Қайталау сұрақтары 1. Мемлекеттер арасындағы сырткы эконолшкалық байланыстардың қандай формаларын білесіз? Халықаралық туризмді осындай формалардың цайсысына жатқызуга болады? 2. Халықаралықтуризмнің сыртцы экономикалық байланыстардың формасы ретінде қандай өзіне тән ерекшеліктері бар? 3. Халықаралық туризмдегі экспорт, импорт жәнереэкспорт деген не? Олардың ерекшеліктерін атап беріңіз. 4. Туризм арқылы экспорт жасаудың артықшылықтары қандай? 5. Халықаралық туристік алмасудағы тиімділік есебі калай жасалады? § 2 Шетел туризмінің экономикалық дамуына жасайтын әсері Тауарлардың қозғалысы сияқты, туристер шет елдерге барғанда шетел валютасының қозғалысы байқалады. Сондықтан қандай да ел болсын, туристік қызмет экспортын дамытуға тырысады, ал осындай экспорт дәстүрлі тауарлар мен қызметтер экспортын толықтырады. Осыған орай, көптеген туризм мамандары шетелдік туристерді қабылдаудың экономикалық тиімділігін атап көрсетуде. Елдің экономикасын қаржыландыру мақсатында шетелдік қаржының келуіне септігін тигізетін салаларды ең алдымен дамыту қажет.
Осыған орай, шетелдік туризмнің дамуы (яғни туристік қыз-меттерді шетел туристеріне сату) төлем балансының құрылымын өңдеудің, сыртқы экономикалық алмасу көлемін арттырудың, өнеркәсібі дамымаған аудандарды дамытудың ең қолайлы формасы болмақ.
Экономикасы элсіз, инвестициялық қаржылары жетіспейтін елдер қаржылары мен білікті еңбек күшін көбіне туристік экспорт секторына жүмсағаны, яғни өнеркәсіппен ауыл піаруашылығына жұмсалатын қаржыны азайтқаны дұрыс бола ма деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Осындай көзқарасты қолдайтын туризм теорияшылары мынадай дәлелдерді келтіреді:
1. Экспорттық туристік секторды дамыту шаралары елдің табиғи құндылықтарын игеруге мүмкіндік туғызады, демек, табиғи құндылықтардан түсетін табыс артады. Экспорт секторының дамуы арқасында осыған дейін халықаралық алмасуға белсенді қатыспаған елдердің араласуына мүмкіндік туатын болады.
2. Туристік тауарлар мен қызметтерді өндіру, экономикалықдаму жолына түскен елдерге өте қажетті болады. Осындай елдерде еңбек күшінің, азық-түліктің бағалары төмен; сонымен қатар, мұлда, импорт қажеттілігі минималды болғанымен бірге, туристік тауарлар мен қызметтердің көпшілігін өндіруге толық мүмкіндік бар. Осындай жағдай халықаралық туристік нарықтағы бэсекелестікте алдыңғы қатарда болуға жол береді. Мысал ретінде Грекия, Түркия, Испания, Ливан, Египет сияқты елдерді келтіруге болады. Халықаралық туристік мамандандырылу өзара пайда қағидасына негізделуі керек. Мамандандырудың пайдасы тұрақты болады да туристік моноөнім немесе туристік монокультураны дамытуға бағытталануға әкеліп соғады.
3. Дамушы елдерде валюта қаржысының келуі жеткіліксіз. Туризмнің дамуы (туристердің келуі) нетто (таза) валюта түсімін арт-тырады. Басқа шаруашылық салаларына қарағанда туристік сектор валютаны жылдам әкеледі.
Қорыта айтсақ, шетел туризмін шетел төлем қаржыларының жедел түсу көзі ретінде қарастыруға болады, және, осыған орай, шетел туризмін қарқынды дамыту қажеттілігі айқын болып көрінеді.
Басқа салалардағы айналымға қарағанда, туристік айналым, төлем формасына орай, ұзақ мерзімді несиелерді қажет етпейді. Алайда, мұндай жағдайда туристік тауарларды күні бұрын өндіруді, яғни оларды өндіру мен қоймада сақтауға арналған ұзақ мерзімді несиелерді қажет ететін туризмнің маусымдық қасиеті ескерілмейді.
Сөйтіп, барлық дәлелдерді келтірмей, туристік экспорттың өте жоғары тиімділігі жөнінде айтуға болмайды. Жасалған талдау бойын-ша, маусым арасында отандық туристерге қызмет көрсетпейтін туристік салалар өз табысынан айрылып, шығынға үліырайтын көрінеді.
Туристік экспортта үйренішті экспортта өткізіле алмайтын тауар-лар мен қызметтер сатылады. Туристік экспортта нәтижеге жету үшін тартымды туристік объектілер мен тиісті жарнама болуы қажет.
Кейбір авторлар туристік шаруашылықта қаржыландыру факторы ең маңызды рөл ойнамайды деп айтады. Экономикалық цикл шеңберінде туризм басқа өнеркәсіп салаларына қарағанда қаржы-ландыруды аз қажет етеді деген пікір бар [42].
Басқалары, керісінше, қаржыландыру факторы өте маңызды деген пікірде. Осындай жағдайда шығындар туристік тауарларды импорттың қатысуынсыз алу мүмкіндігімен өтеледі, дейді. Және де туристік сектордың ойдағыдай дамуы басқа салаларға онша тәуелді емес деп дәлелдейді. Мысалы, өңдеу өнеркәсібі шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдейтін жанама өндіріс салаларының дамуын қажет етеді.
Туристік саланы алсақ, мүлда туристік шаруашылық ең алдымен қызметтердің, әсіресе жеке қызметтердің арқасында жүзеге асырылады, сондықтан басқа салаларды кешенді түрде пайдаланудың қажеті шамалы. Көлік құралдары мен жолдарды алмасақ, негізгі туристік инвестициялар қонак үй шаруашылығына жұмсалады. Мұндай жағдайда экспорттьщ туристік шаруашылықтың кеңеюіне септігін тигізеді.
Шетелдік туризм - ел дамуын жеделдететін, төлем балансын жандандыратын, валюталық қорын үлғайтатын фактор. Шетелдік туризм «көрінбейтін» игіліктерді пайдалану арқылы сыртқы сауданы күшейтуі мүмкін.
Кейбір бұрынғы социалистік елдер, мысалы Болгария, шетел туризмін шетел валютасын толықтыру тәсілі ретінде пайдаланады. Тіпті қызметтер демпинг шарттарында көрсетіліп кетеді. Дегенмен, бұл елдер туристік экспортты экспорт дамуының ең маңызды тармағы ретінде қарастырмайды. Швейцарияның өзі туризмді осындай көзқарастан қарастырмайды. Жалпы айтқанда, туристік экспорт әрі кетсе елдің экспорттық мүмкіншіліктерін толықтыра алады.
Халықаралық туристік мамандандырылудың пайдасын дәлелдеу үшін Испанияны мысал ретінде келтіруді жақсы көреді. Ал Испанияның өзі туризмді экспорттық өндірістің қосалқы саласы ретінде қабылдайды. Осы елдің асып түскен туристік тартымдылығын ескере түра, Испания соғысқа дейінгі кезінің өзінде өте күшті дамыған туристік шаруашылыққа ие болғанын ұмытпаган жөн. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін испан экспорты өте қиын жағдайда болған. Туризмнің дамуы үйренішті экспорт үшін қолайлы жағдай туғызуға өз септігін тигізді, және де, туризмнен түскен табысын Испания басқа салаларға жүмсады.
Швейцария әдетте классикалық туристік ел деп есептеледі. Алайда Швейцария елінің көбісі туризмнен басқа іс-әрекеттермен айналысады, ал ел байлығын қалыптастырған сала туризм емес. Қазіргі Швейцария өте жақсы дамыған индустриялық мемлекет, табысында туризм бірінші қатарда түрмайды. Туристік мамандандырылу заманы өтіп кетті. Бүгін Швейцария туристер келуін шектеуде және өз азаматтарын шетелге барып келуге ынталандырады.
Ең үлкен ауқымды туризмнің өзі инфрақұрылымның тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Тиімді болу үшін шаруашылықтың туристік емес салалары тиісті дамуы қажет. Шаруашылық инфрақұрылымының дамуынан түсетін пайданы туристік индустрия «тегін» пайдалана алады, сондықтан туризм рентабелді болып есептеледі. Инфрақұрылым құнының кішкене де болса бөлігін туристік сектордың шығынына қосса, туристік сектор тиімсіз (рентабелді емес) секторға айналар еді.
Экономикасы дамымаған елдердің көбі бұқаралық туризм елдері бола алмайды. Осындай елдерге жоғары дәрежедегі туристік игілігі аз, халық саны аз елдер; туристік тартымдылығы өте жоғары болса да, бірақ индустриалдық елдерден тым алыс орналасқан мемлекеттер жатады.
Статистикалық техниканың жеткілікті дамуына қарамастан, туризм дәл статистикалық мәліметтермен әзірше қамтамасызданбаған. Валюталық бақылау жүйесінің болмауы шетел туризмінің валюталық эффектінің есебін киын қылады.
Туристік экспорттан түсетін табыстың негізін үш әлемент: келген туристердің саны, орташа тәулік шығындары мен елде болудың орташа мезгілі құрады. Валюталық табыс көрсеткіштерін анықтау өте киын. Туристік қызметтер төлем балансының бірнеше тармағында, мысалы, «шетел туризмі», «тауарлар мен кьізметтер», «көлік» тармақтарында, жазылған. Туристік толем балансы анықтамасының тар болуы (бұл«турист» анықтамасының екіталай болуынан пайда болады) «шетел туризм» тармағының толық болмауына әкеліп соғады.
Кең мағынадағы туристік төлем балансына табыстардың халықаралық қозғалысына байланысты қарыз кіреді. Бүған «шетел
туризмі» тармағымен бірге туристік мақсаттарындағы тауар айна-лымы, қызмет алмасуы, капитал мен еңбек қозғалыстары кіреді. Бұл анықтамаға, сонымен қатар, туристік шаруашылыққа салынған кез келген капиталдан түсетін табыс кіреді. Туристік табыстар мен шығындарды дұрыс анықтау мүмкіндігін туғызатын бағалау критерийін қолдану қажеттілігі пайда болды.
Р. Баретье [45] туристік шаруашылықты жүргізуге қажетті маңызды әлементтерді ескеруді ұсынады. Атап айтсақ, бұлар: туристік әлеует, туристік қызмет сұранысы мен ұсынысы және осы елдердегі туристік игіліктерді өзара толықтыратын барлық әлементтер. Тек осындай кешенді тетік арқылы туристік шаруашылықтың ағымдағы және ұзақ мерзімді тиімділігін анықтауға болады. Сондықтан туристік мәселелерді валюталық аспектімен шектеуге болмайды. Туристік шаруашылықтың ұзақ мерзімді дамуының жоспары жалпы экономикалық даму жоспарымен үйлесуі қажет.