Туризм географиясы



бет14/66
Дата21.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#85279
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Байланысты:
Туризм географиясы

Қайталау сұрақтары
1. Туризм тарихын қандайғалымдар кезеңдерге топтастырған және қандай схемасын ұстанып отырмыз?
2. Ежелгі (антикапыц) туризм дамуы жөнінде әңгімелеп беріңіз.
3. Ұлы ЖібекЖолы жөнінде не білесіз?
4. Орта ғасырлар мен Қайта Өрлеу дәуіріндегі туризм дамуы жөнінде әңгімелеп беріңіз.
5. XVII-XVIIIғасырлардағытуризм ерекшеліктері қандай болған?
6. «Гранд-тур» деген не?
7. Томас Кук деген кім және оның туризм дамуына жасаган үлесі қандай?
8. Шоқан Уәлихановтың зерттеулері жөнінде айтып беріңіз.
9. IIДүниежузілік соғыстан кейінгі туризм дамуына сипаттама беріңіз.
§ 3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу
Демалыс мақсатындағы сапарлар санының артуы урбандану үрдісінің өсуі мен XIX ғасырдағы темір жол көлігінің дамуына байланысты болды. Бұл туристік қасиеттерге, әсіресе демалыс үшін жайлы территорияларға деген қажеттілікті арттырды.
XIX ғасырда медицинаның дамуы нәтижесінде климат пен теңіз суының емдік қасиеттері өте жоғары бағаланатын болды. Темір жолдардың салынуы мұндай қасиеттері бар аудандарды туристік сұраныс территорияларына «жақындатты».Ал техниканың дамуы үлкен ауқымды туристік инвестицияларға мүмкіндік берді. Бұл кішігірім және белгісіз қоныстардың үлкен теңіз жагалауларындағы демалыс орталықтарына (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло,Ниц­ца) немесе таулы демалыс орталықтарына (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) айналуына себепкер болды.
Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу XIX жүзжылдықтың екінші жартысында басталды (И.Г. Коль). XIX және
XX ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандану мен туристік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею үрдісінің арасындағы тәуелділікті анықтау мәселесін қарастыруға итермеледі. Неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдымен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.
«Туризм географиясы» (Fremdenverkehrs geographic) деген терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристік козғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристік қолайлылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау қажет.Туристік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар XIX ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шпутцтың (1919) еңбегінде табуға болады.
Қоғамдық сұранысына сай, туризм географиясы туристік ағымдарды зерттеуден бастап, курорттық-туристік ресурстарды зерттеу мен рекреациялық аудандастыруға назар аудара бастаған.
Алғашқы демалыс пен туризм зерттеулерінде ішкі және халықаралық туристік ағымдар мен жергілікті жерлердің туристік игерілуіне көп назар аударылған.
Францияда алгашқы туризм географиясы шеңберіндегі зерттеулерді Альпыдағы туристік қозғалыс пен туристік шаруашылық мәселелерімен айналысқан Р. Бланшар болды. Италияда осындай зерттеулерді А. Мариотти жүргізген.
Отызыншы жылдары туризм географиясының әлем бойынгда серпінді дамуына, әсіресе Германияда (Р.Глюксманн, А.Борман, X. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В.Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К. Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р.Бра­ун, К.С.Мак-Мерри) мүмкіншіліктер туады. Зерттеулердің басты нысанасы туризмнің ауылдық жерлері мен туристік (ең алдымен табиғи) ресурстарына тигізетін әсерболды. Осындай зерттеулерге байланы-сты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу Институты ашылды. Осы тәрізді мекемелер Берн мен Гренобльде пайда болды.
Бұлтуризм географиясының қарқынды дамыған жылдары болған. Оның зерттеу нысаны мен пәні дұрыстап анықтала бастайды. Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі аумақтық жоспарлаудың дамуынәтижесінде осындай зерттеулерде демалыс пен туризм мәселелері кең көлемде қарастырылады. Осыған орай табиғи ортаны терең зерттейтін географиялық жұмыстар қажеттілігі өседі.
Осындай жұмыстардың мысалы - Ягеллон университета тұсындағы Краков туризм студиясының (1936-1939 жж.) зерттеулері. Бұлстудия туризмді зерттеу мен мамандарды даярлау бойынша түңгыш университеттік орталық болып есептеледі (М. Бочваров, 1977). Дәл сол кезде С. Лещицкийдің туризм географиясы деген түсінікті ғылыми түрде дәлелдейтін теориялық жұмыстары жарық көрді, ол географиялық әдебиеттердің өміріне туризм ұғымын енгізді. Сол кезде туризм географиясының дамуында туризм ұғымын дәл анықтау әрекеті үлкен рөл атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәденижәне қоғамдық мәселелердің жинағы ретінде туристік қозғалыспен байланысты [16].
Туризмнің теориялық негіздерінің қалыптасуы мен осы саладағызерттеулер арқасында туризм географиясының мағынасын дұрыстап анықтауға мүмкіншілік туындады. Туризм географиясының мақсаты «аумақтың туристік артықшылықтарын ғылыми тұрғыдан анықтау, ландшафтың жаратылыстық қасиеттерін сақтай тұра туристік қозғалыс мүмкіндігін зерттеу және осы қозғалыстың экономикалық пайдалануының ең тиімді жолдарын жоспарлау» болып табылады (С. Лещицкий, 1932). Осындай анықтамадағы зерттеу мәселелері «адаммен, географиялық ортамен, жерді шаруашылық мақсатында пайдалануымен, адамзат жетістіктері жәнемәдениетімен» тығыз байланысты. Бұл өте маңызды қадам болды, өйткені бұдан бұрынту­ризм географиясы туристік қозғалыспен байланысты тек сұрапталған әлементтерін зерттейтін ғылым болып есептелген.
Туризм географиясының дамуы нәтижесінде көптеген жаңа зерттеу орталықтары, әсіресе туризм қоғамдық және шаруашылық өмірінде маңызды рол ойнайтын елдерде пайда болды. Дегенмен алғашқы кезеңде туризм географиясы саласындағы зерттеулер көбінесе Германияда жүргізілген. Әрине, бүған 1929 жылы Берлинде Жоғары сауда мектебі жанында ашылған туризм зерттеулерінің Ин­ституты (директоры Роберт Глюксман) ықпал етті.
IIДүниежүзілік соғыстуризм географиясы саласындағығылыми зерттеулерді тежейді. Алайда, мұндайзерттеулер соғыс бітісімен-ақ қайта басталады, себебі сол кездері туристік қозғалыс үлкенқарқынмен дамыған. Осындай даму көрсеткіші - өте ауқымды ғылыми әдебиет көздерінің шығуы. Туризм географиясы ауыл шаруашылығы географиясы мен өнеркәсіпгеографиясы сияқты географияның дербес саласына айналды.
IIДүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталыгы Франция (П. Дефер, Ж. Вейре-Вернье, Дж. Шабо, П. Жорж, Б. Барбье, Ф. Крибер, Р. Баретье) және АҚШ (К.С. Мак-Мерри, М. Клаусон, Л. Митчел, Дж. Стансфелд) болды, 1970 жылдардан бастап, сондай-ақ, КСРО (B.C. Преображенский, Ю.А. Веденин), Ка­нада (Р. Вольф, РВ. Батлер), Австрия (К. Синнхубер), Ұлыбритания (Дж. А. Пэтмор, М. Пасион, С. Смит, Дж. Т. Соррок), Аустралия (Д. Меркер, Д. Пирс), Жапония (Э. Ширасака, Т. Исикава, С. Яма-тото), Чехословакия (С. Шпринцова, М. Хаврлант, В. Гардавски, П. Мариот), Югославия (3. Пепеоник, 3. Джовичич, М. Джершич, А. Го-сар), Болгария (Л. Динев, М. Бачваров), ГФР (К. Рупперт, И. Майер, И. Матцнеттер), ГДР (Б. Бентхим), Польша (М.И. Милеска, К. Либера, А. Вжосек, А. Марш, О. Рогалевский, Я. Варшиньска, А. Яцковски) солардың қатарына енді.
Кейбір географтардың пікірінше, туризм зерттеулерінің көлемі әдеттегі туризм географиясы шеңберінен асып түсе бастады. Осының нәтижесінде әдебиетте бұрынғыға қарағанда кең мағынада түсінілетін ұғымдар пайда болды. Осыған орай бұл пәнді рекреация география­сы ретінде қабылдай бастаған. Еуропа географтары осы атауды аме-рикан әдебиетінен алып пайдаланады («рекреация географиясы», «рекреациялық география»). 1945-1960 жылдардың арасында жаңа ұғым - «демалыс географиясы» пайда болып, ол туризм географиясы және рекреация географиясымен қатар қолданыла бастады. Ал енді тағы бір топ зерттеушілер туризм географиясы атауын «туризмнің экономикалық географиясы» атауына ауыстыруды ұсынған. Олар өз пікірін осындай атау географиясының тиесілі саласының зерттеу шеңберіне кіретін қазіргі туристік қозғалысқа басқаларға қарағанда үйлесімді деп дәлелдеген.
1950 жылдардың соңында Америка әдебиеттерінде жаңа ұғым- «таза ауадағы рекреация» пайда болды. Бұлұғымды М. Клаусон енгізді. Мұндай демалыс деп қала сыртындағы ашық аспан астында демалуды атайды екен.
Жалпы айтқанда, «рекреация географиясы» ұғымының әдеттегі «туризм географиясынан» айырмашылығы шамалы. Себебі рекреа­ция географиясы демалысқа байланысы бар кеңістік құблыстарын, атап айтсақ, туристік көш-қонды, туристіксұраныс орталықтары мен олардың демалыс аудандарына байланыстылыгын, әртүрлі аймақтардағы туристік қозғалыс қарқындылығын, туристік шаруашылық дамуының нәтижесіндегі аумақтың өзгерістерін, аумақтың туристік сыйымдылығын, туризмнің экономикалық сипаттарын және баска да туризмге байланысты мәселелерін зерттейді. Сонымен қатар, американ рекреациялық географиясы, АҚШ экономикалық географиясының басқа салалары сияқты, әлеуметтік мәселелерге (әсіресе туристік сұраныс зерттеулерінде) ерекше назар аударады.
Туризм географиясы бойынша зерттеулер өткізілген елдердің барлыгында дерлік туристік қозғалыстың ең көп шоғырланған аймақтарына ең үлкен көңіл бөлінген, алайда болашақта туристік ресурстарына ие аймақтары да ұмытылған жоқ.
Туристік шаруашылық дамуы мен туристік ағымдардың өсуіне байланысты 60-шы жылдарынан бері демалыстың ең жайлы ауданда-рынан жайлылығы төмен аудандарының игерілуіне көшуі басталды. Жаңа рекреациялық аумақтарын игеру қажетіне байланысты туризм географиясының екінші бағыты - табиғи-рекреациялық ресурстарды бағалау жұмыстары көбейе бастады. Осы жылдарда КСРО-да демалыс пен туризм орындарының аудандық жоспарлау жұмыстары өріс алды. Географтар табиғи кешендерінің рекреациялық баға беру кезеңдерін бекітті (Л.И. Мухина, 1973), олардың рекреациялық сыйымдылығы, рекреациялық жүктемелерге деген төзімділігін анықтау бойын­ша зерттеулерді өткізді (И.С. Казанская, 1972; Е.Г.Шеффер, 1973). М.В.Ломоносов атындағы ММУ ландшафттанушы-географтары (Е.Д. Смирнова, В.Б. Нефедова, Л.Г. Швидченко және т. б.) елдің ірі курорттық аудандарының қолданбалы зерттеулерін орындады, рекреациялық аумақтары қорын жасау бойынша ұсыныстар енгізді.
Табиғи рекреациялық ресурстарын бағалау және пайдалану фо-маларын зерттеу жұмыстарын америка (Богарт, 1968; Девис, 1971), канада (Р Вольф, 1966; Д. Хеллайнер, 1972) географтары жүргізді. Табиғи ландшафтарына түсетін оңтайлы рекреациялық жүктемені анықтау сұрақтарымен поляк географтары (А. Костровицки, 1970; Я. Варшиньска, 1973), туризмнің табиғижәнемәдени-тарихи ресурстарын бағалау және картографиялауымен чехословак ғалымдары (П. Мариот, 1971; Т. Шулавикова, 1973) айналыскан.
Рекреациялық ресурстарының жаратылыс ресурстарының бір ерекше түрі ретіндегі зерттеулері тәжірибесін Б.Н. Лиханов (1973) біріктірді. Бұл ғалым олардың зерттеулерін рекреациялық география міндеттерінің бірі деп есептеген.
Туристік қозғалыстың одан әрі дамуы оның жоспарлық реттелуі мен басқару міндеттерін қажет етті. Осыған орай әртүрлі аудандардың туристік мамандандырылуын анықтау мен рекреациялық аудандастыру қажеті пайда болды. Осының нәтижесінде туристік шаруашылыгының аумақтық құрылымын реттеу бойынша зерттеулерді жүргізетін ғылыми бағыты қалыптасты.Рекреациялық аудандастыру қағидалары мен әдістерін, рекреациялық аудандарының мағынасын анықтау бойынша (И.В. Зорин, 1969; Н.С. Мироненко, 1972; Б.Б. Родоман, 1971; М.Бачваров, 1970), олардың экономикалық-географиялық сипаттамаларын жасау бойынша зерттеулер орындалды. Бұл тақырыпта маңызды жұмыстар ПХР, СФЮР жәнетуристік аудандастыру тұжырымдамасы бүкіл ел ауқымында жасалған ЧССР-да өткізілді.Шетел капиталистік елдерінің географтары одан ауқымы тар мәселелерімен: рекреациялық жерлерді сатып алу, ауыл мен орман шаруашылық жерлерімен салыстырғанда олардың тиімділігі, ұйымдастырылмаған нарық жағдайындағы туризмнің бэсекеге қабілеттілігі (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, ГФР) проблемаларымен айналысқан.
Зерттеу мен жобалау жұмыстары ауқымының кеңеюіне, урбандану жағдайындағы қала маңындағы демалыстың жылдам дамуына орай әлеуметтік-географиялық зерттеулерінің көлемі тез өседі. 60-шы жылдардың екінші жартысынан бастап КСРО географтары (B.C. Преображенский, И.В. Зорин, Ю.А. Веденин, 1972) демалыс пен туризмнің әлеуметтік сипаттарымен тығыз айналысады (дема­лыс жайы мен орындарын таңдап алу сипаты, рекреациялық шаралар циклдары, алдың ала талап еткен қасиеттеріне не рекреациялық жүйелерді модельдеу, демалыс тиімділігі мен қажеттіліктерді қанагаттандыру деңгейі). Америка жәнеканадалық мамандары жұмыстарының әлеуметтік-географиялық бағыты басым болған, олар қоныстану жерінен арақашықтыққа байланысты демалыс аудандары сұранысының қисық сызығын жасау мен гравитациялық модельдердіорындауға негізделген (И. Кнетш, 1963; М. Клаусон, И. Кнетш, 1966; Р. Вольф, 1972).
ГФР-да қала маңы рекреациялық ағымдары, қала ішіндегі дема­лыс орталықтары кең ауқымда зерттелген, сондықтан «туризм географиясынан» «бос уақыт географиясына» көнгу тезисі пайда болды (К. Рупперт, И. Майер, 1973; К. Рупперт, 1977). Туристік кешендер мен аудандардың үтымды жұмыс істеуі мақсатында бағдарламалар жасау мен имитациялық модельдеу әдістері қолданылады.
Туристік қозғалыс зерттеулерінің (оның ішінде туризм география­сы) дамуында сол кездегі халықаралық туристік ұйымдар маңызды рөл ойнаған. 1930 жылы пайда болған Туризмді насихаттау ресми ұйымдарының Халықаралық Одағы 1947 жылы резиденциясы Жене-вада орналасқан Ресми туристік ұйымдарының Халықаралық Одағына (РТҰХО) айналды. 1958 жылға дейін осы ұйымның жанында Туристік зерттеулердің халықаралық институты жұмыс істеген. 1949 жылы Туризм аясының ғылыми сарапшыларының халықаралық ассоциациясы (АИСТ) ұйымдастырылды. Монте-Карлода ұйымдастырылған Туризмнің халықаралық академиясы (АИТ) жөнінде де айту қажет. Бұл ұйым 1953 жылы Халықаралық туристік сөздік шығарды.
Барлық елдерде туризмнің қарқынды дамуы бұл құблыста географиялық талдау қажеттілігінің артуына себеп болды. Сонымен қатар, туризмге байланысты терминологияны біркелкі қылу қажеті, біржолата осы саланың нысаны мен пәнін анықтап бекіту қажеттілігі пайда болды.
Қазақстандағы демалыс пен туризм географиясы аясындағы зерт­теулер XXғасырдың 70-ші жылдарында басталды деп те айтсақ болады. Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын алғашқы болып Мемлекеттік жобалау институты - «Казгипроград» жүргізе бастады. Ол кездері онда маманданған сәулетшілер, географтар, экономистер, инженерлер мен басқа маман өкілдерінің ұжымы қалыптасып үлгерген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет