46. «Қазақстандағы туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбын экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан талдап жазыңыз
Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 19-тармағын; 2018 жылғы 9-10 мамыр аралығында Алматы облысына сапар барысында Елбасы берген тапсырманы, "5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын, атап айтқанда, туристік кластерлерді құрудың табысты тәжірибесі бар стратегиялық (негізгі) инвесторларды тарту шеңберінде индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалдық реформаны іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген экономиканы әртараптандырудың басты бағыттарына және "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығына сәйкес Қазақстанды 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамытудың стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген саланы дамытудың негізгі қағидаттарын ескере отырып әзірленді.
Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі жағдайларында туризм жетекші және қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып келеді. Бюджетке салықтық түсімдердің, шетел валютасы ағынының, жұмыс орындары санының өсуі есебінен туризм экономиканың басты секторларының (көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жаппай тұтынылатын тауарлардың өндірісі) дамуына үлес қосады.
Тиімді геосаяси жағдайда орналасқан Қазақстан қомақты тарихи-рекреациялық ресурстарды әрі әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілерін, бірегей табиғи алуан түрлілікті иелене отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемдік туризм картасында ірі ойыншыға айналуы үшін барлық қажетті алғышарттарға ие.
Алайда, қазіргі уақытта туризм саласының даму қарқыны орташа, ұлттық ауқымдағы әлеуметтік-экономикалық әсері мардымсыз. Қазақстан Республикасына туристік ағынды ұлғайту мақсатында кедергілерді азайту және саланы стратегиялық жоспарлау арқылы саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.
Осы Бағдарлама туристер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік ағынды түбегейлі өсіру, қолайлы туристік ахуал құру арқылы туристік салаға инвестицияларды ұлғайту, ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету, елдің туристік саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік көрсетілген қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ халықтың өмір сапасының деңгейін арттыруға бағытталған.
Бұл ретте, Бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңіндегі мемлекеттің белсенді рөлі бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту және арттыру үшін сала субъектілеріне қажетті қолдауды етеді.
Бағдарламаны қабылдау отандық туристік саланың тиімді дамуы үшін қажетті жағдай жасайды және 2025 жылы ЖІӨ құрылымында 8 %-дық үлеске қол жеткізу міндеттеріне жетуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жағдайды талдау және Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында саланың негізгі проблемалары айқындалды және Мемлекеттік бағдарлама арқылы шешілуі тиіс басты міндеттер анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |