерлердің шынайы бейнесін жасай білуге тәрбиелеу.
|
13
|
Мүсінші –мүсін өнерінің маманы.
|
Мүсін өнері- мүсінді жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері екендігін түсіндіру.Мүсін жасауда қолданылатын қажетті құрал- жабдықтармен таныстыру.
|
14
|
Үлгіге қарап адамдарды, жануарларды мүсіндеу (ермексазбен)
|
Үлгіге қарай отырып, адамдардың жануарлардың шынайы бет бейнесін бейнелей білуге үйрету.Ұқыпты таза жұмыс жасауға дағдыландыру.
|
15
|
«Ағаштағы алма» ермексазбен бастырма жасау (үлгі бойынша)
|
Алдын ала дайындалған суреттің бетіне түссіз пластмасса құралды қоя отырып, ермексазбен алманың бастырып бейнесін шығару. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
16
|
Тұздалған қамырдан жасалған сыйлықтар мен ойыншықтар
|
Алдын- ала дайындалған тұзды қамырдан әртүрлі пішіндердегі сыйлықтар мен ойыншықтар дайындауға үйрету. Жұмыс жасау барысында, өзгелерге кедергі келтірмей, ұқыпты, таза жеке жұмыс жасауға дағдыландыру.
|
17
|
Гүлдерді мүсіндеу
|
Балаларға тірі табиғаттың әсемдігін сезіне отырып, гүлдерді көркем түрде мүсіндеуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу керектігі туралы жөнінде түсіндіру.
|
18
|
Балалардың өз ойлары бойынша мүсіндеу
|
Мүсін өнері туралы алған білімдерін пысықтай келе, еркін тақырыпта балаларға жұмыс жасату. Жұмыс жасау барысынды қауіпсіздік техникасын ұстануларын қадағалау. Әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
|
19
|
Тоқыма материалдармен жұмыс. Тоқылған заттар көрмесі.
|
Балаларға тоқыма материалдарымен таныстыру. Тоқылған заттар көрмесін жасай отырып, тоқыма өнеріне деген қызығушылықтарын ояту.
|
20
|
Жіптердің әр түрлілігі туралы әңгіме
|
Балаларға жіптердің әртүрлілілігі жөнінде әңгімелеу, жіптің неден дайындалатындығын түсіндіру.
|
21
|
Үзілген жіптерден бастырма жасау
|
Алдын ала дайындалған суреттерді, жіп қиындыларынан бастырма әдісі арқылы дайындауға үйрету. Ұқыпты, таза жұмыс жасауға дағдыландыру.
|
22
|
Кепкен жапырақтардан, гүлдерден гербарий жасау
|
Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту.
|
23
|
Табиғи материалдардан жануарлардың мүсінін жасау (емен жаңғағы)
|
Емен жаңғағынан жануарлардың мүсінін қосымша материалдарды бекіту арқылыбейнесін жасай білуге үйрету.
|
24
|
Мозаика (ұсақ тастардан, дәндерден, ермексаздан, жапырақтар)
|
Балаларға табиғи заттардан композиция құрауды үйрету. Ұсақ тастардан, дәндерден, ермексаздан, жапырақтардан мозаика жасау арқылы бойлардың бойындағы шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту.
|
25
|
Сіріңке қорабынан поезд вагондары мен поровозын жасау
|
Сіріңке қорабынан поезд вагондары мен поровозын жасата отырып, қажетсіз деген заттардан пайдалы заттар жасауға болатындығын түсіндіру.
|
26
|
Сіріңке қорабы мен пластмасса құтыдан өз ойларынан бұйымдар жасау
|
Балаларға дәстүрден тыс заттардан жасалған коипозицияларды көрсете отырып, өз ойларынан жаңа туынды шығарып жасауларына көмектесу. Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын ұстануларын қадағалау. Басқалардың жұмысына құрметпен қарауға үйрету.
|
27
|
Пластмасса құтыдан қалақша жасау
|
Тәрбиешінің көмегімен пластмасса құтыдан қалақша жасауға үйрету.
|
28
|
Дәстүрден тыс сурет салу әдістерімен таныстыру
|
Балаларды дәстүрден тыс сурет салу әдістерімен таныстыра отырып, сурет салуға деген қызығушылықтарын ояту.
|
29
|
«Сия тамшысы» |