Туризм географиясы



бет38/66
Дата21.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#85279
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Байланысты:
Туризм географиясы

Технологиялық баға беру: адам мен табиғи ортаның өзара байланысы рекреациялық іс-әрекеттің «технологиясы» мен техникасы арқылы ерекшеленеді. Бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, технологиялық баға беру бүкіл рекреациялық жүйедегі жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан аумақты игеру үшін инженерлік-құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды. Мұндарекреант көзқарасынан бағалау субъекті рекреациялық сала бола­ды. Рекреациялық салада пайдалануы үшін табиғи кешен біршама халықтың демалысы мен санаторлық емдеуін ұйымдастыруға жарай-тын қасиеттеріне (жайлылық, шипалық қасиеттері және т. б.), коры мен көлеміне жәнеұзақ уақыт пайдалану мүмкіншілігіне ие болуы қажет.
Туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау үшін ең қолайлы тәсіл- ландшафтық картаны пайдалану, себебі мұндай жағдайда бағалау объекті ретінде синтетикалық бірліктер - табиғи аумақтық ке­шендер болады. Бірлік дәрежесі зерттеу және оған сәйкес карталардың масштабымен анықталады: орта масштабта - аудандар, ландшафтар немесе олардың ірі бөліктері (жергілікті жерлер), ірі масштабта - уро­чище (мекендер) мен фациялар.
Ең алдымен рекреацияның шектеулер сулбасы құрастырылады, ол үшін табиғи және шаруашылық шектеуші факторлар ескеріледі. Тек осыдан кейін баға беру жұмысына кірісуге болады. Шектеуші фак­торлар мынадай болуы мүмкін: климаттың қолайсыздығы, жыртқыш жануарлардың кездесіп қалу мүмкіндігі, санаторлық-курорттық емдеу үшін қолайсыз микроклиматтық жағдай; жағажай, су, құрылыс жерінің жетіспеуі және т. б. Алдың ала табиғи аумақтық кешендердің қазіргі пайдалану сүлбасы құрастырылады және халық шаруашылық жоспарлары ескеріледі. Қалалар мен өнеркәсіп нысандарының әсерету зоналары, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, ауыл шаруашылық жерлері және т.с.с. бағаланатын аумақтарға кірмейді.
Технологиялық баға беру критерийлерін таңдау - кәдімгі үлкен зерттеу жұмысы, ол әлі де толығымен аяқталған жоқ. Критерийлер біздің субъект-объект қатынастары жөніндегі білімімізді көрсетеді. Ал біздің қарастырып отырғанымыз жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың талаптары емес, бүкіл сала болғандықтан, баға беру субъектісі жалпылану керек, тіпті кейбір субъективтік талаптар қарастырылмау керек. Сонда баға беру субъекті ретінде рекреациялық шаралар түрі, олардың кешені, демалыс пен туризм формалары мен түрлері және т.б. қарастырылуы мүмкін.Ал енді шаруашылық іс-әрекетінің ірі аялары үшін жер бөліну бойынша екіталай жағдай туындаған кезде аумақты бүкіл рекреациялық сала үшін бағалау қажеттілігі пайда болуы мүмкін.
Баға беру жұмысының соңғы кезеңі - бағаның түрін анықтау. Қазіргі шақта бағаның екі түрі бар: сапалық және баллдық. Сапалық баға аумақтардың морфологиялық құрылымның анализі бойынша бағалық белгілерді логикалық түрде дәлелдеуге мүмкіндік береді. Соның негізінде кысқаша сипаты бар баллдық баға дұрыс қойылады. Сонымен қатар, математикалық әдістерді қолданған кезде сапалық тетік факторлардың салмақтарын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Рекреация үшін табиғи жағдайларға баға берудің критерийлерін анықтау жұмыстарымен көптеген елдердің ғалымдары айналысады. Осындай зерттеулердің арасында 1973 жылы шыққан Д .И. Мухинаның «Методы и принципы технологической оценки природных комплек­сов» (Табиғи кешендерге технологиялық бағаберудің әдістері мен принциптері) атты жұмысы маңызды болып табылады. Бұл еңбекте рекреациялықбағалау үшін әдістемелікұсыныстар келтірілген. КСРО-ның табиғи аймақтарына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы 1969 жылы шыққан Ю.А. Веденин мен Н.Н. Мирошниченконың жұмысы бар.
Я. Варшиньска (Польша, 1974) табиғи ресурстарының туризм мен демалыс мақсаттарында бағалауды сандық көрсеткіштерін таңдап алынған математикалық функция арқылы өтетін трансформациясына негізделген бағаберу әдісін ұсынған. Бұлұсыныс Краков аймағын тау туризмі мақсатында бағалау үшін қолданылған. Ол үшін негізгі ландшафттық сипаттамалар: жер бедері, гидрографиялықторы, өсімдік ескерілген.
Бұл тақырыптағы жұмыстар әсіресе 60-шы жылдардың соңынан бастап белсене жүргізілуде. Жалпы туристік қасиеттер жүйеленетін, терминология анықталатын теориялық жұмыстармен бірге туристік қасиеттердің аттрактивтілігін (тартымдылығын) анықтауға арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда қолданатын ең сүйікті әдіс - бонитировка әдісі. Бұләдіс кең қолданылады және мұнда субъективтік элементтерден құтылу әрекеттері жүргізіледі, себебі субъективтік фактор баға бергенде дұрыс қорытынды жасауға кедергі болады. Кейінгі кез­де «тартымдылық (жарамдылық) коэффициенті» деген синтетикалық көрсеткіш қолданылады. Ол 0-ден 1-ге шейін өзгереді және1 дегеніміз тартымдылықгың максималды деңгейі болып табылады.
Демалушылар мен туристердің табиғи-рекреациялық айналасына деген таңдау сипаты бәріне мэлім. Рекреациялық зонасының табиғаты әртүрлі болған сайын, оның табиғи әлементтерінің саны да көп болады, жәнерекреациялық іс-әрекеттің көптеген түрлеріне қолайлы болады. Рекреациялық жергілікті жерді функциялары бой­ынша бағалау көптеген әлементтерге тәуелді. Мұнда рекреациялық жергілікті жер деп рекреациялық мақсатта қолдану алгышарттарына ие болатын табиғи кешенді айтамыз. Жергілікті жер функциялары дегеніміз табиғи кешеннің рекреациялық іс-әрекет түрлері үшін пайдалану мүмкіншілігі. Рекреациялық іс-әрекет түрлері, яғни функциялар саны сандық көрсеткіш арқылы сипатталады, әрбір функция бір түріне теңдес.
Рекреациялық жергілікті жердің қабілеті жететін функциялар сум-масын білсек, оның тартымдылық (жарамдық) коэффициентін табуға болады. Ал осы коэффициент арқылы қандай да болсын аймақтың рекреациялық жергілікті жерлердің бағалануы өткізіледі.
Тартымдылық (жарамдылық) коэффициент! бойынша рекреа-циялық жергілікті жерді бағалау үшін ландшфтық карта, ландшафтық сипаттама және зерттелу аймағының рекреациялық функцияларының суммасы қажет.
Тартымдылық (жарамдылық) коэффициенті бойынша рекреа-циялық жергілікті жерлердің бағалану бағдарламасы мынадай кезең-дерден тұрады:
а) аталған аймақта мүмкін болатын рекреациялық іс-әрекет түрлерін болжап, зерттеу және олардың санын анықтау;
ә) рекреациялық жергілікті жер мен айналасын сипаттайтын материалдарды талдау, мұнда табиғи компоненттер бөлек түрде және біріктіріліп зерттеледі;
б) әртүрлі рекреациялық іс-әрекет жүргізу мүмкіншіліктерін анықтау;
в) рекреациялық жергілікті жер функцияларының суммасын есептеу;
г) аталған жердің жарамдылық коэффициенты (Кж) мынадай фор­мула бойынша есептеу:
К = С./С. ,
жфа фж'
мұндаС - аймақ функцияларының суммасы;
С - жергілікті жер функцияларының суммасы.
Сонымен бірге туристік-рекреациялық ресурстарды дифференциалдық рентаның қалыптасуын ескеруімен, бір тектес ресурстар­ды игеру күндарын салыстыру арқылы, рекреациялық қызметтің экономикалық эффектін анықтау арқылы, рекреациялық ресурстар­ды пайдаланудан түсетін табысты анықтау арқылы бағалау әдістеріжасақталуда.
Табиғи ресурстарды демалыс пен туризм мақсатында антропогендік жүктеме нормаларына сәйкес пайдалану кджет. Осындай нормаларды анықтау үшін биологиялық және психологиялық әдістер қолданылады. Биологиялық әдіс бойынша туристік ауыртпалық табиғи кешен өз биологиялық қасиеттерінен айырылмай шыдай алатындай 1 гектарға келетін адамдар санымен анықталады. Бұл көрсеткіштер әртүрлі табиғи кешендер үшін бірдей емес және олардың антропогендік әсерне деген шыдамдылығына, мысалы, тапталуға, топырақтың нығыздалуына, тамырлардың бұзылуына тәуелді. Орман мен жайылым биоценоздарына түсетін рекреациялық ауыртпалықтың рұқсатты нормалары 8-ші кестеде көрсетілген.
8-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет