Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет13/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

 
 
ФОРМАHНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ  
немесе БАРЫҢ МЕН ЖОҒЫҢНЫҢ  
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ 
 
«Егер бір сөйлеммен адамның 
кім екенін анықтай білмесең, 
онда ол адамнан ақыл сұраудың қажеті жоқ». 
Нассим Талеб, 
«Черный лебедь» теориясының авторы 
 
 
     Бізде бір мәселе бар – адамдарда форма жоқ. Мы- 
салы, мен тендермен айналыстым, бірақ кетіп 
қалдым. «Неге?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Себеп – 
форманың болмауы. Тендермен айналысатын адамдарға, 
«Не істеп жүрсің?» десең: «Әй, біздікі бизнес» деп жа- 
уап береді. Ал не бизнес екенін айта алмайды, себебі 
форма жоқ! Менің одан да, «палау сатамын» деп айтқа- 
ным жақсы. 
 
     Internet желісінде талай мықты азаматтар бар, бірақ 
кім екенін айта алмайсың, форма жоқ. Мысалы, біздің 
«Versus» академиясының директоры Мейірбек мыр- 
за кезінде блогер болып жүрген, қазір бизнес бойынша 
білім беретін академияның басшысы, яғни форма бар, 
блогер дегеннен әлдеқайда жақсы ғой. 
     Егер өзіміздің нақты образымызды, формамызды қа- 
лыптастырып алмасақ, өзіміздің абстракциялы – жалқау, 
еріншек образымызды жеңе алмаймыз.  
     Идеал образымызға жету жолдарының біріншісі – сая 
хаттау, ел бармаған жаққа бару керек. Егер ел қатарлы 
солар барған жерге барсаң, саған тың идеялар келмейді. 
 


 
Мен жазда Сыктывкарға емес, барлығы сияқты Анта- 
лияға барсам, қазір «Rumi» мейрамханалар желісі бол- 
майтын еді. Егер мен басқа рестораторлар сияқты шабыт- 
тануға Стамбұлға емес, Мәскеуге барсам, бәлкім, «Dala» 
мейрамханасы болмайтын еді, Нұсрет мырзаны, Мұрат 
Шеф пен Оғыз мырзаны кездестірмес пе едім. 
 
 
 
     Екіншісі – кітап оқу. Кітапты біз алдымызға үш түр- 
лі мақсат қойып оқимыз: шабыт алу үшін үшін; ой түю 
үшін және сұраққа жауап табу үшін. 
     Бұнда да барлығы оқып жүрген кітаптарды емес, 
өзгеше ойлауға жетелейтін, өзіңде қандай да бір қы- 
зығушылық тудыратын авторларды оқу. Ол «сәнге елік- 
теп кітаптың бетін ашу» емес, білім, шабыт іздеу, өзгеше 
идеяларды іздестіру болуы керек. Маған қатты әсер еткен 
кітап – «Финансист», авторы – Теодор Драйзер
7
. Бір жақ- 
сы әңгіме бар, осы жерде есіме түсіп отыр. Бір баланың 
әкесі, ұлын кітап оқуға баулудың жолын ұзақ іздестіреді. 
Бір күні, ұлына күнделікті қажеттілігіне беретін ақшаны 
кітаптың бетіне жабыстырып отыруды ойлап табады. Со- 
дан, баласы ақшаны іздеп жатып, бір кітаптың бөлімін.  
____________ 
7
 Теодор Драйзер – америкалық жазушы, қоғам қайраткері. 


 
28
 
оқиды, екіншісін оқиды, сөйтіп, кітап оқуды жақсы көріп
 
кетеді. 
     Өзімізге қажет, образ қалыптастыруға көмектесетін 
кітапты таба білу маңызды. В контакте-дегі статус есіме 
түседі: «Өміріңді өзгерту үшін бір-ақ кітап жеткілікті, ал 
ол кітапты табу үшін он мың кітап оқып шығу керек». 
Жоғарыда айтып өткен «Финансисттің» басты кейіпкері 
Френк Каупервудтың тұлғасына, іс-әрекетіне қарап, өзіңе 
образ қалыптастырасың, «осы сияқты болуға ұмтылай- 
ыншы» дейсің. Кітапты оқып, образ қалыптастырудың 
тағы бір жақсы ағы, ол образды, форманы өз көзіңмен 
көресің, түйсігіңмен сезінесің. Ол қатып қалған образ 
емес, оны өзің ойыңнан құрастырасың. 
     Үшіншісі – телехикаялар. Қазіргі таңда телехикаялар 
өте көп, олармен күресудің қажеті де жоқ. Сондықтан 
минусты плюске айналдырамыз да, жақсы, пайдалы те- 
лехикаяларды көреміз. «Миллиарды», «Черный список», 
«Форс мажоры» деген сериалдарды көруге кеңес беремін. 
     Ричард Талер – америкалық экономист, мінез-құлықтық 
экономика саласындағы зерттеуі үшін 2017 жылғы Но- 
бель сыйлығын иеленген. Оның тұжырымдамасы бо- 
йынша «Сен өзіңнің миыңды, ойлау жүйеңді өзгерте ал- 
майсың. Ол тек қана сенің әрекеттерін арқылы өзгереді». 
Абай атамыз мұны жүз жыл бұрын: «Болмасаң да, ұқсап 
бақ» – деп айтып кеткен. 
     Бір танысым тендермен айналысады. Өзінің қағида- 
лары бар, халыққа жақын болу, қарапайым киіну деген 
сияқты. Автокөлігі де соншалықты күшті емес, Жұмысы 
жүреді, бірақ мықты тендерлерді ала алмайды. Мәселе 
неде деп ойланады да, Шамиль Аляутдиновтың
8
 дәрісі- 
не барады. Сол кезде Шамильдің оған айтқаны: «өзінді 
табысты адам секілді ұста». Содан бері тек қана костюм 
киетін болды, «Land Cruiser» автокөлігін сатып алды. 
Нәтижесінде ісі де алға басты. 
_________________ 
8
 Аляутдинов Шамиль Рифатұлы – ағартушы теолог-ғалым Ресей Федерациясының діни 
қоғам қайраткері. 
 
 


     Брайан Трейсидің
9
 1996 жылы жазған кітабында да 
осыған ұқсас мысал жазылған. «IBM» компаниясы жария- 
лаған тендерге бір айтищник маман екі есе арзан, бірақ 
екі есе сапалы жұмысын ұсынған және бір компания са- 
пасы екі есе төмен, ал бағасы екі есе жоғары өз жұмыс- 
тарын ұсынады. Араларындағы айырмашылық 

 төрт 
есе. Бірақ жұмысы қаншалықты жақсы, ал бағасы арзан 
болғанымен, айтищник жігіт ұтылып қалады. Тендер өт- 
кізген «IBM»-нің басшылығынан «неге мен ұтылдым?» 
деп сұрағанда: «Түріңе қарап осындай жұмыс жасай ала- 
тыныңа сену қиын. Ал әлгі компанияның адамдарына қа- 
расаң, олардың біздің компаниямен жұмыс жасай алаты- 
нына сенесің», – деп жауап береді. 
     Айтайын дегенім, біз жақсыға ұмтылуымыз керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет