19. Туризмнің халықаралық академиясы (АИТ) қай жерде орналасқан? А) Лондон
В) Мадрид
С) Париж
D) Монте-Карло
Е) Рим
20. Туризм географиясы географиялық білімдердің қай саласына жатады? А) Табиғи география
В) Саяси география
С) Әлеуметтік және экономикалық (қоғамдық) география
D) Физикалық география
Е) Халық географиясы
21. ХІХ ғасырда климаттың емдік қасиеттері дұрыс бағалана бастады. Оның себебі қандай? А) Медицинаның дамуы
В) Теміржолдарының дамуы
С) Бу кемелер көлігінің дамуы
D) Қалалардың дамуы
Е) Өнеркәсіптің дамуы
22. Туризм географиясының ауқымын (диапазонын) анықтау әрекетін әлемде алғашқы болып кім жасаған? А) И.Страднер
В) А.Геттнер
С) И.Коль
D) С.Лещицкий
Е) А.Мариотти
23. Туризм «туристік өнеркәсіп (индустрия)» деп қашан атала бастады? А) XVIIІ ғасырдың соңында
В) ХХ ғасырдың басында
С) XIX ғасырдың басында
D) XIX ғасырдың соңында
Е) XX ғасырдың екінші жартысында
24. Қай себептен 1900-1930 жылдары туризм географиясы бойынша зерттеулерде неміс тілі елдерінің үлесі басқалардан үлкен болған? А) Ең жоғары халық тығыздығы
В) Туристік қозғалыстың ең жоғары қарқындылығы
С) Мұнда ормандар мен өзендер көп болған
D) Мұнда таулы аймақтар көп болған
Е) Өнеркәсіптің ең жоғары дамуы
25. Итальян Альпілерін қандай ғалым бірінші болып суреттеп берген? А) Р.Бланшар
В) А.Мариотти
С) И.Страднер
D) А.Грюнталь
Е) Р.Глюксманн
26. Француз Альпілерін қандай ғалым бірінші болып суреттеп берген? А) Р.Бланшар
В) А.Мариотти
С) И.Страднер
D) А.Грюнталь
Е) Р.Глюксманн
27. Американ ғалымдары туризм зерттеулерінің ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ең басты тақырыбы қандай болған? А) Аумақтардың туристік аудандастырылуы
В) Туристік аумақтардың аудандық жоспарлануы
С) Табиғи ресурстарды демалыс қажеттіліктері үшін қорғау мәселелері
D) Ландшафтық архитектура мәселелері
Е) Туристік ағымдарды болжау мәселелері