2023-2024 оқу жылы
10 сыныпқа арналған мектепішілік олимпиадасының теориялық тур
тапсырмалары.
(Орындауға берілетін уақыт 180 минут). 35 балл.
№10-1-5 балл.
Толуолды калий перманганатымен бейтарап ортада тотықтырғанда марганец
диоксиді және бензой қышқылы түзіледі. Марганец диоксидін қышқыл
ортада тотықсыздандыру үшін 60,8 г темір (II) сульфаты жұмсалған. Барлық
перманганат тек толуолды тотықтыру үшін
жұмсалады деп санай отырып,
түзілген бензой қышқылының мөлшерін табыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: