Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Менеджмент (ағылшыншамanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1] “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандырусияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 –1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.[2][3]
Нарықтық экономикадаменеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша,менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау: