Воспитательная:
Сабақтың жабдықтары:
Оснащение занятия:
Пәнаралық байланыс: Әлеуметтану
Межпредметная связь:
Пәнішілік байланыс: Коммуникативтік дағдылар
Внутрипредметная связь:
Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы
Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия
|
Сабақ бөлімдерінің атауы
Название раздела занятия
|
Уақыт тәртібі
Временной режим
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Организационная часть
|
2 минут
|
2
|
Оқытушының кіріспе сөзі
Целевая установка занятия
|
3 минут
|
3
|
Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме
|
25 минут
|
4
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Изложение нового материала
|
40 минут
|
5
|
Жаңа тақырыпты бекіту
Закрепление новой темы
|
10 минут
|
6
|
Баға қою
Выставление оценок
|
5 минут
|
7
|
Үй тапсырмасы
Домашнее задание
|
5 минут
|
Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия
1. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен сәлемдесу, отырғызу, жоқ студенттерді белгілеу, сабақты босату себептерін анықтау.
Организационная часть.
2. Оқытушының кіріспе сөзі. Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі. Студенттерді әртүрлі жағдайларда науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнатуына қажетті дағдыларды қалыптастыру және дамыту, медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия.
Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)
3. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
1. Коммуникация дегеніміз не?
2. Коммуникативтік үрдіс, дағдылар туралы түсінік.
3. Мейірбике қызметіндегі коммуникациялық дағдылардың маңыздылығы.
4. Коммуникатор, коммуникант дегеніміз кім?
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Изложение нового материала.
Мейірбикенің коммуникативтік құзіреттілігі.
Жоспар:
Коммуникативтік құзіреттілік дегеніміз не?
Императивті қатынас және диалогтық қатынастың айырмашылықтары.
Мейірбикенің коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыратын психологиялық қасиеттер.
Аффилиация, эмпатия, эмоционалды тұрақтылық, сезімталдық, рефлексияға анықтама беріңіз.
Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын , қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады, яғни бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Императивті қатынас және диалогтық қатынастың айырмашылықтары.
Медициналық қызметкер – науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог. Императивті қатынас – науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі – науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары – бұйрық, нұсқау, талап.
Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда, команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және талапты орындату. Дәрігер – науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.
Диалогтық қатынаста науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:
Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
Науқас ықпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
Науқасты өзіне тең деп сесптеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) – қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |