Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында кезектi дезинфекциялық шараны жүргiзу Туберкулез ошақтарында кезектi дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлушi науқасы үйде болған жағдайда жүргiзiледi.Науқасқа «Туберкулездiң бактерия бөлетiн түрiмен ауыратын науқас» деген тұжырым қойылып, есепке тiркелген уақыттан бастап, санитарлы- гигиеналық, эпидемиологияға қарсы және дезинфекциялық тәртiптердi сақтай отырып, кезектi шара жүргiзiледi. Ошақтағы ең тиiмдi кезектi дезтнфекциялық шара болып, бөлменi жиi желдету болып табылады (күнiне 2-3 рет, 30-40 минуттан).
Кезектi дезинфекцияны және оның дұрыс жүргiзiлуiн ТҚМ анықтайды, олар науқастарға Қазақстан Республикасының аймағында қолданатын қақыруға арналған түкiргiш зат (2-ден кем емес) пен дезинфекциялық заттар берiледi.Науқастың емханалық картасына аймақтық дәрiгер кезектi дезинфекцияның жүргiзiлген күнi мен айақталған күндерiн белгiлеп, шараның толық және сапалы өтуiне жауапкершiлiк мiндетiн аалады.Кезектi дезинфекцияны науқас немесе оның жанұя мүшелерiнiң бiреуi жүргiзедi (балалар мен жасөспiрiмдерден басқа).
Аймақтық фтизиатр дәрiгер науқасқа жеке бастың санитарлы тазалығын үйретедi: бет перденi қолдану, түкiретiн затқа қақыру және кезектi дезинфекцияны жүргiзу. Науқасқа қақырығын жинауға толық, жақсы жабылатын қақпақпен 2 түкiргiш ыдыс берiледi.
Санитарлы – эпидемиологиялық қызметтiң дезинфекциялық бөлiмдерi (бөлiмшелер), дезинфекциялық станция мен туберкулезге қарсы мекемелер кезектi дезинфекциялық шараны ұйымдастырып, әдiстемелiк жетекшiлiк етедi.
Дезинфекция жүргiзуге арналған заттарды туберкулезге қарсы мекемелер бередi, аталған мекемелер болмаған жағдайда, АМСК жүйесi бередi,аталған мекемелердiң бюджетiнде осы шараға арналған арнайы қаржы болады.
Туберкулезге қарсы мекемелерде жүргiзiлетiн күнделікті дезинфекция Уақытылы және сапалы күнделікті дезинфекцияның өткiзiлгенiн ТҚМ жетекшiсi қамтамасыз етедi.ТҚҰ жүргiзiлетiн күнделікті дезинфекция Қазақстан Республикасында жүргiзуге рұқсат етiлген препараттармен жүргiзiледi.
Туберкулезге қарсы ауруханаларада дезинфекцияны арнайы штаттық нормативтегi дезинфекторлар жүргiзедi.
ТҚҰ – да күнделiктi дымқыл тазаланып, желдетiлуi (күнiне 2-3 рет, 30-40 минуттан) керек. Ал қызметкерлер болса, жоғары сапалы қорғаныстағы (99%) бет перделердi киюлерi қажет. Бөлмелерде бактерицидттi сәулелендiргiш қондырғылар орнатылуы керек.
Науқас ауруханаға жатқан жағдайда оның киiмдерiн арнайы шеттетiлген бөлмелерге қойып, науқас оларды тек күндiзгi қыдыруға ғана пайдаланады.
Науқас ауруханадан кеткеннен кейiн ол қолданған төсек жабдықтары (аурухананың жастығы, көрпесi, төсенiшi) дезинфекциялық камерада залалсыздандырылады.
Туберкулезге қарсы мекемелердiң iшкi заттары күнделiктi дымқыл сұртiлiп, тазалануы керек.
Қақырықты жинау, тасымалдау, залалсыздандыру және қақырық ткiргiш заттарды беретiн жұмыстарды арнайы киiнген және дайындалған қызметкерлер жүргiзедi.Қақырықты жинау мен залалсыздандыру арнайы бөлiнген бөлмелерде жүргiзiледi.
Қолданылған асханалық ыдыстарды биялаймен (перчатка) арнайы белгiленген буфеттегi үстелге жинап, тамақ қалдықтарынан тазалап, жеке ыдыстарда залаласыздандырғаннан кейiн жуып, сүртпей, арнайы кептiретiн сөрелерге салу керек.
Қолданылған ыдыстарды ауамен залалсыздандыратын құрылғыда залалсыздандыралы. Қолданылғын ыдыстырды жинағаннан кейiн үстелдi арнайы дезинфекциялық ертiндiге салынған сүлгiмен сүрту керек.
Тамақ қалдықтарын арнайы ыдысқа (шелек, бөшке) жинап, бетiне құрғақ дезинфекциялық затты 1:5. сәйкес. Қалдық тамақтарды тармиялық жолмен (булап қайнататын ошақтарда) залалсыздандырылса малға беруге болады.
Кiрлердi арнайы киiммен, биялаймен, резiңке аяқ киiм кигкен жұмыскер, керегелерi кафелденген, биiктiгi 1,5 м, механикалық желдеткiш орнатылған арнайы бөлмелерде сорттайды.
Кiрдi желiм қаптарға жинап, кiр жуатын бөлiмге жiбередi, аталған жерда кiрлердi залалсыздандырады.Жеке кiр жуатын бөлiм болма,ан жағдайда, кiрдi жiберместен бұрын белгiленген күндерi залалсыздандырып, жеке кiр жуатын машиналармен жуады.
Туберкулезге қарсы мекемелерде стерилизациялық-дезинфекциялық іс-шаралар мен нозокомиалды жұқпалардың берілуін алдын алу ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.
Ауыр жағдай болмаса, ауруханада жатқан науқастарға келуге болмайды. Оның үстiне келушiлер арнайы қорғаныш заттарын (халат, бет перде) қолдаанулары қажет.