Орындаған:Кошкарбаева Гулдана,КЯЛ-20-3 тобының студенті
Ақтау,2022 жыл
р
Еңбектері, негізгі ойлары, өмір жолы
Ұсынылған терминдер
1
Сократ (көне грекше: Σωκράτης, лат. Соцратес, б.з.д. 470 - б.з.д. 399)[1], — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы.[1] Ол өз шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотельмен (б.з.д.384 – б.з.д.320) бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген. Ол артына кітап жазып қалтырмаған, идеялары мен ғұмырбаянын шәкірттері (Әсіресе Платон) жазып қалтырған.
Кейінгі философтар Сократтық мысқыл және Сократтық әдіснама ұғымдарын тұрақты термин ретінде қолданады. Сократтық диалектика әдісі күні бүгінге дейін түрлі пікірталастарда жиі қолданылатыны белгілі. Оның мағынасы: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократэпистемология және логика салаларына да батыс филсофиясына үлгі боларлық үлестер қосты.
Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан «жалпақ», «кең» деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады
3
Аристотель
Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз[1], Халқида, Еубея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие
Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады
4
Эпикур
Эпикур (Ἐπίκουρος, б.з.д.341- б.з.д.270) — ежелгі грек философы, Афина қаласында эпикуреизм философиясының негізін қалаушы ("Эпикур бағы" деп те аталады). Эпикур Аристипптің (Арістіппұс) Гедонизм (рахатқұмарлық) идеясын жетілдіріп, оны Демокриттің атом теориясымен бірлестірді. Оның философиясының негізгі ұстанымы ешбір шектеу мен мазалауға ұшырамайтын жан тыныштығы күйіне жету болып табылады.
Негізгі пікірі
Ізгілік дегеніміз шаттық. Қозғалыстағы шаттық және тыныштықтағы шаттық (κατὰ κίνησιν ἡδοναί, καταστηματικαὶ ἡδοναί)[1]
5
Зенон
Зенон, элейлік (б.з.б. 490 – 430 ж.ш., Оңт. Италия, Элея қ.) – ежелгі грек философы. Зенон дүниенің біртұтастығы туралы Парменид (б.з.б. 540 ж.ш.) ілімін дамытып, сезімдік болмысты түсініп болмайды деп дәлелдейді. Аристотель Зеноны диалектиканың негізін салушы деп атаған, себебі ол қайшылықтарды ашумен көп шұғылданып, қарама-қарсы пікірлер мен қайшылықтар туралы айтыс көмегімен немесе оларды талдап түсіндіру арқылы ақиқатқа жете аламыз деп ойлаған
Ол ғылым тарихында өзінің әйгілі парадокстерімен (апорилері) белгілі. Зенонның парадокстерінің негізгі мәні мынада: үздіктілік, алуан түрлілік, қозғалыс сезім мүшелері қабылдайтын әлемнің көрінісі ғана, бұл көрініс айқын ақиқат емес, дүниенің шын мәнін тек ойлау арқылы түсініп білу. Зенон өзінің диалектикасында “дұрыс ой қайшылықсыз болуға тиіс” деген қағидаға сүйенеді
6
Рене Декарт
Рене Декарт(фр. René Descartes, фр. ʁəne dekaʁt, лат. Ренатұс Цартесіұс; (1596-1650жж.) — француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы «аналитикалық геометрияның атасы» деп аталды.
Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі «Ойлағандықтан бармын» (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін «бәрінен күдіктену» сынды Картезиандық күмән әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.
8
Джон Локк
Джон Локк (ағылш. Жоһн Лоцке; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.
Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты – іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.
Монтескье Шарль Луи (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог.
Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді
10
Бенедикт Спиноза
Бенедикт (Барух) Спиноза (Спіноза) (24.11.1632 жыл, Амстердам, – 21.2.1677 жыл, Гаага) – материалистік, пантеистік көзқарастағы Нидерланд философы.
Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды
11
Дэвид Юм
Дэвид (Дэвид) Юм (ағылшын Дэвид Юм; 26 сәуір [7 мамыр] 1711 ж., Эдинбург – 25 тамыз 1776 ж., Сол жерде) – шотланд философы, эмпиризмнің, психологиялық атомизмнің, номинализм мен скептицизмнің өкілі; бірқатар зерттеушілердің пікірінше, агностик, екінші позитивизмнің (эмпирио-сын, махизм) предшестені, экономист және тарихшы, публицист, шотланд ағартушылығының ірі қайраткерлерінің бірі.
Иммануел Кант (нем. Ымманұел Кант, ЫПА: [I:manuəl kant] 1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы ақпанның 12-сі) — ХВЫЫЫ ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг қаласында тұрған неміс пәлсапашысы. Ол қазіргі заман Еуропасының және Ағарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, ол пәлсападағы Аристотельден кейінгі ең маңызды тұлға болып табылады.
Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара – қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті.
13
Карл Маркс
Карл Маркс Генрих (нем. Карл Һеінріцһ Марх; 1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) — 19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономист, революционер, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.
Маркс адамзат тарихындағы ең беделді тұлғалардың бірі ретінде сипатталды, ал 1999 жылы BBC сұранысы бүкіл әлемнің адамдарының «мыңжылдықтың ойшылшысы» деп танылды. Оның қабіріндегі мемориал әрқашан өз жанкүйерлерінен ризашылықпен белгіленеді. Оның қабір тасын Маркс әлемдік саясат пен экономикаға әсер етеді деп болжанған «Коммунистік манифест» делінгендерден басқа, «барлық жердегі жұмысшылар біріктіреді» деген сөздермен жазылған.
14
Фридрих Ницше
Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Фріедріцһ Уілһелм Ніетзсцһе; 1844ж. 15 қазан — 1900ж. 25 тамыз) — ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі.
Басты философиялық идеялары «Үстемдік еркі», «Асқанадам», «Мәңгілік қайталаным», «Дионистік рух және Аполлондық рух», «Құндылық атаулыны қайта таразылау», «Перспективизм», «Құдайдың өлімі», «Тсцһандала», «Тіршілікті ұлықтау», «даралықтың тәуекелшілдігі», «Соңғы адам», «Дегдарлық және құлдық мораль» қатарлы ұғымдармен байланысты.
15
Людвиг Витгенштейн
Людвиг Йозеф Иоганн Витгенштейн (неміс Людвиг Йозеф Иоганн Витгенштейн; 1889 ж. 26 сәуір, Вена - 1951 ж. 29 сәуір, Кембридж) - австриялық философ және логик, аналитикалық философияның өкілі, ХХ ғасырдың ұлы философтарының бірі.
Ол прототипі математикалық логика тілі болып табылатын жасанды «идеалды» тілді құру бағдарламасын ұсынды. Ол философияны «тілге сын» деп түсінді. Әлемнің құрылымы туралы білім құрылымының проекциясы болып табылатын логикалық атомизм ілімін жасады
16
Мартин Хайдеггер
Мартин Хайдеггер (нем. Мартін Һеідеггер, 1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология және теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама
Жан-Поль Сартр (Sartre) (1905-1980) – француз философы, публицист, романист және драматург. II дүниежүзілік соғыстың кезінде неміс тұтқынында болған, одан оралған соң қарсылық көрсету қозғалысына қатысқан.
Сартр өмірінің соңғы күніне дейін ғаламдық әділеттілікті қорғаушы, сол үшін күресуші ретінде танымал.
18
Жак Деррида
Жак Деррида ( фр. Jacques Derrida, 15.07.1930 жыл, Эль-Биаре, Алжир – 08.10.2004 жыл, Париж) – идеялары әсіресе адамзат тілінің методологиясымен бірге әлеуметтанудың бірқатар салаларындағы ойға әсер еткен француз философы
Ол қазіргі заман француз деконструкциялау ағымының серкесі, маңызы ескірмеген және ең көп талас тудырған, батыстық мәдениеттерде шығармалары өте көп оқылатын ойшылдардың бірі. Ол өз өмірінде 40-тан артық монография, жүздеген мақалалар жазған. Ол қазіргі заманғы гуманитарлық салалардың бәрінде дерлік, мысалы антропология, тарих, лингвистика, әлеуметтік лингвистика, саясаттану, феминизм, балалар құқығы секілді көптеген салаларға әсер еткен.