Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет65/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СЕН: 
AВАТАРКАҒА ТОЙДA ТҮСКЕН 
СУРЕТ 
ҚОЮДЫҢ ҚACIPETI 
 
 
     Әлеуметтік желідегі парақшаларыма дос бо- 
луға ұсыныс жіберетіндердің аватаркасын- 
дағы суреттеріне қатты мән беремін. Тойда жүрген, 
үйдің кіреберісінде немесе гараждың фонында суретке 
түскен адамдардың достығын қабылдамаймын. Себебі, 
аватаркасындағы суретін дұрыс қоя алмаған адам, әлі 
күнге дейін өзін таба алмай, сата алмай жүрген адам – 
деген сөз. Ал егер достық ұсынысын қабылдасам, маған 
ол адам қызық болуы керек, парақшасында жазатын, 
бөлісетін мәліметтері көз тарту керек. Оқыған кітап- 
тарымен, алған тәжірибесімен, мамандығының қыр-сы- 
рымен бөлісетін адам қызығушылық тудырады. Мен 
ғана емес, көптеген компаниялар да адамды қызметке 
қабылдамас бұрын, әлеуметтік желіге қарап оның қан- 
дай екенін анықтайды. 
 
     Қазіргі таңда әлеуметтік желінің адам өмірінде, 
қоғамда алып жатқан орны үлкен. Үйден шықпай, әлеу- 
меттік желі арқылы пайдалы пост жазып, әдемі сурет са- 
лып, миллиондап ақша табатын адамдарды білемін. Ал 
біздің көбіміз әлеуметтік желіні уақыт өлтіру үшін пай- 
даланамыз. Досымыз не істеп отыр екен, кім қандай киім 
сатып алды, қайда барды, тағы да сол сияқты. Бірақ, біз- 
ге бұдан еш пайда жоқ. Ал ақылды адамдар, әлеуметтік 
желіні ақша табу құралы ретінде пайдаланады. 
     «Неге әлеуметтік желіден шықпайсың?», – деп маған 
сұрақ қоятындар көп. Егер әлеуметтік желі мен Internet 
болмаса, кәсібім бұндай деңгейге жетпейтін еді. Сон- 
дықтан да жеке брендингке қолайлы құралдың заңда- 
рымен бөлісуді жөн көрдім. 
 


 
148
 
 
     Біріншіден, әлеуметтік желінің этикасын сақта. Әлеу- 
меттік парақша сенің кім екеніңді білдіреді. Онда не- 
гатив шашып, боқтық сөз жазып, өзгелерді сынап оты- 
ратын адамдар өмірде де сондай екенін ғана көрсетеді. 
Өкінішке қарай, көпшілік бұл біреуді жәбірлеуге болатын 
орын, мен бұл жерде жазаланбаймын деп қабылдайды. 
Танымайтын адамдармен сөз таластырып жатады. Шын- 
дығында, оның бәрі сіздің имиджіңізге жұмыс істей- 
ді. Мұндай этикет сақтай алмайтын адам, парақшасын 
бірден өшіріп тастағаны пайдалырақ. Сол сияқты, бір 
адаммен жұмыс істесең, оның бизнесі туралы негативті 
пікірлерге «лайк» баспауға тырыс, оның бәсекелестерін 
мақтаудан тартын. Бұл әдетте адамның жүйкесіне тиеді. 
     Екіншіден, қызықты бол. Онлайн әлем ақпарат тұты- 
нушы мен өндіруші деген екі топқа бөлінеді. Сен жай  
ғана тұтынушы болуды қанағат тұтпа. Джунглиде не сен 
жейсің, не сені жейді. Әлеуметтік желіде не сен оқисың, 
не сені оқиды. Өзгелер қызығатын контент ұсын. Көп 
оқы, саяхатта, блогерлерден фишкаларын үйрен. Парақ- 
шаң өзгелердің постын бөлісу үшін ғана керек пе? Парақ- 
шаң сенің бетбейнеңе айналуы керек. Оған қараған адам: 
«Бұл не деген қызық, әзілқой, білімді азамат, мен оған 
жазылып қояйыншы» – деп ойлауы керек. 
     Үшіншіден, жиі пост жариялап тұр. Оқырман база- 
сын қалыптастырып алғаннан кейін, тіпті қалыптастыру 
барысында, жоғалып кетуге болмайды. «Көзден кетсе, 
көңілден кетеді» деген ұғым әлеуметтік желіге де байла- 
нысты. Тұрақты түрде пост жазу үшін аптасына бір не- 
месе екі рет, қолың босаса күн сайын белгілі бір уақытты 
белгіле. «Сәрсенбі түске дейін бір пост жазамын» деген 
сияқты бұлжымайтын ережең болсын. 
     Төртіншіден, өз бағытынды анықта. Өзіңнің тақы- 
рыбың болсын және ол тартымды жеткізілетін болсын. 
Сауатсыздық, сапасыз фотографиялар, өзгелерді қайта- 
лау сияқты дүниелер – әлеуметтік желің жауы. Максим 
Рожин мен Өркен Кенжебек фотографияға қызығады, 
соның арқасында олардың посттары тартымды. Әлішер 
 


 
Елікбаев жаңа кроссовкасы туралы жазса да, адам қы- 
зығып оқитындай етіп жаза алады. Саяхат туралы жаза- 
тындар бар. Рецепт жазатындар бар. Кино талдайтындар 
бар. Трендтегі тақырыптарды жазып отыруға болады. 
Болмаса, мен сияқты өз бизнесіңді таныстыр. Әйтеуір, 
сені айтқанда бірден адамның есіне түсетін фишкаң бо- 
луы керек. 
     Бесіншіден, пікір жазуды, like басуды ұмытпа. Қанша 
ғажайып адам болсаң да, өзгелер де сенен 1ike күтетіні 
есте болсын. Пікір жазу, жай ғана тамсаныс, болмаса, 
өзіңнің альтернатив пікіріңді ұсыну – адамға өзіңнің бар 
екеніңді еске салып отырудың бір жолы. Өзіңе керек 
адамдарға пікір жазған сайын, оларға өзіңді ұмытуға жол 
бермейсің. «Мен мұндамын!» деген хабарлама бұл. Соның 
арқасында, жаңа таныстарың (ескілері де) сізбен күнде 
көрісіп жүргендей, жақын досындай қабылдап кетеді. 
     Осылай жалғастыра беруге болады. Әлеуметтік желі 
біздің қазіргі шындығымызға айналды. Сондықтан жаңа 
заманда жеңіс туралы айтқанда, оффлайн ғана емес, он- 
лайн брендинг пен құралдар туралы ұмытуға болмай- 
ды. Бұл тақырыпқа арналған кітаптар да соңғы жылда- 
ры жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. 
Қызықсаң, тереңірек ізденуге мүмкіндік толып жатыр. 
Менің айтқым келетіні, әлеуметтік желі – өзіңді жұл- 
дызды блогерге айналдырып, бизнесіңді өрге домала- 
туға септігін тигізетін бірден-бір пайдалы құрал. 
     Қазір «Жарнаманы қалай жасаймын?» деген адамға 
«әлеуметтік желіге бар!» деймін. Ол – телевизиядан да, 
газет-журналдан да қауқарлы құрал, ең бастысы, ешкім 
сізден ақша сұрамайды. Алысқа бармай-ақ, «Rumi» – In- 
ternet арқылы танымал болған мейрамхана. Әлеуметтік 
желілер арқылы жарнама жасадық, бейнемізді қалыптас- 
тырдық, тұтынушыны тартып, қоржынымызды байыттық 
(және соның бәрі тегін!). Тіпті, ең қиын кездерде де, бізді 
осы Internet-тегі коммуникациялық мүмкіндіктеріміз 
құтқарады . Бұл бәлкім, бет-бейнесі бар жалғыз мейрам- 
хана шығар әзірге. Мәзірге WhatsApp нөмірімді жазып, 
 


 
150
 
кез келген қонаққа байланыс үшін ашық екенімнің өзі 
көп адамдардың көңілін аударды. Ал әлеуметтік желілер- 
де тұрақты түрде қонақтарымызбен байланысқа шығып 
отыруым көп дүниені жеңілдетті. 
     Мысалы, қайбір жылы «Rumi»-дің төңірегінде үлкен 
скандал (дау-дамай) болды. Қонақтардың бірі палаудан 
тырнақ шықты деп жариялады, ол әлеуметтік желілерді 
кезіп кетті. Бізде мынадай таңдау болды: ғайбаттады деп 
сотқа беру немесе қонағымызбен сөйлесіп, бәрін бейбіт 
түрде шешу. Соңғысын таңдадық. Ол азаматты «Rumi»- 
ге шақырып, асханамызға шағын экскурсия жасадық. 
Сөйтіп, сақтанатын қауіпсіздік пен тазалық шаралары 
жағдайында тырнақтың тамаққа түсуі мүмкін емесін 
көрсеттік. Бұдан кейін асханадан тікелей трансляциялар 
жасау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Мен осының 
бәрін тәптіштеп пост жаздым. Және қарапайым адамдар- 
дың, қонақтарымыздың қолдауына таңғалдым және риза 
болдым. «Өздеріңе сенімді болсаңдар, сотқа беріңдер. 
Бұл сендерді көре алмайтындардың әдейі жасап жүр- 
гені. Репутацияны қорғау керек» – деді бір ақылшыла- 
рымыз. Бірақ Facebook пен Instagram-ға қарағанда, сотқа 
шағымданудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Репутация- 
мыз орнында екен. Біздің постымызды бөліскендердің 
ішінде «Егер тырнақ палаудың ішінде піскен болса (кейін 
түсіп кетпей), өзімнің 1 000 000 теңгемді берем», – деген 
жігіт бар екен. Сол оқиғадан кейін адамдардың саны да 
арта түсті. Сонда мен онлайн байланыстың қаншалықты 
маңызды екенін кезекті мәрте түсіндім. 
 
 
 
Осы QR-кодты сканерлеп, «Versus» академиясы өткізген «Қазақша 
SMM Әлеуметтік желінің күшін сезін» тренингінің видео нұсқасын 
сатып алсаңыз болады 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет