Қуаныш шонбай


ТҮЙІН................................................................................................................253



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата08.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#48609
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 5269678680371627382

ТҮЙІН................................................................................................................253 
БИБЛИОГРАФИЯ..........................................................................................257 
ФИЛЬМОГРАФИЯ.........................................................................................260 


Осы кітаптың жарық көруі – балалық шақтан бері қолдап, қателіктерімді 
кешіріп, әр бастамама демеу берген асыл анам Үміткен Қапанқызы мен 
ардақты әкем Рашит Сәткенұлының арқасы. Оларға деген алғысым шексіз. 
Қуаныш ШОНБАЙ 


АЛҒЫСӨЗ 
16.08.2017 
Словения, Рогашка қаласы... 
2017 жылдың шілде айында екі­үш күндей депрессияға (күйзеліске) 
ұшырадым. Себебін анықтап қарасам, сол кезде мақсатсыз қалғандай 
болыппын. Өйткені, 2015 жылы «Rumi»­ді енді ашқанда, бизнестегі әріптесім 
Айдос мырза екеуіміз соншалықты армандадық, қиялдадық. Ол кезде дайын 
ресторан (мейрамхана) тұрмақ, қолымызда қаражат та, ешнәрсе де жоқ еді. 
«Rumi­ді құрсақ, соның жылдық саудасы 5 миллиард теңге болса екен», – деп 
арман дайтынбыз, ол бізге қол жетпестей болып көрінетін. Бірақ мен сол 
көздеген табысқа екі жылдан кейін, 2017 жылдың маусым айында 
жететінімізді түсіндім. Ал енді межелеген мақсатымызды орындап, 
арманымызға қол жеткізгеннен кейін, мақсатсыз қалғандай болдым. Соның 
себебінен болар, тағат таппай, күйзеліске ұшырадым. Адам үшін мақсатсыз 
қалу қиын екен. Бұны Виктор Франкл «Жексенбілік психоз» деп атайды. 
Мақсатсыз қалған адам қуыс кеуде болып, вакуумға түскендей күй кешеді. 
Мен «жексенбілік психоздан» арылудың жолын іздестірдім, сондықтан, 
алдыма жаңа мақсат қойдым. Нақтылап айтсақ, ол – 2020 жылға дейін 20 
миллиард теңге сауда айналымын жасау. Алдымда бағындырар жаңа белесім 
пайда болғаннан кейін бе, маған серпін берген, мені оятқан, сол күйзелістен 
шығарған бір күштің құдыретін сезіндім. Ол тылсым күш бәлкім энергия 
болар немесе жаңа белесті бағындыруға деген талпынысым болар, әйтеуір 
мені осы кризистен алып шықты. 
Өткен екі жылды ой елегінен өткізсем, ешкімнің қолдау көмегінсіз, қомақты 
қаражатсыз жаңа кәсіп бастап, мақсатқа жетуіміздің бірден­бір себебі – 
арманымыздың бізді алға жетелегені екен. Ал осы арман мен қиялдың күші 
20 миллиардқа да жетелеп алып келеді деген сенімім, үмітім бар. Сол күннен 
бастап кітап жазуды қолға алсам ба деген ой келді, ол да менің бір арманым 
болатын. Себебі, өзім үшін үлкен бір мақсатқа қол жеткізгенімді сездім. 
Қызметкелеріміздің саны алты жүзден асты, тоғызыншы мейрамханамызды 
аштық, ел аузында жүрдік. Атақ десең – атақ, Құдайға шүкір, ақша десең – 
ақшаға қол жеткіздік, белгілі бір нәтиже көрсеттік. Сол күндері қазақ 
жастарына, қазақ ауылдарынан шыққан өзім сияқты балаларға жол сілтейтін, 
бәлкім, үлгі бола алатын, мойныма жүктелген жауапкершілік барын сездім. 
Өйткені, қазіргі заманда адамдардың барлығы арзан ойын­күлкімкен, жеңіл 
жолмен ақша тапқысы келеді. Көзге көрінген соң айтып жатқаным, елдің 
барлығы тендермен айналысады, оған қызығады. Сетевой бизнесте де қазақ 
жастары өте көп. Берері жоқ тренигтерде де өз азаматтарымыз жүреді. Сол 


кезде менің түсінгенім, бауырларымыздың жетістікке талпынысы бар, 
ұмтылысы бар, алайда нәтиже жоқ. 
Елдің алдына шығып сөз сөйлеп жүргеннен кейін, көп адамдар ақыл­кеңес 
сұрап келеді, соларға да бір жауап ретінде, пайдалы болсын деген оймен, 
адал ниетпен, осы кітапты жаздым. Кейбір адамдар «өмірдегі бағдарымды 
жоғалтып алдым», «арманымды білмеймін» деп, ал кейбіреулері еліміздің ең 
мықты, беделді жоғары оқу орындарын бітіріп, «мақсатымды білмеймін» 
дегенде, осы кітап қалай да жарық көруі керек деген ой келді. Бұл кітап – 
жалпы қазақ жастарына жол сілтейтін, замандастарыма, еліме пайдасын 
тигізетін туынды болса деймін. Ал, кәсіппен айналысамын дегендерге 
бизнестің қыр­сыры туралы әлі де кітап жазбақпын, бұл – болашақтың 
еншісінде. Сондықтан да менің алғашқы туындым осылай басталды. Негізі, 
2008 жылы Стамбулда жүргенде­ақ кітап жазамын деп армандайтынмын. 
Оны өзім туған Жамбыл облысы, Аса ауылында жалғастырып, кейін 
Амстердамда немесе Лондонда нүктесін қою ойда болатын. 
Бәлкім, бұл сол аңсаған арманымның сәл де болса да жүзеге аса бастағаны 
болар, қазір Словенияның Рогашка қаласында қолға қалам алып, кітабымның 
алғашқы бөлімін бастап отырмын. 
«Ашылмаған қанаттың үлкендігін білмейді» дейді ғой. Біздің тәрбиелеу 
әдістерімізде қалыптасқан жағдайлар бар: «анда барма», «мынаны істеме», 
«қонақтар кетсін, содан соң жейсің», информатика пәнінде «шұқи берме, 
ертең компьютер бұзылады» дегендей көп шектеумен өстік. Сондықтан да, 
«мен ешкім емеспін» деген ішкі сезімдер қалыптасады. Сол сезімдер біріге 
келе «мен әншейін жүрген біреумін, жасаса, жұрттың балалары жасайтын 
шығар, бұл менің «темам» емес» деген сезім келеді. 
Талай тренингтерге қатыстым, барлығының айтары бір – «басқадан кем 
болма», «одан күштірек бол» және тағысын тағы. Ал бір күні қазақтың ұлы 
ақыны Абай Құнанбаевтың «Мықты болсаң, өзіңді жең» деген сөздері есіме 
түсті. Расында да, біз және идеал біз бармыз. Біз сол мінсіз нұсқамызға 
талпынуымыз, одан қалыс қалып, екінші болмауымыз керек. 
Кітап жазу барысында: «Асығыс жазып жатқан жоқсың ба?» деген сұрақтар 
көп болды. Атақты ивангелист, венчерлық инвестор, «Apple» компаниясында 
жұмыс жасаған, талай стартап идеялардың авторы Гай Кавасакидің «Егер сен 
бір нәрсеге қанағаттансаң, демек ол затты жасауға кешіктің» деген жақсы 
сөзі бар. Кітап жазуға кімнің қаншалықты лайық екенін уақыт көрсетер. Мен 
қазір осы кітапты жазуға бел будым. Қандай да бір жетістігі немесе кем­кетігі 
болса, бағасын беру – оқырманның еншісінде. Осы кітапты қолдарыңызға 
алып, маған, менің командама сеніп, сатып алып, осы беттерді оқып 
отырғаныңызға алғысымды білдіремін. 


Бұл кітапты, біріншіден, өзім үшін, өз нәпсімді тыю үшін жаздым, сондықтан 
да қатты айтсам, өзімді сынағаным, өзімді сөккенім деп біліңіз. Екіншіден, 
сізге арналып жазылған бұл кітаптың әр жолы түсінікті және жеңіл 
қабылдануы үшін «Сіз»­ден «сен»­ге өтуді жөн көрдім. Дұрыс қабылданар 
деп сенемін. Достардың арасындағы әңгіме­дүкен іспеттес, емін­еркін сыр 
ағыту үшін, осы жерден бастап мен ойымды «сен»­ге көшіп баяндаймын. 
Тағы бір мәселенің басын ашып алайық: кітабымда қазақ тілінен өзге тілдегі 
сөздерді қолдандым. Мысалы, карьера, проблема, идеал сияқты. Бұл 
сөздердің қазақ тіліндегі баламаларының жоқтығынан немесе өз тілімді 
құрметтемегендігімнен емес, айтайын деген ойымның толыққанды жетуі 
үшін, заманауи тілде түсіндіргім келгендіктен. 
Сонымен, бұл кітап неліктен «Екінші болма» деп аталды, неге «Бірініші бол» 
емес? Өйткені, біріншінің артында екінші, үшінші немесе төртінші болуы 
мүмкін. Ал бұл жерде біз анық біліп алуымыз керек: біздің бірінші жауымыз, 
алғашқы қарсыласымыз – өзіміз ғана. Сондықтан, бұл өмірде өзімізді не 
жеңеміз, не өзімізден жеңілеміз. Жеңсек – бірінші, ал жеңілсек екінші 
боламыз. Бұл кітаптың жеткізетін негізгі ойы, бәлкім пәлсапасы – сен 
өзіңмен ғана жарысуға тиіссің, сенің бәсекелесің өзің ғана, сондықтан екінші 
болмай, бірінші болуға лайықсың деген тілекпен жазылған кітап. 
Құрметті бауырым, қарындасым, әпкем, інім, ағам, дәл саған кітабымның 
мысқалдай да болса пайдасы тисе, мен бақыттымын, мақсатымның 
орындалғаны деп білемін. Сондықтан, осы кітапты бір леппен, басынан 
аяғына дейін оқып шығасың деп сенемін. Сенің жеңіске жетелер алғашқы 
қадамың бәлкім осы кітаптан бастау алар, жол көрсетер бағдар болар. Солай 
болғай! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет