Байланысты: 1578622586621 совершенствование в туризме
Сабақ № 6 Тақырыбы: Спорттық туризмдегі жарыстарды топтастыру. Спорттық сапарлар мен туристік көп сайыстар бойынша жарыстар ұйымдастыру ерекшеліктері. 1. Спорттық туризмде жарыстарды топтастыру.
2. Жарыстарды ұйымдастыру, оның құжаттары.
3. Жарыстарды материальдық қамтамасыз ету шаралары.
Дәріс сабағының тезистері:
Спорттық туризмнің жарыс түрлері жэне оның айырма ерекшелігі. Спорттық туризмнің түрлері бойынша жарыстар классификациясы. Жарыс масштабы бойынша классификация. Жарыс түрлерін өткізу бойынша классификация. Әлеуметтік-жас ерекшелігі топтары бойынша классификация. Ведомстволық құралдар бойынша жарыстардың әртүрлілігі. Спорттық туризм бойынша жарыстар мен слеттардың ішкі, сондай-ақ халыкаралық туризмдегі белсенді, сондай-ақ рекреационды-танымдық туризм түріндегі орны мен ролі.
Білім беру жүйесінде спорттық сапарлар, спорттық турлар және саяхаттар, соның ішінде демалыс күндері сапарларының және салмақтылық сапарларының ұйымдастырылуы мен өткізілуі. Бұл жарыстардың түрлері мен ерекшеліктері. Спорттық сапарлар бойынша жарыстардың өткізілу ережелері.
Бұл жарыстардың ұйымдастырылуы, өткізілуі жэне қорытынды шығару. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізуді регламенттейтін ережелер мен басқа кұжаттар. Жарысты ұйымдастырушылар. Төрелік ету әдістемесі. Есепке қойылатын талаптар. Квалификациялық талаптар, жарыс рейтингін анықгау, разрядтық талаптарды орындау шарттары.
Туристік көпсайыс бойынша жарыс түрлері және олардың ерекшеліктері. Туристік көпсайыс бойынша жарыстардың мақсаты, міндеті мен сипаты. Жарыстың жалпы классификациясы (масштаб, класс, ранг). Разрядтық талаптарды орындау шарттары. Туристік копсайыс бойынша жарыстарды өткізу ережелері. Туристік көпсайыс бойынша жарыстарды ұйымдастырудағы туристік мекемелердің ролі. Спорттық аралас түрлері бойынша (спорттық бағдарлау, өрмелеу т.б.) түрлері, ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері, оның көпсайыс бойынша жарыстардың құрамды бөлігі ретіндегі элеметтері.
Жарыстың қосалқылығы мен кезеңдері. Туристік көпсайыс бойынша жарыстардың дайындалуы және өткізілуі. Команданы жабдықгау мен дайындау. Жарыстағы төрешілік ету ерекшелігі. Спортгық туризмде жарыстық қызметті жоспарлау принципі. Спорттык туризмнің түрлері бойынша жарыстарды өткізудің ерекшеліктері. Туризм техникасы бойынша балалар слеттары мен жарыстарды ұйымдастырудағы ерекшеліктер. Балалар туризмі түрлерінің техникасы бойынша трасс және қашықтық жасаудың ерекшеліктері. Балалар слеттары мен жарыстарына төрешілік етуді ұйымдастырудың ерекшеліктері. Балалардың халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық туристік слеттар мен жарыстарға катысу.
Туристік жиындар, кештер мен байқауларды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері (олардың түрлері). Туристік жиындар, кештер мен байқаулардың басты мақсаты-туризмді насихаттау, адамдардың карым-қатынасы, тәжірибе алмасу, шыгармашылык қабілеттерді дамыту. Туристік жиындар мен байқауларды жоспарлау. Төрешілік әдістемесі, қорытынды шығару ерекшеліктері, нэтижелерді жариялау мен женімпаздарды марапаттау. Туристік көпсайыс жарыстарына демеушілерді іздеу ерекшеліктері және жарнамалар. Жарыстардың жаңа тулғасын өткізу.