Схема 1 Схема 2 Схема 3 Схема 4
3.4-сурет. Жүк пойызының жолаушылар пойыздарының
пакетімен айырылысуы
Есептеулер нәтижелері мен түзетулер есептеулер мұрағатына
жазылады және кейін оны автоматты түрде сызу үшін парақты
құрастыру кезінде ПҚК-не қосылады.
Жасалған кесте ақпаратын пайдалана отырып, төмендегілерді
орындауға болады:
жүк және жолаушылар пойыздары кестелерінің қызметтік
кітапшалары;
пойыздардың жеке бекеттері бойынша жүру кестесі;
локомотивтер айналымы ведомствосының ақпарат кестесі;
түйіспе бойынша пойыздар кестесін келісу хаттамасы;
кесте көрсеткіштерінің есебі.
Локомотивтер айналымдары мен локомотив бригадалары
жұмыстарыныц кестелері қолмен немесе ЭЕМ-да ПҚК-мен бір-
уақытта кұрастырылады (3.5 сурет).
3.5-сурет. Жүк пойыздарын орналастыру және бір жолды учаскедегі локомотивтер айналымдарының сұлбасы
Оларды кұрастырудың бастапқы деректері:
пойыздардың қозғалу кестесі;
локомотивтер айналымдары мен локомотив бригадалары жұ-
мысының сұлбасы;
локомотивтер мен локомотив бригадаларьгаың техникалық
бекеттерде болу нормалары;
локомотивтердің техникалық қызмет көрсету үшін TO-2-re
кіру айналым және қайта тізбектеу пункттері бойынша жабдықтау
кезеңділігі.
Пойыздарды тең құқылы кестелер бойынша жөнелту кезін-
дегі локомотивтер айналымының кестесі локомогивтердің айна-
лымның әрбір бекеті келесі принциппен құрылады: бірінші келді
- бірінші болып жөнелтілді.
Жұпсыз қозғалыс кезінде локомотивтер резервпен жөнелті-
леді (артық болғанда) немесе қосымша жіберіледі (жетіспеген
жағдайда).
ПҚК-де түракты бөлік (өзек) ерекшеленген жағдайда локомо-
тивтер барлық түрлерге жоспарлы тексерістер мен жөндеулерді
белгілеуді ескеріп, кажетті алмастыру мен парктерді резервтей
отырып, тек кана «өзек» пойыздарына қызмет көрсету бойынша
бір топқа байланады.
Пойыздарды кестеде сұлбалык орналастырудың және олар-
ды жоларалык түйіспе пункттер бойынша жіберу нүктелерін ке-
лісудің бағдарламалық-техникалык кешені (БТК) келісу уақытын
6-дан 3,5 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
ПҚК күрастырудың қазіргі орталықтандырылған жүйесі (ПҚК
ҚОЖ) келесі негізгі принциптерге негізделеді:
желі деңгейінде ПҚК жасауды орталықтандыра басқару, бас-
тапқы нормативті ақпаратты дайындау (БНА) және кесте тіндерін
жол деңгейінде тікелей орналастыру;
БНА бірыңғай электронды қорын, деректерді жіберудің ке-
лісілген форматтарын (электронды құжаттардың) және ПҚК жа-
cay үрдісінің барлық қатысушылары үшін клиент-серверлік архи-
тектура және оның нормативті қорын жасау;
ақпаратты жіберу және ПҚК жасау және келісу міндеттерін
шешу үшін байланыстың қолданыстағы және болашақты арна-
ларын және катысы бар мамандарды жұмыс орындарынан үзбей
оның нормативті қорын пайдалану;
жұмыстар барысын жедел бақылау және ресурстарды оң-
тайлы бөлу үшін желілік жоспарлау және ПҚК жасау үрдістері
мен оның нормативті корын басқару әдістерін колдану;
желілік деңгейде жолаушылар және арнайы жүк пойызда-
ры қозғалыстарының сұлбалық кестелерін алдын-ала құрастыру
есебінен жол деңгейінде жұмыстарды орындаудың максималды
параллельдігін сақтау.
ПҚК ҚОЖ келесі негізгі міндеттердің шешілуін қамтамасыз
етуі тиіс:
пойыздардың барлық категориялары кестесінің тіндерін
төсеу туралы өтінімдер алу және өндеу;
нормативтер мен ПҚК элементтерін есептеу үшін бастанкы
деректерді жинау, өңдеу және талдау;
ҚР теміржолдарының күллі желісі үшін нормативтер мен
ПҚК элементтерін есептеу;
Қазакстан теміржолының күллі желісінде барлык катего-
риялардың ПҚК құрастыру;
жасалған және бекітілген ПҚК “Тасымалдарды басқару”
орталығына және темір жолдарға орындау үшін жіберу;
құрастырылған ПҚК нұскаларының техникалық-экономика-
лық көрсеткіштерін есептеу;
саланың шектес акпараттык және басқару жүйелерімен элек-
тронды ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру;
-ПҚК парақтарын, қызметтік кесте кітаптарын және басқа да
нормативті-анықтамалық материалдарды тираждауға дайындау.
ПҚК ҚОЖ міндеттерінің бірінші тобына нормативті құжат-
тарды, жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалу кестесін
жасау үшін талап етілетін ведомстволардың электронды кіріс
формаларын қарау, талқылау, келісу және бекіту кіреді.
Бірінші топтың міндеттерін орындау жолаушылар пойызда-
рының қозғалу кестесін жасауға арналған қажетті нормативті
құжаттаманы дайындаумен аяқталады.
Ол жолды басқару департаменттері мен қызметтері арасын-
дағы өзара әрекет ету деңгейінде жүзеге асырылады.
Бекітілген нормативті база кестедегі жолаушылар пойыз-
дарын сүлбалық орналастыру және оларды жоларалық түйіспе
пункттері бойынша жіберу нүктелерін келісу БТК-на және АЖО
технолог-графисттердің БТК-на енгізіледі.
ПҚК ҚОЖ міндеттерінің екінші тобы әртүрлі категориялы
жолаушылар және жүк пойыздарының кестелерін жасау және
оларды мемлекетаралық, жоларалық және бөлімшелераралык
түйіспе пункттер бойынша келісу сұрақтарын біріктіреді.
Міндеттердің екінші тобын шешу аймақтық, ал кей кезде,
желілік бейнеконференциялар өткізу қажеттілігін туғызады және
оған келесі кезеңдер кіреді:
темір жол аймағы бойынша жолаушылар пойыздарын орна-
ластыру сүлбасын келісу; жұмыс комиссиясының сұлбасын бекіту
және темір жолдарға, технолог-графистердің АЖО олардың
кестелерін потальды орналастыру үшін жолаушылар пойызда-
рының жоларалық түйіспе пункттер бойынша өтудің бақылау
нүктелерін беру. Нәтижелері, бейнеконференциядағы баяндама-
дан кейін, жұмыс комиссиясымен бекітіледі. Жоларалык түйіспе
пункттер бойынша өту нүктелері белгіленген формадағы хатта-
малармен рәсімделеді, электронды пошта бойынша ОД, ОЖ және
қатысы бар темір жолдарға жіберіледі және болашақта өзгертуге
болмайды;
ретті айналымға ие арнайы жүк пойыздарының (контейнер-
лік, контрейлерлік және басқалар) кестелерін кұрастыру жолау-
шылар пойыздарын орналастырумен біруақытта жүргізіледі. Осы
пойыздардың келісілген қосалқы бекеттік кестелері тасымалдар
қызметтеріне және қатысы бар темір жол және бөлімшелердің
тасымал бөлімдеріне, сонымен қатар, ОКҚЖ мен КҚЖ-нің жол
орталықтарына электронды пошта бойынша жіберіледі.
технолог-графистердің орындарда жоларалық түйіспе пункт-
тер бойынша өту нүктелерін және келісу хаттамаларын электрон-
ды пошта арқылы ОД-ға және темір жолдардағы тасымалдар
қызметіне жібере отырып, жүк пойыздарының қозғалыс кестесін
құрастыруы;
салмағы мен үзындығы артылған жүк пойыздарының кес-
телерін ПҚК-де олардың жіберілуін үйымдастыруға мүмкіндік
беретін тіндерді таңдау жолымен келісу. Осы кестелерді келісу
үшін ұзақтығы үлкен полигондарда бейнеконференция жүйесі
қолданыла алады.
ПҚК ҚОЖ міндеттерінің үшінші тобына ПҚК құрастыру
нәтижелері бойынша қорытынды деректерді есептеу және элек-
тронды шығыс әрбір темір жол бойынша жасалған ПҚК-де
алынған формаларды сандық, сапалық және экономикалық көр-
сеткіштер бойынша құрастыру кіреді.
Міндеттердің үшінші тобының шешімі ПҚК сандық және
сапалық көрсеткіштерін есептеуді тексерумен және бейнекон-
ференциялар режимінде қорытынды деректерді нақтылаумен
аяқталады.
ПҚК ҚОЖ-де теміржол көлігінің әртүрлі бөлімшелеріне нақ-
ты қызметтер бекітілген.
ПҚК ҚОЖ регламенті есептеу техникасының құралдарын
пайдалана отырып, дербес, аймақтық және желілік бейнеконфе-
ренцияларды барлық бейнеконференцияға қатысушылардың қа-
шықтықтағы терминалдардан деректердің жалпы компьютерлік
базасына қатынауды кешенді пайдалану жолымен міндеттерді
шешуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жүктер тасымалдарын жоспарлаудын
автоматтандырылған технологиясы
Жүк тасымалдары саласындағы компьютерлік технология-
ларды жүзеге асыру кезеңдерінің бірі 1998 ж. фирмалық көліктік
қызметтің автоматтандырылған кешенді жүйесінің (ФКҚАКЖ)
қолданысқа енгізілуі болды.
ФКҚАКЖ-нің мақсаты бүгінгі күнгі есептеуіш техника-
ны, жобалаудың тиімді әдістерін пайдалану және саланы ақпа-
раттандырудың бірыңғай саясатымен сәйкес ақпаратгық-басқару
жүйелерді енгізу негізінде теміржол көлігі клиенттерінің талап-
тарының орындалуының ақпараттық-технологиялық қамтама-
сыздығы болып табылады.
Ақпараттандыру нысандары фирмалық көліктік қызмет көр-
сету жүйесінің (ФКҚЖ) қызмет етуін қамтамасыз ететін бөлім-
шелер мен күрылымдар болып табылады.
ФКҚАКЖ келесілер үшін деректерді дайындау, енгізу және
жіберу күралдары кіреді:
автоматтандырылған режимде жүк тасымалына сұраныстар
күрастыру;
электронды тасымалдау кұжаты және оған ілесетін хабар-
ларды құрастыру;
электронды алмасуды пайдалану арқылы ФКҚЖ құжат-
тары мен хабарларының қолданыстағы автоматтандырылған жү-
йелерге қатынауы;
машиналық тасымалдағышта тіркей отырып және құрыл-
ғыға көрсету мен басуды беру мүмкіндігімен барлық жіберілетін
хабарларды есепке алу, мұрағаттау мен бақылау.
ФКҚАКЖ-де жүзеге асырылған негізгі принциптер келесілер:
фирмалық көліктік қызмет көрсету қызметтерін орындауға
бейімдеу;
тасымалдау кұжаттарын қағазсыз рәсімдеу және орнын
ауыстыру технологиясын пайдалану;
жүк иелерінің электронды жүйелерімен автоматтандырыл-
ған әрекет ету;
заңды және қүқықтық мәселелерді шешу, оның ішінде, элек-
тронды құжаттарға заңды мәртебе беру;
бірыңғай технологиялық шешімдер және стандартты бағ-
дарламалық құралдар негізінде технологияларды бірыңғайлау;
ФКҚЖ ақпаратын желілік деңгейдегі деректер банкіне
шоғырландыру;
басқарудың жол деңгейі үшін «желілік» банк фрагменті
ақпаратын нақтылау;
сақтау мерзімдерін ескере отырып, электронды мұрағаттар
жасау;
ақпаратты заңсыз қатынаудан қорғауды қамтамасыз ету;
бар құралдар мен сызықтық жол және желілік деңгейлерде
деректерді жіберу жүйелерін максималды пайдалану;
бар ақпараттық-технологиялық шешімдер мен бағдарлама-
лық құралдарды пайдалану.
ФКҚАКЖ-не келесі ақпараттық ішкі жүйелер кіреді:
нормативті-анықтамалықтық,
маркетингтік,
тасымалдардың келісілген талаптары бойынша шарттар жа-
сау,
өтінімдер жинау және жүктер тасымалдарын жоспарлау,
тасымалдау құжаттары мен кассалық-қаржылық операция-
ларды рәсімдеу,
тасымалдау талаптарының сақталуын бақылау.
Нормативті-анықтамалық ішкі жүйе ФКҚЖ қызметінің
барлық аспектілерін қамтамасыз етуге арналған нормативті-
анықтамалық құжаттар деректерінің банкі болып табылады
(теміржол көлігінің субъектілері, қызметтер пайдаланушыла-
ры, ҚР әкімшіліктік-аумақтық бөлінуі, жүктер мен жылжымалы
құрам түрлерінің номенклатурасы және т.б.) және классифика-
торлар, тізімдер мен сөздіктерден тұрады.
Маркетингтік ішкі жүйе ФКҚЖ-нің барлық құрылымдық
бөлімшелерінің ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді және
міндеттердің үш кешенін шешеді:
көлік қызметтерін өткізу нарығы, оның даму болжамы, co-
нымен қатар, клиентура қажеттіліктерін зерттеу бойынша дерек-
тер қорларының жинау және автоматтандыру жүйесін жасау;
жүк тасымалымен байланысты және барлық ішкі жүйелер
пайдаланатын нормативті-техникалық құжаттаманың деректер
қорын қолдау;
жасалған шарттардың орындалуын талдау.
Шарттарды жасаудың ішкі жүйесі келесілерді қамтамасыз
етеді:
клиент тапсырыс берген қызметтердің шарттық талаптарын
құжаттық рәсімдеу, оның орындалуы жүйемен кепілдендіріледі;
клиент тапсырыс берген қызметтердің клиент анықтаған
мерзімдерде кепілді орындалу мүмкіндіктерін ФКҚЖ-нің барлық
қатысушыларымен келісу.
Өтінімдерді жинау және жүктер тасымалдарын жоспар-
лаудың ішкі жүйесі келесі қызметтерді жүзеге асыруға арнал-
ған:
клиентке ыңғайлы кез-келген орында өтінішті қабылдау
және рәсімдеу;
ФКҚЖ-нің барлық деңгейлерінде тапсырыстар деректерінің
базасын құрастыру;
ФКҚЖ субъектілері арасында әрбір өтінімді орындау талап-
тарын жедел келісу;
клиент алдындағы міндеттемелердің кепілді орындалуын
ескере отырып, тасымалдар жоспарларын құрастыру.
Тасымалдау құжаттары мен кассалық-қаржылық операция-
ларды рәсімдеудің ішкі жүйесі қамтамасыз етеді:
тасымалға электронды жүкқұжат құрастыру және оны басып
шығару;
тасымалдар жоспарының, тыйымдар, клиентпен қаржылық
есеп-айырысудың болуын тексеруді қосқанда, станцияға жүкқұ-
жатты (электронды жүкқұжат) визалау және жіберу;
өткізу төлемін, қосымша қызметтерді бағалау, клиентке
анықтама мен төлем құжаттарын құрастыру;
орталықтандырылмаған клиентпен есеп-айырысулар дерек-
терінің базасын жүргізу, төлемнің түсуін бақылау;
есепке алу және есептік деректер базаларында тиеу нәти-
желерін тіркеу және ақпаратты жол деңгейі жүйелеріне жіберу
және т.б.
Тасымал талаптарының сақталуын бақылаудың ішкі жүйесі
келесілер үшін арналған:
Қазақстан және ТМД елдері жолдарында жылжымалы құрам
иесі мен оның жағдайын (бос/жүк тиелген) көрсете отырып, жүк-
терді, контейнерлерді, вагондар мен пойыздарды дислокациялау
туралы ақпарат үсыну;
Қазақстан мен ТМД елдері жолдарынан жүктер, контей-
нерлер, вагондар мен пойыздардың өту тарихы туралы деректер
құрастыру;
тасымалға қатысушыларға жүктер, контейнерлер, вагондар
мен пойыздардың болашақтағы жүрісі немесе тасымалдың аяқ-
талғандығы туралы болжамдар беру және хабарлау;
диспетчерлік аппаратқа жүру жолындағы кідірістерді жою
бойынша ұсыныстар жасау.
ФКҚАКЖ клиенттердің әрқайсысына электронды төлкұжат
құрастыруға және маңызды күйде сақтауға мүмкіндік береді,
онда күллі қажетті аналитикалық ақпарат бар: тапсырушы көлік
қызметтерінің қай түрлерін пайдаланған (немесе пайдалану-
ды қалайды), жүк операцияларын орындауға арналған өзіндік
материалдык базаның құрамы, оның бәсекеге қабілеттілік деңгейі
және басқа да мәліметтер.
ФКҚАКЖ қызметтік дамытудың қол жеткізілген деңгейі жүк
жөнелтілгенге дейін теміржол көлігінің нақты пайдаланушысы-
мен төмендегілерді косқанда, өзара қатынасудың барлық талап-
тарын бақылауға мүмкіндік береді:
клиенттің төлеу қабілеттілігі;
тасымалға шарт жасау;
тасымалдың қаржылық талаптары;
жүктің аталмыш түрін тасымалдауға белгілі бір шектеулер
немесе тыйымдардың болуы және т.б.
Әртүрлі аналитикалық анықтамалар алу үшін, сонымен қатар,
ФКҚЖ-де маркетингтік зерттеулер өткізу үшін экономикалық
ақпараты бар MEO және сыртқы жүйелердің ақпараттық қойма-
ларының мәліметтері пайдаланылады.
ФКҚАКЖ теміржол көлігіне бұрын енгізілген автоматтан-
дырылған жұмыс орындары мен ішкі жүйелерді пайдалану-
мен қатар, ФКҚЖ пайдаланушылары мен сырткы электронды
ақпараттық базаларға бейімделген жаңа бағдарламалық кешен-
дерді пайдалану негізінде түрғызылған.
ФКҚЖ мамандарының жұмысын тиімді қолдау мақсатымен
жасалған автоматтандырылған жұмыс орындарының санына
жүктер тасымалын жоспарлау бойынша ЖТЖ АЖО автомат-
тандырылған жұмыс орны жатады.
ЖТЖ АЖО жоспарлау бөлімі жұмысшыларының еңбегін
автоматтандыруға арналған, олардың міндеттеріне жүктерді
тасымалдаудың айлық жоспарларын кұрастыру кіреді. ЖТЖ
АЖО кабылданған өтінімдер және алдыңғы кезеңдердегі жүктер
тасымалдарының көлемдері туралы есептік деректер негізінде,
жол болжамы мен жүктер тасымалына оргалықтың қосылуын
ескере отырып, жүк тасымалдарының жоспарланып отырған
көлемі туралы ақпараттын ұсынылуын камтамасыз етеді. ЖТЖ
АЖО тағайындалуы:
жоспарлау бөлімдері жұмысшыларын жүк жіберушінің
жүк тасымалына берген өтінімдері негізінде жоспарланып отыр-
ған жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен камтама-
сыз ету;
жоспарланып отырған айға тағайындалу жолдары мен жыл-
жымалы құрам түрлері бойынша жиынтық жоспарды күрастыру
мүмкіндігін ұсыну;
орталықпен деректер алмасуды ұйымдастыру;
орталыққа қосылуды ескере отырып, жиынтық жоспар мен
тағайындалу жолдары мен жылжымалы құрам түрлері бойынша
жоспармен жұмыс жасау мүмкіндігін ұсыну;
жоспарланып отырған айдағы жүктер тасымалының көлемі
бойынша анықтамалардың кең тізімін дайындау;
жоспарлар жобалары мен бекітілген жоспарлардың экранды
және баспа формаларын күрастыру;
ГУ-12 формалары макеттерін құрастыру және айлық жос-
парлау тапсырмасына mainframe-re жіберу.
ЖТЖ АЖО негізгі кызметтері келесілер:
айлык жоспарлау;
есептерді күрастыру;
анықтамалар алу;
жедел жоспарлау,
бекітілген жоспар негізінде макеттер құрастыру және ма-
кеттерді ДИСКОР-ға жіберу. Бір айға жүктер тасымалдарын жоспарлау үрдісінде тасы-
малдар жоспарының жобасымен жэне бекітілген жоспармен негізгі жүмыс орындалады (3.6 сурет).
ФК қшк
Фккж
Тапсырыстар
Қарасіы*
рылган
гапсырысгар
Қарасш-
рьиігам
штсырыстар
го-ю,
ЦО-29
шнды
өтіяіштер
Қорьпынды
етіиіштер:
жоба
жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |