География және табиғатты пайдалану факультеті
Жерге орналастыру мамандығы
1 курс студенті: Альходжаева Қарақат Жандосқызы
Тексерген: Алимсеитова Жанар Кенесхановна
Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ)
Түсірістің автоматтандырылған әдістері
Топографиялық түсірім – белгілі бір телімнің топографиялық картасы мен планын жасау үшін жүргізілетін жұмыстар жиынтығы. Топографиялық түсірімге әр түрлі топографиялық зерттеулер: аэрофототүсірім мен ғарыштық түсірулер, тахеометриялық және мензулалық түсірулер (шағын телімде мензула мен кипрегельдің көмегімен атқарылады), сондай-ақ түсіру торларын құрастыру әдістері (геодез. және астрон.), нивелирлеу (жер бедерін түсіру, биіктік негізін құру) жатады. Топографиялық түсірілім жергілікті жердің топогриялық планы түсірілетін нүктелердің барлық үш координатын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және ғыл. өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады; қ. Топографиялық карталар; Геодезиялық және картографиялық аспаптар мен құралдар.
Топографиялық түсірілім - материалдық өндіріс пен адам мен қоғам арасындағы қатынастардың барлық саласында геодезиялық жұмыстардың ең танымал түрлерінің бірі. Бұл
танымалдылық жерді жобалауға, кез-келген жаңа құрылысты ұйымдастыруға, табиғи ресурстарды зерделеуге, оларды игеруге, пайдалануға және олардың нақты жағдайындағы және құқықтық қатынастарындағы басқа да өзгерістерге байланысты кең сұранысқа ие.
Топографиялық түсірістерді технологиялық құрал ретінде де, өндіріс процесі де, рельефтің беткі қабатын қажетті масштабта дәл бейнелеу әдісі ретінде қарастыруға болады. Бұл кескін
топографиялық жоспар деп аталады және түсірілім нәтижесінде алынған барлық ақпаратты қазіргі координаттар жүйесіне кеңістіктік сілтеме түрінде орналастырады. Топографиялық
түсірілімдердің негізі мемлекеттік геодезиялық анықтама және түсірілім желілері болып табылады
Топографиялық-геодезиялық ақпаратты алғашқы өңдеу және жинау жүйесінің жаңа тәсілдерін геодезиялық тәжірибеге енгізу топографиялық түсіріс жұмыстарын автоматтандыру процесін қамтамасыздандырады. Соның ішінде динамикалық топографиялық пен лазерлі- параллактикалық жүйелерді, электрондық тахеометрия мен өзі тұрған жерін анықтаудың немесе позициялау (позиционирования) серіктестік жүйесі ерекше ажыратылады.
Лазерлі-параллактикалық жүйелер. Лазерлік жазықтықты жасау принципін қолданады.
Хабарлағыш құрылғы (передающее устройство) горизонтальдық және көлбеу шоқ сәуле (наклонные пучки) қалыптастыратын айналма бастиегімен (с вращающей головкой) лазерлік таратқышты (лазерный передатчик) және радиотаратқышты қамтиды. Қабылдағыш құрылғы, телескоптық қарнақта (телескопическая штанга) орнатылған айналмалы шолу объектіві бар фотоқабылдағыш және онда бекітілген радиоқабылдағыш пен есептеу құрылғыдан (вычислительное устройство) тұрады. Хабарлағыш құрылғы тұрған станциясында, ал
қабылдағыш құрылғы пикеттерде орнатылады.
Электрондық тахеометрия , Бұрыштық және сызықтық өлшеулерді автоматтандырудың
алғашқы кезеңі бір-біріне ерекше жүргізілді, алғаш сызықтық өлшеулер автоматтандырылған (радио және жарық қашықтық-өлшеуіштер). Кейін бұл бағыт бұрышөлшеуіш және
қашықтықөлшеуіш кешендерін жасау жолымен дамыды, ол жарық қашықтық-өлшеуішті оптикалық теодолитке бекіту түрінде болды. Дала жағдайында есептеу үшін бағдарламалық микрокалькулятор қолданылды. Бір аспапта жарық қашықтық-өлшеуіш, теодолит және
есептеу құрылғыны қатар.
Қазіргі таңда координаталарды анықтаудың екі негізгі серіктестік жүйе әрекетте:
ресейлік ГЛОНАСС (Жаһандық (әлемдік) навигациялау серіктестік жүйесі) (Глобальная
навигационная спутниковая система) Сонымен қатар, дайындықтың әр түрлі деңгейіндегі бірнеше серіктестік навигациялық жүйе бар, олар: Бэйдоу (BeiDou), DORIS, Galileo, IRNSS, QZSS.
американдық NAVSTAR (Navigation Satellite Timing and Ranging) GPS (Clobal Position System) (ара қашықтық және уақытты анықтау үшін навигациялық жүйе позициялаудың әлемдік(жаһандық) жүйесі).
Ғарыштық аппараттар сегменті. GPS и ГЛОНАСС серіктестік жүйелер Жерді шеңбер
орбиталарымен айналатын 24 серіктен тұрады, оның 21 әрекетте болады, ал 3 резервте болады. GPS жүйесінің серіктерінің орбиталары 6 жазықтықтан өтеді. Әрбір жазықтықта 4 серіктен бар; орбитаның орташа биіктігі 20 180 шақырым, Жердің айналып шығу уақыты 11сағат 58 минут (сурет 15.1, а). Спутниктердің мұндай саны мен орналасуы, Жердің кез келген нүктесінде кез келген уақытта кем деген де 4 серіктен бір мезгілде (одновременный) сигнал алуын қамтамасыздандырады. 1983 жылы GPS жүйесін азаматтық тұтынушылар пайдалануға рұқсат берілді.
ГЛОНАСС жүйесінің серіктері 19 150 шақырым биіктікте 3 орбиталық жазықтықта Жерді айналады, әрбір орбитада 8 серік бар және олардың Жерді айналу кезеңі 11 сағат 16 минутты құрайды. 1996 жылдың қаңтар айында ГЛОНАСС жүйесі толық іске қосылды. Серіктестік жүйелердің әрбір серігінде қуат беру күн батареялары, қабылдағыш-хабарландырушы аппаратура, жиілік пен уақыт эталондары, борттық компьютерлер және лазерлік қашықтық-өлшеуіштер үшін бұрыштық шағылдырғыштар орнатылған. Жер бетіндегі бақылау және басқару сегменті жер беті бойынша біркелкі орналасқан серіктерді бақылау станциялары жүйесінен, дәл уақыттың қызметінен, есептеу орталығы орналасқан бас станциясынан және серіктерге ақпарат беретін станциялардан тұрады. Бақылау пункттерінен лазерлік қашықтық-өлшеуішпен тәулік бойы екі рет әрбір серікке дейін ара қашықтықы өлшейді. Орбитадағы серіктердің орналасу туралы (эфемеридтер) жиналған ақпарат әрбір серіктің борттық
компьтеріне жеткізіледі. Серіктер тұтынушыларға өлшеу радиосигналдарды, жүйелі уақыт туралы ақпаратты, өзінің координаттарын т.б. мәліметтерді ұздіксіз жіберіп отырады.
Динамикалық топографиялық жүйелер - нысаналаудың шексіз қозғалыстарын пайдалануға негізделген. Мұнда, нүктелердің пландық координаталары сызықтық қиылыстырулармен анықталады, ал биіктіктері лазерлі жазықтықты пайдаланып геометирялық нивелирлеу әдісімен өлшенеді. Мұндай жүйені автоматтандырылған топографиялық операциондық жүйе (АТОЖ) деп атайды. Бұл жүйе рельеф қимасы 0,5м арқылы 1:2000 масштабта түсірісті орындауға мүмкіндік береді.
АТОЖ-дың далалық кешені автокөлікте орналастырады және лазерлік жазықтыққа биіктікөлшегіш, төрт геодезиялық радиоқашықтықөлшегіш және жартылайавтоматты ақпараттар тіркегішқосылады. Биіктікөлшегіш- түсіріс негіздері нүктелерінде орналасқан лазерлі жазықтықты сәулелендіргіштен, фотоқабылдағыш рейкадан және автокөлікте орнатылатын қоздырғыш блогынан тұрады.
Төрт радиоқашықтықөлшегіштің екеуі негіздің түсіріс негізінің нүктелерінде, ал қалған екеуі кері сызықтық қиылыстыру әдісі арқылы пикеттердің пландық координаталарын анықтауға мүмкіндік беретін, екіканалды жүйені құрады.
Түсіріс үдірісінде автомобильдің қозғалысы доға бойынша болады, радиоқашықтықөлшегіштің үштігі 90°-қа жақын бұрышпен қиылысады. Пикеттер 15м арқылы концентрлік доға бойынша анықталады, бір-бірінен 15- 30м аралығында орналасқан. Қозғалыстағы пикеттердің пландағы жағдайын анықтау дәлдігі 0,5м (аялдама кезінде 0,13м), ал көру дәлдігі 600 м биіктік болған кезде 3,3см.
Далалық ақпарат тіркегіші (ДАТ) -касетаға мәліметтерді жазу
магнитофоны түрінде беріледі, оған 1000 пикетке дейінгі жазулар енгізіледі. Нәтижелер ақпараттарды өңдеу техникалық құралдарынан тұратын камералды есептеу орталығына беріледі. Қазіргі ақпаратты тіркегіштер, далалық жағдайда алынған ақпараттарды сақтау, өңдеу, тіркеу үшін қажет микропроцессордан, мәліметтерді енгізу клавиатурасынан, есептегіш пен жинақтауыштан тұрады.
Далалық тіркегіш интерфейс арқылы ЭЕМ қосылады және де автономды жағдайда тіркегішпен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
Лазерлік сканирлеу жүйелері. Соңғы жылдары жер бетінде топографиялық түсіріс жасаудың ең бір кең таралған түрі лазерлік сканердi қолдану. Лазерлі сканерлеудің негізгі принципі, түсіріс жасалынатын нысанның көлемдік кескінін арнайы құрылғы -сканермен алу болып табылады (үш өлшемді координатасымен нүкте сұлбасын алу). Жол жағдайында жасалынған сканерлеуден кейін, алынған нәтиже далалық жұмыстағыға ұқсас өңделеді және барлық жасалынатын өңдеу әрекеттері компьютер экранында жүрілеті. Оператор тінтуір (мышка), көмегімен нүктені семантикалық нүктеге айналдыра алады, сонымен қатар жолдың іс жүзіндегі биіктігін, теміржолда рельс басын, жолдың жағарғы және төменгі құрылымының қабатын жеке -жеке анықтау мүмкіндігімен бірге, жобалық жол планын, жол паспортын, бойлық қимасын жасау мүмкіндігін береді.
Бұл артықшылық, дәстүрлі топографиялық түсірістегі бірнеше түрлі түсірісті бір ғана сканермен ауыстырумен қатар, нәтижені өлшеудің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
Электронды тахеометрия. Электронды тахеометрлерді қолдану далалық өлшеулер мен камералдық өңдеулерді анағұрлым қысқартады, олар заманауи технологияларды топографиялық түсірістерде қолдану талаптарына сай. Қазақстанның көптеген кен орындарында, карьерлер қиябеттері жағдауы массивінің жай-күйін қадағалау үшін заманауи электронды тахеометрлер өндіріске енгізуде.
Онда координаталар басы үшін түсіріс жүргізіліп жатқан станция алынады. Электрондық тахеометрлердің қолданыс аясының кеңдігін және жоғарғы еңбек өнімділігін ескере отыра, түсіріс процесі кезінде рейкаларды тез жылжытып отыру үшін бақылаушы мен рейка ұстаушының қимыл-әрекеті де механизациялануда.
Жерсіктік позициондау жүйелері. 20 ғасырдың соңында дүниеге келген ғылым мен техниканың маңызды жетістіктердің бірі - Ғаламдық позициялау жүйесі (GPS). Бүгінде GPS, ГЛОНАСС, GALILEO деген сөздерді білмейтін адам жоқтың қасы. Олардың қалай жұмыс істейтіндерінен де хабардармыз. Бұлардың барлығы Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүелер (ҒНЖ) деп аталады.
Қазіргі кезде ҒНЖ-нің мынандай түрлері бар:
1. GPS – (Global Positioning System), АҚШ-тың бұрын әскери салада қолданылып келген NAVSTAR деп аталатын жүйесін, 2000 жылдан бастап дүниежүзілік келісім бойынша ғаламдық позициялау, яғни координаталарды анықтау жүйесін GPS деп атады және әлем пайдаланып отыр.
2. ГЛОНАСС (ғаламдық навигациялық серіктік жүйе, Ресей);
3. GALILEO - Еуропалық ғарыштық агенттіктің (ESA) одақтың жүйесі. Бұл жүйе 2003 жылдан бастап іске қосылды және де ол GPS-тің де ГЛОНАСС-тың
да сигналдарын өңдей алады.
Бұрыштар мен арақашықтықтарды және биіктік өсімшелерін өте жоғары дәлдікпен өлшей алатын, сонымен қатар қолданыс аясы үлкен электрондық тахеометрлер геодезиялық және түсіріс негіздемелерін құруды тікелей топографиялық түсіріспен қоса жүргізе алады, ал кей кезде түсіріс өлшеулерді түсіріс негіздемесінсіз−ақ жүргізе береді. Электронды тахеометрлерді көбіне координаталық жүйеде жұмыс жүргізгенде қолданады.
Ғаламдық позиционирлеу жүйесін қолдану 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.
Бірінші бағыт карьерлерде маркшейдерлік тірек торларынды құру және карьер беткейлері тау жыныстарының жай-күйін мониторингтауда қолданылады.
Екінші бағыт – жербеті жылжуларын мониторингтауда және коммуникацияларды түсірімдеуде қолданылады.
Үшінші бағыт – бұл жербетіндегі ғимараттар элементтерінің деформациясын жүйелі түрде бақылауда қолданылады. Қазіргі таңда GPS- мониторинг қызметі отандық ірі тау-кен өндірісі кәсіпорындарында табысты қолданыс табуда.
Ғарыштық геодезияның дамуы барысында геодезияның ғана емес, сонымен қатар инженерлік геодезия мен маркшейдерлік істің есептерін шешу мүмкінді де туды. Ең алғашқы Ресейде және шет елде өткізілген сынақтар ғарыштық әдістердің жоғары мүмкіншіліктері мен ғарыштық анықтаулардың жоғары дәлдігін ашу мүмкіндігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |