Тұтығу кезіндегі сөйлеу тілінің дамуын түзету



Дата16.05.2023
өлшемі19,88 Kb.
#93704

Тұтығу кезіндегі сөйлеу тілінің дамуын түзету

Тұтықпа деп-сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процестерінің өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор.


Мидың үлкен жарты шарының іс-әрекетіндегі жүйенің босаңсып шектен шығуы бір жағынан жағымсыз экзогендік факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Жүйкенің шектен шығуы жоғарғы жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бастапқы ми қызметінің бұзылуы, ми мен ми қыртыс асты бөлімдерінің арасындағы индукциондық қатынастарының және ми қыртысы асты құрылымдарының қызметін реттейтін шартты рефлекстік механизмдерінің бұзылуына әкеліп соғады. Тұтықпа көбінесе баланың сөйлеу функциясының қалыптасу кезеңінде (2-6жас аралығында) пайда болады. Арнайы әдебиеттерде мектеп жасына дейінгі балаларда басталған тұтықпаны өз бетінше сөйлеу ақаулығы деп қарастырады. Жалпы сөздік тырысқағы мол адамдарға асықпай бәсең сөйлеуге кеңес беріледі. Қобалжудан үнемі сақтану қажет. Тұтықпанның себебі әлі белгісіз. Баланың сөйлеу қабілетінің жетілмеуі, бала өзін қоршаған ортадан қыспақ көруі. Мысалы, үлкен адамдар балаға дұрыс сөйлеуге шексіз қыспақ көрсетуден тууы мүмкін.
Тұтықпаның негізгі белгісі-ауызша сөйлеу процесінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысуы. Тырысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады.
Тұтықпа қыздарға қарағанда, еркек балаларда үш есе жиі кездеседі. Мұның механизмі әлі де түсініксіз болып келеді. Қыздардың моторлық функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек қалыптасады.
Тұтықпа белгілері:
Көптеген балаларда тұтықпа пайда болғанға дейін, сөйлеудің қарқынды даму кезеңінде, физиологиялық итерация, сөйлеу кезіндегі тыныс алу мен күрделі фразалы айтудың психикалық мүмкіншіліктерінің арасындағы үйлеспеушілік байқалады.
Тұтықпаның пайдо болуына сөйлеудің қарқынды даму жылдамдығының да әсері зор. 1,6-1,8 айдағы ауызша толық сөйлеуі жаңа қалыптасын келе жатқан сөйлеудің функциональды жүйесіне қауіп төндіреді.
Тұтықпа байқалғанға дейінгі кезде баланың мінез-құлқында әр түрлі ерекшеліктер (урейлену, жылауық, шыдамсыздық, ұялшақ т.б.) байқалады. Кейбір балаларда 2-5 жаста қараңғыдан қорқу, невротикалық энурез т.б. байқалады. Кейде тұтықпа байқалмай тұрып, кенеттен психикасының зақымдалуынан кейін балада мутизм байқалады. Бала кенеттен сөйлемей қалады, бет әлпетінде үрей саақталып қалады.
Көптеген балаларда тұтықпаның бұл түрі жайлы байқалуына қарамастан, жеті жаста болады. Тұтықпа ерекшеліктеріне тән:
- Тұтықпа 2-6 жасқа дейінгі жаста байқалады.
- Тұтықпаға дейін жайылма сөйлемдерді қолданады.
- Ақаулық кенеттен немесе созылмалы психикалық зақымдалудан басталады.
- Тырысудың деңгейі тұтығушының эмоционалды жағдайына және қатынас ортасына байланысты.
- Белгілі бір жағдайда жатық сөйлеу мүмкін (өзімен болғанда, эмоционалды жайлы жағдайда, сөйлеу процесін көңілін басқа жаққа бөлгенде.
Тұтықпа кезіндегі жүргізілетін шаралары:
Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға магнитафондық сабақтардың маңызы зор. Бұл сабақтардың мақсаты баланың зейінін сөйлеу жылдамдығына, мәнерлігіне, ырғақтылығына, сөйлемді дұрыс құрастыруға аудару болып саналады. Магнитафондық сабақтарды жүргізудің әр түрлі варианттары қолданады. Мысалы, көркем сөз шеберлерін еліктеу, қайталау, салыстырмалы сабақтар т.б.
Қазіргі кезде «көрінетін сөйлеу» әсерін тудыратын әр түрлі компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолдануда. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуды ұзарту, сөйлеудің интонациялық саздылық жағын және оның кідіріс процестерін қалыпқа келтіріп, түзету мақсатында көрінетін сөйлеу бағдарламасының бірнеше модульдері қолданады. Мысалы,
1) «Ұзақ демалу модулімен жұмыс». Мақсаты тыныс алудың ұзақтылығы мен күшін ерікті реттеу дағдысын қалыптастыру. Бірнеше ойын жүйесін қолдану арқылы бала жұтқан ауаны үнемі бөліп пайдалану. Тапсырманы көзбен көріп бақылауы, жаңа дағдының қалыптасуына көп көмегін тигізеді.
2) «Дауыстың жоғарлығын өзгерту» модулінің мақсаты даусын ерікті, жоғарылату, бәсеңдету.
3) «интонация» модулімен жұмыстың мақсаты дұрыс интонацияны қалыптастыру.
4) «Дауыстың қаттылығы мен жоғарлығы» жұмыстың мақсаты сөйлеудің кідірісін, жылдамдығын, бірге айтылуын түзету.
«Көрінетін сөйлеу» компьютерлік бағдарламаны қолдану барысында тұтығушының сөйлеуі туралы нақты деректер алуға болады.
Тұтықпадан түзету жолдары
Тұтықпаны түзетуде мұғалімнің орны ерекше. Мұғалім тұтығушының отбасымен тығыз байланыс жасайды, сыныптағы балалардың тұтығушыға ықыласпен қарауын қадағалайды, сыныптағы, мектептегі қоғам жұмысына тартып, баланы сөйлеуін түзетуге қызығушылығын белсендірілуіне жағдай жасайды.
Түзету жұмысының негізгі міндеттеріне: жалпы, ұсақ, артикуляциялық моторикасын, фонациялық тыныс алуын, сөз қорын молайту т.б. жатады. Түзету педагогикалық жұмыс тұтықпаның клиникалық түріне байланысты жүргізіледі. Баланың өзінің тәртібі мен сөйлеу кемшіліктерін және тұтықпаны түзету тәсілдерін меңгеруі, оның түзету логопедиялық процесіне белсенді табысты қатысуына мүмкіндік береді. Жұмыс барысында әр түрлі дәстүрлі және арнайы оқу құралдары қолданылады. Оларға көптеген оқулықтар, оқу процесінде, ойындар, диафильмдер, видио материалдар жатады.

Тыныс алу үшін қолданылатын ойындар мен жаттығулар


Екі ұрытты толтырып, балаға қарап үрлеу керек. Балаға да солай істеуін сұрап, егер үрлей алмаса, үйрету.
«Жұлдыздарды ұшырайық»
Тапсырма: жұлдыздар мен жүрекшелерді үрлеу, (заттардың өте жеңіл екенін ескеріп, балалардың заттарды ұшыру үшін үрлеу жылдамдығын түсіндіру.

«Жел мен көбелек»


Бұл тапсырма үшін кез келген гүл суреті бар картина қажет. (балаларға қызықты болу үшін әр түрлі жәндіктер ді қоюға болады.)
Көбелек гүлге қонды,
Кенеттен жел соғып
Көбелекке тиіп, бұлттарға ұшырды.
ммм

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет