Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары



Дата20.04.2023
өлшемі16,59 Kb.
#84897
Байланысты:
Обөж 7


Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары.


Педагогикалық процестің заңдылықтары
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту -тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңцар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту — тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс — әрекетінің объектісі — біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс — әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Зандылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақгылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.
Мұғалімді дайыңдау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттерімен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықгай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі — құрылымдық сипаттау, алда болатын іс — әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар
— оқушылар жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқгы педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді ,бірақ ішкі белсенділік пен өзін — өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенін бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т.,Афанасьв В.П.,Блауберг И.В., Садовский В.Н. және т.б.):
-қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатка ие, оның қызмет атқаруы
мақсатка сәйкестік сипатты білдіреді; жүйе өзара байланыстағы және
өзара тәуелді элементтерден (компонентерден) тұрады;
-жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;
-жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуімен
тұрақтьшығын қамтамасыз етеді;
-жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен
байланысын көрсетеді;
жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
-жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады
Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек кана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың
арасыңда оның орнын анықтауға және «ұстаздар — оқушылар» жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.
Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінін ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның ргосезкиз — қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс»деген ұғымның мағынасы «ұстаздар — окушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір
ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын зандылықгарымен байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет