Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет21/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Жүйелілік принципі әрекеттің әр алуан түрлерінде қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыруды, дұрыс сөйлеуді қалыптастыру бойынша логопедиялық сабақтардың басқа сабақтармен, тәрбиешінің, музыкалық жетекшінің ата-аналардың өткізген шараларымен байланысты қарастырады.

Талаптарды сатылап күшейту принципі («қарапайымнан-күрделіге») бір кезеңнен екінші кезеңге бірқалыпты өтуіне, қарым-қатынастың қарапайым түрінен күрделі түріне өтуіне анықтайды.

Логопедиялық жұмыстың мақсаты – тұтығатын баланы қарым-қатынас жағдайында таныс белгілерді табуға, қажетті әдісті табуға, өзгерген кеңістікке үйренуге, мағынаны сақтап қалуға, ауызша сөйлеу түрлерін таңдауға, адекватты жағдайларға үйрету. Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру бойынша жүргізілген сабақтарда оқытудың тәжірибелік, көрнекілік, сөздік әдістері қолданылады.

Мектепке дейінгі балалармен жүргізілген жұмыс кезіндегі негізгі әдіс ойындық болып табылады. Баланы әр түрлі жағдайда қарым-қатынасқа түсуге үйрету үшін оларды модельдеу керек. Жағдайдың түрі белгілі бір шартты(орын, уақытын, заттар) божайды, түзету курсын тек балада сюжетті-рольдік ойынның бастапқы дағдылары қалыптаса бастаған кезде ғана бастау керек.

Тәжірибелік әдістердің амалдары жаттығулардың әр алуан түрлері болды. Бастысы балалар логопед қосылған сөздік үлгіні қайталайтын еліктеушілік орындаушылық жаттығулар. Шығармашылық сипаттағы жаттығулар да қолданылады. Бұл ойын әрекетінің әр алуан түрлерінде, күрделі кезеңдерінде үйренген қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қолдану.

Көрнекі әдістер шеңберінде көрнекілік – көрулік, көрнекі-естулік амалдар қолданылды: логопедтің қарым-ақтынас үлгісін көрсетуі (дыбыстық және кинетикалық), бассқа да үлгілерді қолдану, табиғи жағдайға қатты ұқсас жағдайларды ойындық атрибуттардың көмегімен жасау. Сөздік әдістер қойылған сөздік мақсаты балалардың ойлануына, жағдайды есте сақтауына, бейімделуіне көмектеседі. Сөздік әдістің амалдарына мыналар жатады: сөздік мақсатты анықтауға көмектесу, оған жету жолдарын түсіндіру; сөздік үлгіні көрсеткенде қолданылатын қосымшалар; жағдайдың құрылымын анықтау бойынша жүргізілетін әңгіме, сөздік қарым-қатынастың түрін таңдауға көмектесу мақсатында балаларға қойылатын сұрақтар, коммуникативті мақсатқа жету жолдары.

Логопедиялық түзету процесі қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті амалдарын біртіндеп күрделендіреді, тілдесу жағдайларын өзгертуді жаңа коммуниканттарды енгізуді қарастырады.

Материалды осылайша құру және бөлу балалардың стреотипті сөйлеу тәртібін шектейді. Қажетті жағдайға сәйкес адекватты сөйлеу түрін таңдай алуға және коммуниканттың әсеріне байланысты оны өзгертуге көп көңіл аударылады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұтығуының симптоможүйесін, олардың онтогенезінің кейбір психофизикалық ерекшеліктерін зерттеу балалардың 4 тобын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.



1 топ – орта және ауыр деңгейлі клоникалық немесе клоникалық тұтығуы бар балалар. Олар тез қозғыш, шулы, тез тіл табысқыш – іс-әрекеттің кез келген түрінде, соның ішінде ойын әрекетінде көшбасшы, қарым-қатынастың кез-келген түрінде сөйлеу түрін қолдана алады. Олар сөйлеу кемістігін қимыл-қозғалыстың белсенді түрімен толықтырады, құрдастарын өзіне бағындыра алады.

2 топ – тұтығудың клоникалық түрінің жеңіл және орта деңгейі бар балалар. Олар тіл табысқыш, ережені біледі, тәртіптері жақсы. Бірақ олар ортақ ойындарға қызыға кіріскенімен, ұйымдастыру қабілеттері жоқ. Ұжымдық әрекет процесінде оларда ұйымдастырушылық дағдылары қалыптаса бастайды.

3 топ- тұтығудың клоника-тоникалық түрінің жеңіл және орта деңгейлері бар балалар. Қарым-қатынасқа аз түседі: өз беттерінше ойнай алмайды. Ұжымдық ойындарға қатыспайды, тек кейде ойынға жалпы дайындық кезінде ғана араласады. Сенімсіздікпен, қарым-қатынасқа аз түсумен, тежелумен, бағынбаушылықпен ерекшеленеді.

4 топ – тұтығудың тоникалық түрінің ауыр немес орта деңгейі бар, олардың сөйлеу тілі мен тәртібіне айтарлықтай әсер еткен балалар тобы. Олар тұйық, ұялшақ, кейде үрейшіл болады. Өз беттерінше ойнауды қалайды. Олар тез зерігеді және жағымсыз нәрселерге бейім.

Тұтығатын баланы оның сөйлеу белсенділігін анықтап, оны аталған клиникалық топтардың біріне жатқызу мақсатында тексеруден өткізу логопедке түзету-тәрбиелеу процесін құруға көмектеседі.

Түзету жұмысы үлкен мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалармен жүргізілді, тәжірибеде 5 - 6 жас аралығында 6 бала қатысты, олар арнайы логопедиялық мектепке дейінгі мекеменің № 8 тобына барады.

Тілдік қарым-қатынасқа үйрету процесі фронталдық, топтық және жеке сабақтар барысында әр алуан әрекеттер кезінде жүзеге асты. Тәжірибе 4 кезеңнен тұрды: дайындық, бастапқы, өтпелі және қорытынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет