Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»


Дипломдық жұмыстың көлеміне, мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар



бет6/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
5 Дипломдық жұмыстың көлеміне, мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар
Дипломдық жұмыс өзінің мазмұны бойынша нақты мамандық бойынша университеттің шығарушы курсы студентінің өзі дайындаған ғылыми жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінің көлемі «ені» бойынша тураланған 30-35 бет компьютерлік мәтіннен тұруы керек. Қосымшалар дипломдық жұмыстың көрсетілген көлеміне кірмейді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:

- мұқаба;

- титул беті;

- дипломдық жұмысты орындауға тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланған әдебиеттер тізімі;

- түйіндеме;

- қосымшалар.

Мұқаба

Мұқабада келесі мәліметтер келтіріледі:

- министрліктің атауы (бас әріптермен);

- жоғарғы оқу орнының атауы (бас әріптермен);

- университеттің эмблемасы;

- факультеттің / жоғарғы мектептің атауы


(кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа);

дипломдық жұмыс орындалған кафедраның атауы (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа);

- студеттің аты-жөні (бас әріптермен);

- дипломдық жұмыс тақырыбының аты (бас әріптермен) «тақырыбы бойынша» (кіші әріптермен) деп көрсетілуі тиіс;

- жұмыс түрі –дипломдық жұмыс (бас әріптермен);

- қала, жыл (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа).



Мұқабаны рәсімдеу үлгісі А қосымшасында көрсетілді. Мұқаба парақтың жалпы нөмірленуіне енгізіледі, бірақ мұқабаға парақ нөмірі қойылмайды.

Титул парағы

Титул парағы дипломдық жұмыстың бірінші беті және құжаттарды өңдеу және іздеу үшін қажетті ақпараттар көзі болып табылады.

Титул парағы парақтың жалпы нөмірленуіне енгізіледі, бірақ титул парағында парақ нөмірі қойылмайды.

Титул бетінде келесі мәліметтер келтіріледі:

- министрліктің атауы (бас әріптермен);

- жоғарғы оқу орнының атауы (бас әріптермен);

- факультеттің / жоғарғы мектептің атауы (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа);

-дипломдық жұмыс орындалған кафедраның атауы (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа);



  • қорғауға жіберілгендігі туралы кафедра меңгерушісінің қолы (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа);

- дипломдық жұмыс тақырыбының аты (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа) «тақырыбы бойынша» (кіші әріптермен) деп көрсетілуі тиіс;

- жұмыс түрі –дипломдық жұмыс (бас әріптермен);

- мамандықтың шифры мен аты (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа);

-бір қатар төмен сол жағында – «орындады» деген сөз, ал оң жағында студенттің тегі, аты-жөні (қолы) көрсетіледі (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа);

- бір қатар төмен сол жағында «ғылыми жетекшісі», ғылыми дәрежесі деген сөздер жазылады, ал қарсы оң жағында тегі, аты-жөні (қолы) көрсетіледі;

- бір қатар төмен сол жағында «норма бақылау», ғылыми дәрежесі деген сөздер жазылады, ал қарсы оң жағында тегі, аты-жөні (қолы) көрсетіледі (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа);

- қала (кіші әріптермен, бірінші бас әріптен басқа), жыл.

Титул парағын рәсімдеу үлгісі Б қосымшасында көрсетілді.

Дипломдық жұмысқа тапсырма

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы, жұмысты бітіру уақыты көрсетіліп, кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Дипломдық жұмыстың тапсырмасы дипломдық жұмысқа титул парағынан кейін тігіледі.

Тапсырма парақтың жалпы нөмірленуіне енгізіледі, бірақ тапсырма парағында парақ нөмірі қойылмайды.

Дипломдық жұмысқа тапсырмада бастапқы материалдар мен әдебиеттердің сипаттамасы, студент әзірлейтін мәселелердің тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материалдардың тізімі (кесте, диаграмма, сызба және т.б) көрсетіледі. Дипломдық жұмысқа тапсырмада тапсырма берілген күні, аяқталған жұмысты өткізу мерзімі және студенттің тапсырманы орындауға алған күні көрсетіледі.

Тапсырма В-қосымшасына сәйкес жеке нысанда рәсімделеді.

Мазмұны

Дипломдық жұмыстың мазмұны жұмыста әр элементтің басталатын беттері көрсетіліп, кіріспеден, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің реттік нөмірі мен атауынан, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атауларынан тұрады.

Мазмұны парақтың жалпы нөмірленуіне енгізіледі.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) парақтарының нөмірленуі «МАЗМҰНЫ» парағынан басталады, әрі қарай мәтін бойынша.



Кіріспе

Кіріспеде

- ғылыми мәселенің заманауи жағдайы,

- дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі,

- зерттеу нысаны мен әдістері,

- зерттеу мақсаты мен міндеттері,

- (ғылыми) жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығы

- дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы көрсетілуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет