Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет23/56
Дата11.10.2024
өлшемі5,69 Mb.
#147790
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

VІ БӨЛІМ. Мата тоқу станоктары




    1. Матаның тоқу станогында қалыптасуы


Қандайда мата болмасын матаға қажетті беріктілікті қамтамасыз ететін, бір бірімен айқаспа арқылы байланысқан және бір-біріне перпендикулярлы түрде орналасқан жіптердің екі жүйесінен тұрады.


Мата деп өзара перпендикулярлы жүйемен екі жіптердің (мата бойымен жүретін негіз жіптер және матада кесе көлденең жүретін арқау жіптері) айқасуы барысында қалыптасатын бұйымды атайды. Мата шеті жиек деп аталады. Оларды аса берік етіп жасайды, өйткені матаны өңдеу барысында аталған жиектер мейлінше жүктемелерді қабылдайды.
Негіз және арқау жіптері белгілі бір тәртіппен айқасады. Негіз жіп арқаудың үстімен айқаса өтсе, онда ол жерді негізгі тұйықталу, ал егер арқау жібі негіз жіп үстімен айқаса өткен жер арқаулы тұйықталу деп аталады. Тұйықталулар сәйкесінше суретті айқаспаларды құра отырып түрлі күйде кезектесе орналасады.
Матада суретті айқаспаның қайталануын раппорт деп атайды.
Тұйықталудың жылжуы деп деп қарастырылып отырған жіптің дара тұйықталуы алдыңғы жіптің дара тұйықталуынан қаншалықты жіп санымен қалыс қалып жатқанын

көрсетеді. Жылжуды екі түрде, яғни, негіз (тігіннен) SH
(көлденең) ажыратады.
және арқау Sа
бойынша

Мата бойымен жүретін жіптерді негізгі немесе негіз деп, ал көлденең бағытта жүретін жіптерді арқаулы немесе арқау деп атайды.
Иіру өндірісінен келетін иірім жіп дайындау процессінің бірқатарынан өтеді.
Әдетте иіру иіршігінде негізгі иірім жіпті орау бөлімінде цилиндрлі немесе конусты формалы орау иіршігіне орайды. Біруақытта иірім жіпті ораумен бірге оны тазалық және беріктілігін де бақылауды жүргізеді. Негізгі жіптерді қайта орау үшін жылдам жүретін негізгі ораушы машиналар қолданылады.
Содан орама иіршіктегі иірім жіп белгілі орнатылған ұзындықтағы негіз жіптердің белгілі бір саны параллельді түрде тізіп орау білікшесіне немесе тізбе ораушыға оралатын тізіп орауға беріледі. Ол үшін әр түрлі жоғары жылдамдықтағы тізіп ораушы машиналар қолданылады.
Бірнеше тізіп ораушы білікшелерден немесе тізбе ораушылардан иірім жіпті тізіп орағаннан кейін оларды шлихталайды, яғни шлихта деп аталатын арнайы желімдегіш қоспамен жаяды да тоқыма станогына белгілі керілісте матадағы негіз жіптердің санына сәйкес көлемді түрде орайды. Негіз жіпті шлихталау үшін әр түрлі типтегі шлихталау машиналарын қолданады.

Тоқыма өнеркәсібіндегі келесі процесс ретінде ламелде, ремизка көзшесінен және күзу тісшелерінен негіз жіпті сабақтау болып табылады. Егер ескі негізбен өндірілген станоктағы мата жаңа негіз жіп арнаулы болса, онда міндетті түрде сабақтаудың орнына орамалар және ширатпаларды қолданады. Осыдан соң негізі бар тізбе ораушылар тоқыма станогына түседі. Байламалыларды көбінесе тікелей тоқыма станогында өндіреді.
Арқау жіптері тоқыма бөлімшесіне алдын-ала өңделмеген күйде келеді. Иіру иіршігінде келетін арқау жіптері әдетте алдын ала орамалайды: негізгі орау машинасында қайықсыз тоқыма станогы үшін орауышта, ал қайықты станоктар үшін арқаулы ораушы машиналарда немесе автоматтарда орайды. Сонымен қатар арқау жіптерін ылғалдандырады немесе эмульсиялайды.
Дайындалған желі және арқау жіптер тоқу станогына келіп түседі.
Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады:

      1. күзу ашылуы;

      2. арқау жіпті салу;

      3. арқау жіпті матаның жиегіне қағу;

      4. желі жіпті бойлықпен жылжуы;

      5. матаның тауар білігіне оралуы.

Тоқу станогының технологиялық сұлбасы 21-суретте көрсетілген.

Сурет 21. Тоқыма станогында матаның қалыптасу сұлбасы



Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады.
Тізбе орағыштан желі жіптері
(2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галева көздерінен
(5) және бердоның тістерінен (6) өтеді. Әрбір желі жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевның көзі арқылы өтеді.

Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен желі жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) салынады. Бердо (6) батан механизмінің (8) тербелісін қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралады.


Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптастырылғанда қайталанады. Матаның жаңа элементі батанның әрбір соғуынан жасалады.
Мата жасалған сайын және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш майланып, желі жіптер бойлығымен жиылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет