Циль-Нильсен әдісі бойынша бояу. Циль-Нильсен әдісі бойынша туберкулез микобактериясын анықтау үшін 1 мл қақырықта кем дегенде 10-100 мың микобактериялар болу керек. Егер микобактериялар бұл саннан аз болса жалған нәтижелер пайда болады. Сүртінді дайындау үшін қақырықты Петри табағына құяды да, үшкір таяқшалармен 5-6 жерден іріңді түйірлер алып сүртінді дайындау үшін екі әйнекке салады. Бір препаратты эластикалық талшықтарды анықтау үшін қолданады. Екінші әйнектегі қақырық түйіршіктері үшінші әйнекпен ысқылайды, сөйтіп екі препарат пайда болады.
Бұл препараттардың біреуін Циль-Нильсен бойынша, ал екіншісін мысалы флюрохромды бояулармен бояйды, сөйтіп мүмкіндік болған жағдайда люминисцентті микроскоппен тексеру үшін қолданады.
Циль-Нильсен бояуы бойынша препаратқа карбонды фуксин құйып, бу пайда болғанша ысытады, сонан соң 5% күкірт қышқылының ерітіндісімен немесе 3% тұзды қышқылды алкогольмен түссіздендіреді, сөйтіп 0,25 % метиленді көк ерітіндісімен бояйды.
Боялған сүрітінділерді иммерсиялық жүйемен микроскопқа дайындайды. Бұл кезде туберкулез микобактериялары көк фонда қызыл түсті болып көрінеді. Кәдімгі микобактериялар жіңішке, тік болатын немесе шамалы майысқан дәнді таяқшалар түрінде болады.
Люминесцентті микроскопия әдісі. Бұл әдіс Циль-Нильсен әдісіне қарағанда қосымша 14-30% туберкулез микобактериясын анықтайды. Люминисцентті микроскопия әдісі флюорохромдармен боялған туберкулез микобактерияларының көк-күлгін сәулелердің әсерімен жылтырап көрінуіне негізделген. Люминисцентті микроскопия әдісі азғана үлкейтіліп тексеріледі, бұл көру аймағын кеңейтіп, зерттеліп жатқан материалдарға аз ғана туберкулез микобактерияларын көруге мүмкіндік береді. Люминисцентті тексеру үшін арнайы микроскоптарды қолданады. Барлық жарықтандыратын аспаптарға керекті жарық сүзгіштері қолданылады.
Бұл әдіспен әртүрлі патологиялық заттарды зерттейді. Жалын үстіне қыстырылып қойылған препараттарды 1000 мл тазартылған суға қосылған аурамин 00-0,5г, родамин С-0,05г арнайы қоспасын 15 минут уақыт ішінде жайлап қыздырады. Сонан соң сүртіндіні сумен жуып, жарты минутта 3% тұзды қышқылы спиртпен түссіздендіреді, тағы сумен жуып, фонды болдырмау үшін 0,25% метиленді көк ертіндісімен қайта бояйды. Люминисцентті микроскопия әдісі кезінде туберкулез микобактериялары қараңғы фонда алтын-сары түске боялады. Бұл әдіс қазіргі кезде кеңінен қолданылады.
Флотация әдісі. Туберкулез микобактериясын бактериоскопия әдісімен анықтай алмаған жағдайда толықтыру әдістері қолданылады. Мұндай әдістердің ішінде ең сапалысы Киттенжер ұсынған флотация әдісі. Бұл кезде туберкулез микобактерияларын 10-15% жиірек анықтау мүмкіндігі туады. Флотация әдісімен тексеру үшін 10-15 мл қақырықты 250 мл көлемдегі колбаға салады, сөйтіп осынша мөлшердегі 0,5% натрий немесе калий ертіндісін қосады. Сонан соң жақсы араласу үшін 10-15 минут уақыт шайқап, колбаның жартысына дейін 0,5 мл ксилол немесе жанар май қосылған тазартылған су құяды. Мұнан кейін колбаны 5-10 минут уақыт шайқайды, сөйтіп үстіне колба толғанша (250 мл болғанша) тазартылған суды қайта құяды. 30-60 мин өткеннен кейін жанар май талшықтары сұйықтық бетіне туберкулез микобактерияларын қоса қалқып шығады, микобактериялар сұйықтық бетінде пайда болған сақинаның үстіне жиналады. Бұл флотациялық сақинаны таяқшамен екі әйнектің бетіне салады. Бір препаратты Циль-Нильсен бояуымен, екіншісін люминисцентті микроскопия әдісімен бояйды.