DORNIER A1 тоқу станогының қолданылу аймағы өте кең, штапельді және табиғи және химиялық талшықтардан және олардың қоспасынан жасалған филаментті иірімжіптерді қамтиды.
Штапельді иірімжіптің сызықтық тығыздығының диапазоны 4 Nm-ден
160 Nm, ал филаментті жіптер үшін – 10-нан 2200 дтекс аралығын қамтиды. Фасонды және текстурленген жіптер үшін одан да жуан болуы мүмкін.
DORNIER ErgoWeave® басқарудың жаңа концепциясы алғаш рет станокты интуитивті басқаруды қамтамасыз етті. Осыған арнап жасалынған FT басқару жүйесі әртүрлі түйіндерді жетілдірудің негізі болып табылады. Ол жаңа технология бойынша мата өндірісінде бұрын соңды болмаған тиімділік пен мықтылыққа кепілдік береді және бұл технологияны болашақта қолдануға болады.
Сурет 32. Fast-Ethernet-Technology басқару
жүйесі
Fast-Ethernet-Technology басқару жүйесі инновациялы және болашаққа бағдарланған.
ДОРНЬЕ фирмасының заманауи тоқу станоктарының басқару техникасында даму бағытын көрсететін жаңалықтарды жасауға тағы да сәтті болды. ДОРНЬЕ фирмасы 1990 жылы CAN шинасын жүзеге асырғаннан бастап өздерінің көшбасшылық позицияларын сақтап келеді, ал FT басқару жүйесін жасау арқылы нарыққа өте жаңа жүйені шығаруда, осының арқасында дәл қазіргі уақытта жоғары көлемде өнім шығаруға қол жеткізіп отыр.
Басқару жүйесінің негізгі инновациялары
■■ Берілген мәліметтерді беру нақты уақытта жүзеге асырылады
■■ Станокты іске қосуға кететін уақыттың аздығы электронды басқарылатын түйіндердің барлығы станок жұмысының кез-келген уақытында тез реакцияға түсуге мүмкіндік береді.
■■ Анықталған уақытша бірізділіктер станок жағдайына сәйкес автоматты, сенімді түрде түзетіледі және нақты орындалады.
FT және DORNIER ERGOWEAVE® басқару жүйесі Басқару жүесінің қарапайым жұмысы үшін кешенді техника
Сурет 33. USB және Ethernet интерфейстері
Артикулдер мен үлгілердің сақталған мәліметтері, сонымен қатар жаңа конфигурацияларды және бағдармаларды жүктеу USB- жинақтаушының көмегімен қарапайым әрі тез жүзеге асады.
Ethernet тоқу станогын кез-келген мәліметтерді өңдеу жүйесімен байланыстырады немесе оны желіге қоса алады. Кірістірілген стандартты интерфейс DORNIER ErgoWeave®
жүйесінің жад сыйымдылығының көлемі миллионға дейін арқау мәліметтерін сақтауға мүмкіндік береді және сонымен бірге қосымша кеңейтуге де болады.
DORNIER ErgoWeave®: интуитивті басқарылатын сенсорлы дисплей
Басқару диагоналы 15» сенсорлы дисплей арқылы жүзеге асырылады. Жеке функциялардың орындалу процестерінің графикалық ұсынылымдары және біріктірілген таңбаларды қолдану таңдау мүмкіндіктерін түсінуді жеңілдетеді.
Негізгі баптауларға, сонымен қатар электронды түрде сақталатын тасымалдау бойынша инструкцияларға тікелей қол жетімділік жағдайдалды талдауға кеткен уақытты айтарлықтай қысқартады.
Сурет 34. DORNIER ErgoWeave®: интуитивті басқарылатын сенсорлы дисплейі
DORNIER ErgoWeave® жүйесінің пайдалы жаңа функциялары қолданушыға мата сапасына қатысты нәтижелерде тез жетістіктерге жеткізетін функциялардың үлкен көлемін ұсынады. Іске қосу ақауларын түзету бір баптаумен шектелуі мүмкін, немесе, қажет болған жағдайда келісіммен.
DORNIER ErgoWeave® жүйесінің ең күшті жақтарының бірі барлық функцияларды қарапайым статикалық өңдеу, сонымен қатар диагностика жүйесінің көмегімен станок тоқтап қалуларыының себебін анықтау мен жою болып табылады.стандартты артикулдарға деген автоматты баптаулар және артикул баптауларын жүргізу қызмет көрсетуші құрамның еңбек шығынын төмендетеді.
Сурет 35. DORNIER ErgoWeave® жүйесінің функциялары
А1 станогының беріктілігі мен мықтылығы барлығы үшін айқын. Оның бүйір қабырғаларындағы берік профильді траверстен түзілген қалыпты рамасы жоғары жылдамдықта және қос енді маталарды тоқу кезінде де ең төменгі діріл деңгейінде жұмыс жасауға кепілдік береді. Сондықтанда станокты негізге желімдеп жапсырудың немесе бұрандалап қатырудың қажеті жоқ.