Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі


Педагогикалық процестің қозғаушы күштері



бет3/3
Дата23.10.2023
өлшемі16,46 Kb.
#120872
1   2   3
Байланысты:
Т тас педагогикалы процесс – педагогика п ні мен м алім ызмет

5.3 Педагогикалық процестің қозғаушы күштері
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі – бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған әлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы ерекше әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте қиын. Мысалы, оқушылардың мінез-құлқындағы адамгершілік сезім мен сенімнің және дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Әрине, тексеру өте қиын, өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады.
Тәрбие процесі әр уақытта динамикалы (қозғалысты), жылжымалы болады. Сондықтан, педагогикалық ықпал бір балаға жағымды, ал екінші балаға теріс әсер етеді. Осыған байланысты тәрбие процесінде баланың көңіл-күйін, психикалық жағдайын, тұрған орнын еске алған жөн. Сонымен қатар әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар балаға өте күшті немесе өте әлсіз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайды да мұғалім оқу-тәрбие процесінде естен шығармауы қажет.
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы бейтарап реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакцияны бейтарап реакция деп атайды.
Оқыту мен тәрбие процестері – оқытудың даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-жақты дамытып, қалыптастырудың үстем функциясы болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет