Сонымен бірге Бұрындық хан мен Жәнібек хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақынд
Сонымен бірге Бұрындық хан мен Жәнібек хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады.
Сонымен бірге Бұрындық хан мен Жәнібек хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады.
Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша, қазақ қоғамындағы хандық әулет ішінде бір біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XV ғасыр соңында Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандықтың сыртқы саяси жағдайына әсерін тигізеді.
Бірақ қалыптасқан жағдай Бұрындыққа абырой әкелмейді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орнына, керісінше олардың бір-біріне қарсы тұруына, ол күштердің бірінде өзі болуы – оның беделінің құлдырауының басы болды. Бұрындық хан өмірінің қайғылы жағы да осында еді.
XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті.
Ол оқиға тағы да Мұхаммед Шайбани хан есімімен байланысты еді. 1500- жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтан айналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мауреннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды.
Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді. Әбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады.
Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан аймағын Мауреннахрға қосу жатты.
Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағдырыәркімге де тарихи сабақ бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ хандықтарының құрылуы. Қазақ халқының қалыптасып болуы. Бұрындық хан туралы // Қазақ ССР тарихы.- Алматы, 1957.
XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.