Туған өлкем -неткен көркем



Дата26.04.2023
өлшемі12,14 Kb.
#87025

Туған өлкем –неткен көркем
Отан біреу, ол - туған жерің, туған топырағың. Мен үшін Отан туып-өскен топырағымнан басталады. Мынау киелі де қасиетті даламда өмір сүрген ата-бабалар «Отан» ұғымын қастерлеп өтті ғой. Солардың ұрпағы біздер де туған жердің киелілігін сезініп өсіп келеміз. Қызуы маңдайыңнан шығатын ыстық құмына аяғың тигенде бойды мақтаныш сезімі билейтіні де рас. Себебі бұл жай құм емес, киелі, қасиетті топырақ. Қойнауы тарихи шежіреге толы. Менің Мөңке би ауылым міне, осындай!
Әр адам өз туған жерін, туған ауылын жақсы көреді. Мен де өз ауылымды жақсы көремін. Менің аулым – мың жылдығын болжаған атақты әулие Мөңке би есімімен аталады. Біздің ауыл ең әуелі Қайыр селосы болған. Кейін совхоз болған кезде Бершүгір совхозы аталған.Ал 2006 жылдан бастап ауылымызға атақты Мөңке әулиенің есімі берілді. Сонан бері ауылымыз Мөңке би ауылы деп аталып келеді.
Ауылымызда екі қабатты М. Тәжин ағамыздың есімімен аталатын мектеп бар. Кең әрі әдемі. Заманауи құралдармен жабдықталған. Интербелсенді тақтамен ұстаздарымыз күнде жаңартылған білім мазмұнына сай сабақ береді. Сонымен бірге ауылымызда «Балдәурен» балабақшасы жұмыс жасайды. Балабақшаның жанында ауылымызға көрік беріп тұрған «Жастар саябағы» орналасқан. Сол саябақтың ішіне биыл ауыл жастарының бастамасымен Мөңке би бабамыздың ескерткіші орнатылды. Ескерткішті ашу салтанатына барлық ауыл адамдары, жан-жақтағы осы ауылдан кеткен азаматтар мен азаматшалар және сырттан келген қонақтар қатысты. Жұбаназар Асанов деген ағамыз Мөңке бидің өмірі туралы тарихи деректер бойынша баяндама оқыды. Мен осындай тарихта аты мәңгі қалған Мөңке би есімімен аталатын ауылда дүниеге келгеніме мақтанамын.
Асқақ даламның самалы сүйген ақ төсіңде желкенін жайған кемедей асқақтай бер, асыл мекен - туған өлкем!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет