3-тақырып. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында лизингтің экономикалық тиімділігі
Бірінші тарауда лизингтің тиімділігін қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу қажет. Ауыл шаруашылығында лизингтің артықшылығы ол салықтық және несиелік жеңілдіктер сияқты мемлекеттік реттеу шараларын да жоққа шығармай, пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Осыған орай, агроөнеркәсіп кешенін тұрақтандыру және дамыту бойынша шаралар жүйесінде маңызды бағыт лизингтік кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру болуы тиіс.
Екінші тарауда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында лизингтің экономикалық тиімділігі, ауыл шаруашылығында лизингтік жобалардың экономикалық тиімділігін таза дисконтталған табысты есептеуге негізделген бағалау әдістемесі мәселелері қарастырылуы керек, лизингтің тиімділігіне әсер ететін факторлар жүйесін анықтау қажет.
Үшінші тарауда лизингтің тиімділігін бағыттар бойынша бағалауға мүмкіндік беретін, студент ұсынған әдістемені: техникалық құралдар лизингі және мал лизингі, сондай-ақ оларды кәсіпорындардың әр түрлі топтарының өз қызметтерінің экономикалық тиімділік деңгейлеріне сәйкес қолдану мүмкіндіктерін қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |