ҚАЙЫРЫМСЫЗДЫҚ
143.Жауызға айтқан жылы сөз —
Суға жазған сертпен тең.
ТАБИҒАТ
144.Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
145.Табиғат жер байлығы,
Батырлар ел байлығы.
146.Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
147. Тау мен тасты су бұзар
Адамзатты сөз бұзар.
АҢ-ҚҰС
148. Қаз шөлде жүрсе де,
Көзі көлде болады.
149.Құс патшасы- бүркіт,
Аң патшасы арыстан.
150.Құс балапаны үшін торға түседі,
Ата баласы үшін азапқа түседі.
151. Көп жортқан түлкі
152. Терісін алдырар.
153. Қоян көлеңкесінен қорқады.
ТӨРТТҮЛІК
154. Нар жолында жүк қалмас.
155. Тай тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
156. Семіздікті қой ғана көтереді.
157. Мал өсірсең, қой өсір –
Өнімі оның көл-көсір.
158. Тұлпар түбін табады,
Жақсы адам елін табады.
159. Арғымақ аттың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
160. Ат – адамның қанаты,
Ас – адамның қуаты.