Туризмде пластикті қолдану: оны тұтынуды қалай азайтуға болады
Туризм дегенде көп адамның ойында елдерді аралау,түрлі жерлерді көру секілді ойлар тұрады. Ең алдымен туризмді түсіну үшін,жалпы бұл туризмнің ел экономикасына бір пайдасы бар ма деген сұраққа жауап бере білу керек. Менің ойымша, туризм тиімді, өйткені ол елдер экономикасының маңызды саласы болып табылады. Көптеген елдер тұтастай алғанда ел экономикасын қолдау үшін туризмді дамытуға сүйенеді. Сондай-ақ туризм бұл тиімді, өйткені адамдардың саяхаттауға деген ықыласы мен мүмкіндігі жыл сайын артып келеді. Елдерде орын алған қолайсыз жағдайға қарамастан, туристік фирмалар тез арада балама тауып, сол арқылы басқа бағыттарды насихаттайды, бұл туризмнің дамуын әрі қарай жалғастырып, тоқтатпайтынын тағы да айқындайды.Өз еліңді яғни оның экономикасын дамыту үшін ең керегі туризм.Сол арқылы туристер келе бастайды,бірақ адамдарды қызықтыру үшін әсем табиғат көрнекті жерлер болуы шарт.Бұл жерде табиғатты аялау қоршаған ортаны таза ұстау қағидасы тұрғаны белгілі.Қазіргі 21 ғасырда туристік жерлер көбейгенімен ластанып жатқаны қаншама?Бұл әрине өкінішті жағдай.Табиғатқа зиянды нәрсе ол-адамдардың ретсіз шамадан тыс қоқыс шығаруы болып табылады. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін әр тұрғынның қоқысты дұрыс тастауды білгені жөн. Қазіргі таңдағы өзекті мәселе қоқысты қайта өндіру оны кәдеге жарату болып табылады.Туристер көп қолданатын ол пластик өнімдері. Пластик өндірістен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізеді. Пластикалық өнімдерді өндіретін зауыттар жылына атмосфераға 400 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады. Бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түріне пластикалық заттарды жеп қою және пластикпен улануы салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.Міне бұл үлкен апат десек те қателеспейміз. Пластмасса қоқыстары демалуға арналған аймақтарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластап өз зиянын тигізеді.Бір ғана пластикалық өнімнің біраз зияны бар екенін білдік. Сондықтан бұларды тиімді пайдалану әсіресе туризмде мейлінше аз тұтынатын болсақ туризм бұдан да жақсы дамып,табиғат ластанбайтын еді.Қазіргі кезде бұл салада яғни пластикты дұрыс пайдалану мәселесі туралы түрлі шаралар өтуде.Басқа қоқыстарды өртеп не басқа жағдайда құтылуға болады ал пластик шөлмектерін өртеген кезде улы түтін бөлініп, ауаны ластайды және адамның денсаулығына зиянын тигізеді. Бұл проблема тек Қазақстанда емес туристік орталықтар дамыған елдерде де болатын жағдай.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды игеру – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы мәлімдеген "жасыл" экономикаға көшу концепциясындағы басты тармақтардың бірі.Атап айтқанда, үкімет 2030 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40 пайызға жеткізуі тиіс. Осы салада тәртіп енгізуге жауапты энергетика министрлігі бұл міндетті уақытынан ертерек яғни, "екі-үш жыл бұрын" орындаймыз деп мәлімдеді.Яғни Қазақстанда туризмды әрі қарайда дамыту үшін қоқысты тиімді пайданалу міндеті тұр.Жалпы қоқысты тиімді пайдаланып қоймай оны тұтынуды да азайту мәселесі өте өзекті болып отыр.Бұл жағдайда суды пластик бөтелкемен емес қатты қағаздан жасалған стаканмен ішетін болсақ денсаулыққа да және қоршаған ортаға да зиян тигізбейді .Одан шыққан қоқысты жоюда оңайырақ болады.Мейлінше қоғамда пластик заттарды аз қолдансақ бұл қоршаған ортаға деген үлкен құрмет.Қазақстанда туризм дамып келе жатыр,бірақ та ол барлық қалаларда емес.Қазақстанның барлық қалалары өзінің ерекшелігімен тамсандырады және алдағы уақыттағы туризмге байланысты ұсыныстар бар: әр қалада пластик шөлмектерін қайта өндіру зауыты ашылса;
арнайы пластик қоқыстарын салатын қоқыс жәшігі болса; әр оқушы пластик шөлмектерді өз өмірінде көбірек пайдаланса; ғалымдар пластикті шіріту жолдарын ойлап тапса; әр адам қолына ұстаған пластик шөлмектің пайдаға асатынын сезінсе.Бұл ұсыныстар жүзеге толығымен асатын болса Қазақстан мықты туристік орталыққа айналатыны сөзсіз.Жалпы тиімді пайдалану қайта өңдеу бұл еліміздің балабақшаларынан бастап балалардың қызығушылығымен жасалынып келеді.Яғни айтатын болсақ түрлі ойыншықтар сәндеу заттары сол пластикалық бөтелкеден нақтыл ай айтқанда қиялыңа ерік берсең адам баласының қолынан барлығы келеді. Пластик – бұл жаңа өнім өндіруге арналған құнды шикізат, бұл ретте ол бірнеше рет өңделуі мүмкін. Бұл тұрғыда пластикалық қоқыстың көп мөлшерде жиналуы және өңделуі өте маңызды.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАУІПСІЗ ӘРІ ТАЗА ҰСТАУ — БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!