Туындаған қиындықтар: Кейбір оқушылардың оқу материалдарын, қиын тақырыптарды игере алмауы. Үй тапсырмасының тұрақты түрде орындалмауы Шешу жолдары



Дата14.10.2023
өлшемі13,8 Kb.
#113875
Байланысты:
4 сынып анықтама


1-тоқсанның білім сапасын 2- тоқсанның білім сапасымен салыстырмалы сараптама жүргізсек, мынадай білім сапасының көрсеткішін байқауға болады. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей аталған сыныптарда білім сапасының тұрақтылығы байқалады.
Бақылау үзігі бойынша 6- сыныптарда сұрақтар өтілмеген жаңа тақырыптардан болды. Сондай- ақ кейбір күрделі сөздер мен сөйлемдерді аударуда қателіктер болғандықтан, көп жерде оқушылар шатысқан.

Байқап отырғанымыздай бақылау жұмысы бойынша білім сапасының пайыздық көрсеткіші төмендеген. Пайыз көрсеткіші жұмысты орындаған оқушылар санына да байланысты. І тоқсан аяғында орындалған жұмыста кіріспе бақылау жұмысына қарағанда біршама аз. Оған себеп, алдыңғы орындалған жұмыстарда көбіне қайталау, бекіту тапсырмалары болса, ІІ тоқсанда жаңа тақырып, күрделі грамматикалық тапсырмалар орындалды. Бақылау үзігі бойынша пайыздық көрсеткіштің төмендегенінің себебі, тест тапсырмалары оқушыларға қиын тиді. «5» ке оқитын екі оқушы «4» ке орындаған. Ал «4» ке оқитын екі оқушы «3» ке орындаған. Екілік баға алған оқушылар саны да аз емес.




Туындаған қиындықтар:
1. Кейбір оқушылардың оқу материалдарын, қиын тақырыптарды игере алмауы.
2. Үй тапсырмасының тұрақты түрде орындалмауы
Шешу жолдары: нашар оқитын балаларды қадағалауды, қосымша жұмыс жасауды жалғастыру, күнделікке үй тапсырмасының жазылуын қадағалап, ата-аналармен тығыз байланыста болу.
Диктанттар сараптамасы бойынша оқушылардың жіберген келесі орфографиялық, пунктуациялық қателері анықталды: әріптерді тастап кету немесе ауыстырып жазу,сөйлемдердегі сөздерді бөліп жазу, дұрыс тасымалдамау,қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды немесе жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың орындарын алмастырып, ауыстырып жазу.
Шешу жолдары:
Өткен, толық игере алмаған тақырыптарды қайталау;
«2» баға алған оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу;
қатесіз жазып үйрету мақсатында алдын-алу жұмыстарын жүргізу; орфографиялық, пунктуациялық қателерді жібермеу үшін жаттығу жұмыстарын орындау;
жаңа сөздерді өту барысында олардың жазылуына оқушылардың назарын аудару;
бағдарламада қарастырылған бастауыш сыныптардың негізгі тақырыптарын мақсатты түрде қайталап отыру.
Жіберілген негізгі қателер
Қазақ тілі;ұ ,ү -әріптер орны ауыстырылған.сөз ортасынан әріп тастап кету,сөйлемдегі сөздерді біріктіріп жазу,тасымалдау.
Анықтама жазылып , төмендегідей ұсыныс берілді:

  1. Сынып жетекшілері осы бағыт бойынша оқушылармен қосымша дайындық сабақтарында жекелей жұмыс түрлерін жандандыру.

  2. Дайындық сабақ кестелері бойынша қосымша сабақтарды жүйелендіру.

  3. Нашар баға алған оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет