Туризм географиясы



бет50/66
Дата21.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#85279
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Байланысты:
Туризм географиясы

Қайталау сұрақтары
1. Қызмет көрсету сапасы қазіргі туризмнің неге ең өзекті және маңызды мәселелері болып тұр?
2. Туристік қызметкөрсетудің экономикалық категорияретіндегі анықтамасын беріңіз.
3. Туристік қызметкөрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.
4. Орналастыру цүралдарындағы туристік қызметкөрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.
5. Қоғамдың тамақтандыру кәсіпорындарының туристік қызметкөрсету сапасыныңкритерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.
6. Бөлшектеп сату кәсіпорындарының туристік қызметкөрсету сапасыныңкритерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.
7. Көлікте туристік қызметкөрсету сапасыныңкритерийлері мен көрсеткгштерін атап шығыңыз.
8. Экскурсиялық туристік қызметкөрсету сапасыныңкритерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.
9. Туристік қызметкөрсету сапасына баллдыңбаға беру жүйесі жөнінде айтып беріңіз.
§ 6 Туризм менеджменті
Барлық қызмет жүйелері екі шағын жүйеге бөлінеді. Оның біреуі ресурстарды өңдеп, тауарға және қызмет көрсетуге айналдыратын шағын жүйе болса, екіншісі - басқару жүйесі, оның міндеті - бірінші шағын жүйенің іс-әрекеттерін бақылау және оған жетекшілік ету. Әдебиеттерде екінші жүйені басқару жүйесі немесе менеджмент жүйесі деп атайды. «Менеджмент» деген сөз (ағылшын сөзінен management) «басқару» деген мағына береді. «Менеджер» дегеніміз - менеджмент саласында көпжылдық дайындығы бар, білім деңгейін әрдайым жетілдіріп түратын мамандандырылған басқарушы.
Қазір нәтижелі менеджмент индустриясы дамыған мемле-кеттердің негізі, ал дамушы елдерде ең қажетті ресурсы болып отыр: қазіргі қоғам басқару жүйесі мен менеджерсіз өмір сүре алмайды. Жеке кәсіпорынның (фирманың) экономикалық жағдайын және жал-пы экономика күйін 3 негізгі фактор анықтайды: техника мен техно­логия деңгейі; еңбек күшінің сапасы; өндірісті ұйымдастыру және баскару (менеджмент). Ең соңғы фактор, яғни менеджмент алдыңғы екі факторларға әсеретеді, сондықтан оны жүйе қүрушы фактор деп есептейміз. Қазіргі менеджмент өз даму логикасына ие болатын экономикалық қатынастардың ерекше бір аясы болып табылады.
Қазіргі басқару жүйесі күрделі емес және икемді болуы керек. Бір жағынан оның әсер тиімді болуы қажет, екіншіден - бэсекелеске қабілеттілігін қамтамасыз етуі керек, жәнеде соңғысы біріншісіне біршама тәуелді болады. Бұл жүйенің сипаттамалары мынадай: саны аз да болса, жоғары білікті мамандардан тұратын шағын бөлімшелер; басқару деңгейлерінің саны аз; мамандар топтарынан түратын құрылым; өнім түрі мен сапасы, жұмыс графигі мен рәсімдері тұтгнушының қамын ойлап ұйымдастырылған болулары қажет.
Туризмді басқару еңбегі халық шаруашылығының басқа сапаларындағы жұмыстан ерекше. Туризм менеджментінің міндеті тек оның даму тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау ғана емес, менеджмент мақсаты, сонымен бірге - оның ерекшеліктерін іздеп анықтау болып табылады. Туризмнің ерекшелігі қандай екенін анықтау маңызды. Туризмнің ерекшелігі туристік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің халыққа көрсететін қызметтердің ерекшеліктерінен туындайды.Туристік қызметтердің ерекшеліктері туристік кәсіпорындар мен ұйымдар менеджментіне де әсеретеді. Сондықтан туристік ұйымдар мәселелерін дұрыс шешу үшін басқару сайманының даму тенденциялары мен бағытын анықтау кджет.
Әрбір туристік фирма тек өзіне тән қасиеттерімен ерекше-ленетін болғандықтан, туризм мамандары басқарудың мінсіз, бәріне ортақ болатын басқару моделі жоқ деп есептейді. Фирма өз моделін іздестіруі керек. Фирма мен оның айналасындағы орта үнемі өзгеріп түрғандықтан, осындай модельді іздестіру процесі тоқтамайды.
Мысалға, америка компанияларының көпіпілігі жылына кем болғанда бір рет біршама ұйымдастырушылық өзгерістерді ендіреді, ал үлкен қайта ұйымдастырушылық өзгерістерді әрбір 4-5 жыл сайын енгізеді.
Туризм сферасындағы менеджмент туристік мекемелердің іс-әрекетін жәнеұйымдастыру ерекшеліктерін ескереді.
Туризмнің бірнеше өзіне тән ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет