Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет42/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Күзуде қайықтың қозғалысы


Соққы механизмінің әсерімен қайықты қорапшадан қайыққа белгілі жылдамдық берілгеннен кейін, ол өз жылдамдығын үйкеліс күштерінің (негіз жіп және бердомен үйкелісі, ауа ағымымен үйкелісі және т.б.) әсерімен баяулата отырып күзуде еркін орын ауыстырады да соңына қарай өз жылдамдығын жоғалта отырып қарама қарсы қайықты қорапшаға жетіп тоқтайды.


(69 суретте) қайықты сол жақ қайықты қорапшадан оң жақтағы қайықты қорапшаға орын ауыстыруы барысындағы аталған қайық жылдамдығының өзгеру кестесінің суреттемесі көрсетілген.

Сурет 69. Қайықтың қозғалу жылдамдығының сызбасы

АВ аймағында қайық аса жоғары жылдамдықпен әсер етеді. Қайық жылдамдығы лезде υА=0 ден υВ дейін жоғары болады. Содан кейін ВС аймағында қайық қарама қарсы жақтағы қайық қорапшасының бағыты бойынша қозғалады, бұл уақытта үйкеліс күшінің әсерімен υв дан υс дейін өз жылдамдығын бірнеше есеге
төмендетеді.

Ал СD аймағында қайық жылдамдығы υС ден υD=0 дейін лезде түседі, осының салдарынан қайық қайықты қорапша қалпақшасымен тоқтатылады.
Қайықтың қайықты қорапшадан шығуы барысындағы бастапқы жылдамдығын бастау қозғалысы жолын өзгерту жолымен реттеуге болады. Ол үшін соққы механизмінің құрастыруына, басталуының орын ауыстыру жолын немесе қуманың тербелу шегін өзгерту мүмкіндігін қарастырады. Бұл жағдайды тәжірибеде соққы күшін өзгерту деп атайды.
Соққы механизмінің жұмысын аса терең талдау үшін қайық қозғалысын кинематикалық түрде зерттеу жеткіліксіз болып табылады. Ол өз кезегінде тоқыманың арнайы курсы бойынша оқулықтарда әдетте жүргізілетін қосымша динамикалық зерттеулерді қосу керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жаккардты машиналарың ерекшеліктері?

  2. Жаккардты машиналардағы призманың қызметі?

  3. Ірі өрнекті айқаспа раппортында қанша мыңдаған жіптер болады?

  4. Жаккардты машиналарда қанша ілмектер болуы мүмкін?

  5. Арқау қанша қозғалыста болады?

  6. Арқаудың екі қозғалысының қызметі қандай?

  7. Мата жиегіне соққылау барысында жаңа арқауша немен әсерлеседі?

  8. Қысым мен үйкеліс қалай туындайды?

  9. Мата жиегіне соғылушы арқаушаны енгізгеннен кейін негіз жіп қандай күйде болады?

  10. Соққылау жолағанының мөлшері неге байланысты?

  11. Өндірілуші мата тығыздығының жоғарылауынан қандай өзгеріс пайда болады?

  12. Қайықтың күзу арқылы ұшып өтуі үшін бағыттаушы қызметін не атқарады?

  13. Күзуге енгізілген арқау жіпті өндірілген мата жиегіне соққылау ненің қызметі?

  14. Батанның қандай түрлері бар?

  15. Басты біліктің айналуы барысында батан қозғалысты қалай алады?

  16. Батанның орын ауыстыруы неғұрлым жоғары болған сайын, күзу биіктігі қалай өзгереді?

  17. Тоқыма станоктарының соққы механизмдерінің қызметі?

  18. Соққылы механизмдердің қандай түрлері бар?

  19. Станоктың ортаңғы білігіне не бекілтілген?

  20. Соққы күшін өзгерту дегеніміз?





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет