130
рысқан, дәйектемені де алған. «Он мен бiрдiң аралығын-
да жұмысыңызды қаншаға бағалайсыз?» деп сұрадым.
Жауабы «Сегіз», «Ал мен үшке» дедім. Өзі үлкен адам,
көз жанары жәудіреп, жылағасы келіп кетті. Түсіндірдім:
«Бастапқыда біз минус 5-те болғанбыз, ал сіз жұмысыңыз-
ды сегізге бағаласаңыз, демек, сегіз пункт көтерілдіңіз,
бірақ онға жеткен жоқсыз». Осы жерде, «Үміткерлер-
ге» оралайық. Олар панасыз иттер орталығына 600 мың
теңге тапқанымен, қатты риза болған жоқпын. Себебі,
олардың бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіне барлық мүм-
кіндіктері болған. Араларында төрт тіл
білетін адам бар,
тәжірибелі, мықты маман, ерікті, дарынды дизайнер бар.
Олардың дәрежесіне бұл нәтиже сай келмейді. Бұндағы
мәселе мынада: олар өздерін кешегі нұсқаларымен салыс-
тырып, осы тапқан табыстарына мәз болды, ал егер өз-
дерінің мінсіз нұсқасына талпынса, одан да жақсы нәти-
же көрсетіп, панасыз иттер орталығына одан да қомақты
көмек берер еді. Сол сияқты, тағамдардың қауіпсіздігіне
жауап беретін маман СЭС-тің талаптары бойынша емес,
бізде бар HASP-тың талаптарына сәйкестендіріп жасаса,
әлдеқайда көп жұмыс жасалатын еді. Әлгі адамды ертіп
жүріп, минустарды түртіп, көрсетіп шықтым. Ал егер ол
HASP бойынша жасауға талпынғанда,
мен көрсеткен ми-
нустарды өзіне туындаған мәселе ретінде бұрыннан қа-
растырып, барлығын жөндеп қойса, өз жұмысын одан да
жоғары бағалайтын еді. Сондықтан да екінші болмау жо-
лында, не біз өзімізге-өзіміз мәселе тауып аламыз немесе
біздің басымызға өмірдің өзі мәселе «жасап береді». Бұл
«проблемалар» – сізге жоғарыдан сыбырлап айтылып
тұрған ақыл. Ол қайда бару және немен айналысу керек
екенін сілтеп тұр.
ХАЗІРЕТ ӘЛИДІҢ
45
«Егер өзіне-өзің бұл дүниеде есеп
бермесең, о дүниеде есеп бере алмайсың» деген сөзі бар.
Нені меңзеді екен деп ойландым. Ұлы Абай да «Күніне
бір рет болса да, өзіңе есеп беруің керек, болмаса аптасы-
____________
45
Хазірет Әли (шын аты – Али ибн Абу Талиб) – Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с. )
немере інісі, күйеу баласы, сахабасы, әділетті төрт халифаның төртіншісі (656 - 661).
на бір рет, болмаса айына бір рет, болмаса жылына,
тіпті
болмаса, өміріңде бір рет» деген.
Өз өмірімнен мысал келтірейін: алдыңғы жылы інім
Дархан мырза «Сылтау айта берсең, үйренбейсің» деп
мені шаңғы тебуді үйренуге шақырды. Әрине, барғым
келмеді, себебі, экипировкам жоқ, шаңғым жоқ, шаршап
тұрмын деп сылтау айтқым-ақ келді, бірақ қажеттiнiң бар-
лығын жалға алып, баруға бел будым. Дархан мырза мен
Бекбота мырза Шымбұлаққа апарып, ең жоғарғы шыңына
шығарып, қалдырып кетті. Бірінші рет шаңғымен таудан
түскендіктен, әрине,
бірнеше рет құладым, үсті-басым,
киімнің іші түгелдей қар, су болды, біраздан соң аяғым
талды, сондықтан мені құтқарушылар төменге түсірді.
Сол кезде бұл өмірде менен сорлы адам жоқ-ау деп ойла-
дым. Шынымен де, таудың шыңында тұрып, шаңғымен
түсе алмаған кезде, неге бұл мені қолымнан келмеді деп
ойладым. Бірақ, өз-өзіме «шаңғы тебуді үйренемін» деп
сөз бердім. Кешке қалаға түсе салып толықтай экипиров-
ка сатып алдым, шаңғы алдым. Сол күннен бастап амал
жоқтан, намысқа тырысқандықтан, үйрендім.
Google-дан
оқыдым, YouTube-тан бейнероликтер қарадым. Сөйт-
сем, қиын ештеңесі жоқ, тоқтаудың, бұрылудың бірнеше
тәсілі бар екен, соны үйрендім. Егер Дархан мырза тау-
дың шыңында тастап кетпесе, әлі күнге шаңғы тебе ал-
мас едім. Кейін білдім, көп кәсіпкерлер сол Шымбұлақта
кездеседі екен. Негізі, танысқым келіп жүрген,
ойы маған
қызық азамат бар – Айдан Карибжанов. Білесіздер ме,
шаңғы теуіп жүріп, сол адаммен таныстым. Егер, сол кез-
де өз-өзіме проблема жасап алып, он сегіз күннің ішінде
таңғы тебуді үйренбегенімде, қазіргі таңда бұл адаммен
аралас-құралас болмайтын едім, ол адам «Rumi»-ге кел-
мейтін еді. Шаңғы теуіп, бейресми жерде кездескенде де
өзіңнің басқа да әріптестеріңе қатысты көптеген мәсе-
ленің шешімін табуға болады екен. Егер де мен сол кезде
уақтылы, өзіме-өзім «проблема» тауып алмасам, ертең
өмірдің өзі барлығын қиындатар ма еді?