тапсырмалары.
(Орындауға берілетін уақыт 180 минут). 35 балл.
№11-1-5 балл.
Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 17,8 болатын этан мен бутан
қоспасы берілген. Қоспаның 20 мл үлгісін 500 мл ауамен қосып эвдиометрде
(жабық ыдыста) жарған. Осы кезде түзілген газдар қоспасының проценттік
құрамын анықтаңыздар. Егер реакцияға дейін жағдай қалыпты болған болса,
онда реакциядан кейін эвдиометр ішіндегі қысым қалай өзгереді?
№11-2-6 балл.
Жалпы көлемі 15,68 л (қ.ж.) метан, көмір қышқыл газы және иіс газының
қоспасын артық мөлшерде алынған калий гидроксиді ерітіндісі арқылы
өткізгенде қоспаның бастапқы көлемі 8,96 л (қ.ж.) дейін кеміген. Қалған
қоспаны толық жағу үшін 6,72 л (қ.ж.) оттек қажет болған. Бастапқы
қоспадағы компоненттердің көлемдік үлестерін анықтаңыздар.
№11-3-7 балл.
Құрамында 5,00 г натрий және калий хлоридтері қоспасынан тұратын
ерітіндіні құрамында 27,2 г күміс (I) нитраты бар ерітіндімен қосқан.
Түзілген тұнбаны бөліп алып, ерітіндіге мыс сымды салғанда 2,54 г мыс
ерітіндіге ауысқан. Бастапқы қоспадағы хлоридтердің массаларын
анықтаңыздар.
№11-4-8 балл.
Келесі өзгерістер тізбегіне сәйкес химиялық реакция теңдеулерін
жазыңыздар:
Белгісіз қосылыстарды анықтаңыздар және олардың құрылым формулаларын
салыңыздар.
№11-5-9 балл.
Ауадан аздап жеңіл, иісі жоққа тән түссіз А газы палладий және мыс
хлоридтері қатысында оттекпен тотыққанда В қосылысы түзіледі. В затының
буларын сутекпен бірге қыздырылған никель катализаторы үстінен
өткізгенде нашақорлық әсері (наркотическое) С қосылысы түзіледі. В заты
мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде судағы ерітіндісі қышқылдық
қасиеттер көрсететін Д заты түзіледі. А, В, С және Д заттарының
формулаларын анықтап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Табыс тілейміз!
Cl
2
Mg 1) СН
2
О СuО Ag(NH
3
)
2
OH HCl Cl
2
NH
2
(изб)
С
2
Н
6
А
В С D E F G Н
свет эфир 2) Н
+
t свет
Достарыңызбен бөлісу: |