119
Пәннің мазмұны
1 тақырып. Медицинада қолданылатын физикалық құбылыстар мен
заңдар. Ішкі аурулар, хирургиялық және балалар аурулары диагностикалауда
қолданылататын физикалық факторлар (дыбыс, толқын, тұрақты және
айнылыма ток, кедергі, потенциал, импеданс, иондаушы сәуле және т.б.)
туралы түсініктер, олардың физикалық сипаттамалары және қолдану.
Ұлпаның физикалық қасиеттері: поляризациялануы, электроөткізгіштігі,
кедергісі және оның жиіліктерге тәуелділігі (дисперсиясы).
Физикалық факторлардың биологиялық денелерге әсері және оны
медициналық мақсатта қолдану.
2-тақырып. Гемодинамиканың физикалық негізі. Күре тамыр және көк
тамыр арнасындағы қан қозғалысының заңдылықтары. Қан қысымын өлшеу.
Коротков әдісі. Тәуліктік қан қысымының мониторингі.
3-тақырып. Дыбыс және ультрадыбысты диагностикада қолданудың
физикалық негізі. Дыбыс туралы түсінік және оны сипаттайтын физикалық
шамалар. Аскультация мен перкуссия туралы түсінік және оларды
диагностикада қолданудың физикалық негізі. Ультрадыбыстың физикалық
сипатты, оның адам ағзасына әсері және оны диагностикалық мақсатта
қолдану. УЗД құралының құрылысы мен жұмыс істетеу принципі. УЗД
құралындағы датчиктер, олардың ерекшеліктер.
Достарыңызбен бөлісу: